Ғылыми жоба тақырыбы: «Кока-кола мен энергетикалық сусындардың зияны»

340

 

Ғылыми жоба тақырыбы: «Кока-кола мен энергетикалық сусындардың зияны»

 

«Кока-кола мен энергетикалық сусындардың зияны» ғылыми жобасының

Мазмұны:

І. Аңдатпа

ІІ. Кіріспе

Қазіргі таңдағы адамзат пайдаланатын сусындар

ІІІ. Негізгі бөлім

  1. Кока-коланың пайда болу тарихынан
  2. Кока-коланың және энергетикалық сусындардың адам ағзасына зиянды әсері туралы
  3. Кока-коланың және энергетикалық сусындардың құрамы
  4. Кока-коланың басқа да қасиеттері

ІV. Қорытынды

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі

 

І. Аңдатпа

Бұл жоба бүгінгі күнде халық көп пайдаланатын және адам ағзасына зиянды –  кока-кола мен энергетикалық сусындардың зиянын зерттеуге арналған.

Бүл күндері кока-кола мен энергетикалық сусындарды көптеп пайдалану адамзаттың түрлі дертке шалдығуына себеп болуда. Себебі, оның құрамында біз біле бермейтін түрлі қоспалар кездеседі. Ол адам ағзасын әлсіретіп, денедегі қан айналымын бұзып, ас қорыту жүйелеріне кері әсер етіп, түрлі ауруларға жол ашып береді. Қазақта «Дені саудың – жаны сау», «Бірінші байлық – денсаулық» деген жақсы мақалдар бар. Бұл ұлы сөздердің тереңіне үңілсек, бізге, яғни адам баласына денсаулықтан қымбат, денсаулықтан қадірлі еш нәрсе жоқ екенін түсінеміз. Олай болса, сау қылып жаратқан он екі мүшемізді өз қолымызбен ауруға апармайық.

Қазіргі кезде белең алып бара жатқан балалардың арасындағы семіздік ауруының да басты себебі – тез дайындалатын және тез жеуге арналған тағамдар. Бұл ғылыми түрде  «фаст-фуд» деп аталатын ағылшын термині. Оларға гамбургер, хотдог, пицца және олармен қоса пайдаланатын түрлі сусындар жатады. Осы «фаст-фуд»-тың кесірінен дүниежүзінде миллиардтаған адамдар ас қорыту жүйелерінің түрлі ауруларынан азап шегіп, өмірден өтіп жатыр. Олай болса, бұл

Жобаның басты міндеті

кока-кола мен  энергетикалық сусындардың құрамындағы заттар мен олардың адам денсаулығына  келтіретін зиянын көрсету. Оларды күнделікті өмірде қолданудың аса қауіптілігін дәлелдеу.

Жобаның мақсаттары

өсіп келе жатқан ұрпақтың қандай сусындарды пайдаланып жүргенін анықтау; олардың адам ағзасына келтіретін зиянын зерттеу; келтірілген зияндармен күресу жолын іздеу.

Зерттелетін зат«Кока-кола» сусыны мен «Диззи», «Питбуль» энергетикалық сусындары

 

ІІ. Кіріспе

Қазіргі таңдағы адамзат пайдаланатын сусындар

Бұрын қазақтардың өмір сүру ортасы, мәдениеті мүлде бөлек болатын. Қазіргідей, шаң мен газ басқан қалада тұрған жоқ, даланы, табиғат аясын мекен етті. Олар суыққа да, ыстыққа да шыдамды болады. Ол үшін, әрине, энергия қажет. Сол энергияның негізін олар етті, майлы тамақтан алып отырды. Бірақ үнемі қозғалыста жүретін олардың ағзасында бұл ауыр тамақтар тез қорытылып кететін.

Қазіргі жағдай мүлде бөлек. Басқаша айтқанда, жаңа өмірге бейімделіп жатырмыз.  Яғни, өмір сүру ортамыз энергияны аз жұмсауға негізделген. Қимыл-қозғалысымыз азайды, артық энергияны қажет етпейтін болдық. Бала күнімізде әжелеріміз «аталарың бір қойдың етін жалғыз өзі жейтін» деп айтып отыратын. Соның сыры, міне, осында. Қаншалықты энергияны көп жұмсасаң, тәбетің соншалықты ашылады.

Сонымен, отырықшылыққа көшумен қазақ халқының тұрмыс-салты өзгерді. Қимыл-қозғалыстың азаюынан семіздік дерті белең алды. Оның тигізетін зардабы өте көп. Қан тамырлар бітеліп, қан қысымы жоғарылайды. Қатерлі ісік, жүрек-қантамыр аурулары, қан диабеті көбейіп жатыр. Семіздікпен бірге инфекциялы аурулар созылмалы сырқаттар да келді.

Ата-бабамыз етті көп жеген, деп, етті артығымен жеу, дәрумендердің жетіспеушілігіне әкеледі. Ол өз кезегінде ағзаның қорғаныс қабілетін әлсіретеді.  Жалпы дұрыс тамақтанбау – қоғамдағы аурулардың 60 пайызының негізгі себебі болып табылады.

Кеңес одағы біздің халықты қалай тамақтануға үйретті. «Алдымен салат же, одан соң сұйық тамақ, кейіннен қою тамақ, ең соңынан шәй, компот іш» деді. Одақ бойынша барлық асхана, мейрамханалар міне осы тәртіпті ұстанды және әлі күнге бұлжытпай орындап келеді. Бұл тамақтанудың ең қате түрі. Салат асқазанда сілтілік ортаны қалыптастыратын нәрсе. Асқазан сөлі салаттан кейін ет сияқты қою тамақтарды қорытуға шамасы келмейді. Қорытылмаған астың бәрі асқазанда жатып қалады да түрлі аурулар пайда болады. Ет жеген соң газды минералды су ішу өте үлкен қателік. Газдалған су асқазандағы еттің сыртына айнала жабысып алады да оның қорытылуына бөгет жасайды.

Қазір де кез-келген дүкенге бас сұқсаңыз сусынның неше түрін көресіз. «Кока-кола», «Спрайт», «Фанта» секілді газдалған және энергетикалық сулардан көз сүрінеді. Ғалымдардың айтуынша газдалған сусындарды шамадан тыс тұтыну бауыр ауруларына әкеп соқтырады. Тәтті газдалған сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көп теген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың бүкіл түрлері қолданылған. Яғни сусының дәмін, иісін, түсін жақсарту үшін.

Бүгінде дүкен сөрелерінде самсап тұрған «қуаттандырғыш» сусындар үлкен сұранысқа ие. «Еңбектеген баладан, еңкейген кәрінің» аңсарын арбап, көзжауын алған сиқырлы сусын иісі мұсылманның қасиетті зәмзәм суын жолда қалдырып, көпшіліктің шөл басарына айналған. Әсіресе, жас-өспірімдер жарнамадағы «қуат береді» деген сөзге арбалып, күнделікті өмірде денсаулықтарына аса зиян сумен тамағын жібітіп, шөліркеген көңілге азық етіп жүр.

Еліміздің нарығында «Дизи», «Редбул», «Монстер» секілді энергетикалық сусындар ашықтан-ашық сатылуда. Жастар да, мектеп оқушылары да осы бір «сиқырлы сусынға» әуестеніп алған. Себебі, оның жарнамасы керемет. Ұйқыны ашып, күш беріп, сергек жүруге көмектесетін сусын әсіресе балалардың ағзасына өте зиянды. Оған дәлел, энергетикалық сусындарды жиі пайдаланатын мектеп жасындағы балаларды тексергенде, олардың бауыры 35 жастағы маскүнемнің бауырымен бірдей болатындығы анықталды. Бұл улағыш сұйықтықты балалар көп ішсе, жастайынан түрлі ауруларға шалдығады екен. Жүрек дертіне, жүйке жүйесі, асқазан, бауыр, тіпті қатерлі ісікке апаратын мұндай сусындарды пайдаланбаған жөн. Бұл сусындар бастапқыда спортпен шұғылданатын адамдарға белгілі бір күш-жігер қажет болғанда қолдану үшін ұсынылған болатын. Алайда, аталған сусынды жиі пайдаланғандардың ойлау қабілеті тежелетіндігі анықталды.

Біздің елімізде де осындай шырындар нарығы қарқынды дамып келеді. Осыдан барып, панкреатит, қарын асты безінің ауруы пайда болады. Бұл аурулардың қаншалықты қиын да

қияметі көп екенін білсе де қазіргі заманда еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін көптеп  пайдаланып келеді. Олай болса, солардың ішіндегі «Кока-кола» мен «Энергетикалық сусындардың» құрамы, жасалу жолдары мен адам ағзасына әсері, тұрмыста қолданылуына тоқталып кетсек.

 

ІІІ. Негізгі бөлім

  1. Кока-коланың пайда болу тарихынан

Кока-Кола алькагольсіз сусыны 1886 жылдың 8 мамырынан күні Америкада, Атланта қаласында пайда болды. Ойлап тапқан Джон Пембертон еді. Сусынның атауын көркем жазуды меңгерген Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон, осы уақытқа дейін сусынның логотипі болып табылатын «Coca-Cola» деген сөзді әдемі бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан. Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі (осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман (Albert Niemann) ерекше компонентін бөліп алып, кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Пайда болған сусын «кез келген жүйке бұзылуына» емдік дәрі ретінде Атлантадағы Джекоба қалалық дәріханасында сатыла бастайды. Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян екені анықталмағандықтан, тыйым салынған заттек болып табылмайтын. Сондықтан кокаин еркін сатылымда болып, оны ләззат алу үшін спирттің орнына сусынға жиі қосып отыратын болған. Бастапқыда сусынды күнделікті орташа есеппен 9 адам сатып алатын болған. Алайда кока-коланың танымалдығы мен кірісі де біртіндеп өсе бастады.

Алғашында қарапайым сироп ретінде сатылды. Ал «The Coca-Cola Company» болып, арда алты жыл өткенде ғана, тек 1893 жылдың 31-інші ақпанында құрылды. Джон Пембертон «Кока-Коланың» атасы болса, «The Coca-Cola Company» компаниясының атасы Ирландық Аза Кендлер болатын.
1894 жылдан бастап «Кока-кола» Американың бірқатар қалаларында пайда бола бастады. Осы жылдардың ішінде Техас штаты, Даллас қаласында, Иллионс штаты, Чикаго қаласында, Калифорния штаты, Лос-Анжелес қалаларында «Колка-Кола» өнімін дайындайтын зауыттар жұмыс істеп тұрды. Небәрі бір жылда, яғни, 1895 жылы Аза Кендлер « «Кока-Кола» Американың барлық штаттарында адамдардың сүйікті сусынына айналғандығын» компания акционерлеріне қуана жеткізді.
1919 жылы Аза Кендлер компанияны Ернест Вудраффқа 25 миллион АҚШ долларына сатып жіберді. Ал, 1923 жылы Ернесттің ұлы Роберт компанияны басқаруды өз қолына алды. Роберт «Кока-коланы» әлемге тарату мақсатында «Кока-Кола Экспорт Корпарейшон» корпорациясын құрады. Сол жылдан бастап «Кока-Коланың» алты бөтелкесін бір қаптамаға біріктірді. 1927 жылы өз өнімдерін алғаш рет радиода жарнамалай бастады. 1928 жылдың жазында Амстердамда өткен Олимпиадалық ойындарға америка өз командасымен бірге «Кока-Коланың» 1000 қаптамасын алып келді. Сол кезден бастап «Кока-Кола» мен спортпен тығыз байланыста бола бастады. Ол, содан бастап хоккей. футбол, теннис т.б. спорт ойындарының демеушісі болып отырды. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін «Кока-Кола» әлемнің 44 елінде, дүкендер сөресінен табылатын және АҚШ әскерлері сусында кез-келген жерде 5 центке сатып ала алатын еді. АҚШ әскерлерінен ғарышкерлер қалсын ба, 1985 жылда «Кока-Коланы» ғарышкерлер өздерімен бірге ғарышқа алып ұшты. 1979 жылдан бастап компанияны Роберто Гозуэто басқарды. 1991 жылы «Кока-Кола» Мәскеуге келіп жетті. «Кока-Коладан» 20 жыл бұрын СССР аумағында сатылған «PepsiCo-дан»1998 жылы «Кока-Кола» сатылым жағынан үш есеге басып озды. Қазірдің өзінде «бес жасар» бала жазбай танитын «Кока-Кола» тауар белгісіне айналды. «Кока-кола» компаниясы 190-ға жуық ұлттық Олимпиада комитеттері, сонымен бірге  Ресей  Олимпиадалық комитетімен бірлесіп қызмет атқарады.

 

2.Кока-коланың және энергетикалық сусындардың адам ағзасына зиянды әсері туралы

Ғалымдардың айтуынша газдалған сусындарды шамадан тыс тұтыну бауыр ауруларына әкеп соқтырады. Біздің елімізде осындай шырындар нарығы қарқынды дамып келеді.

Адам ағзасының 60%-ын су құрайды. Бойдағы су тепе-теңдікті сақтау үшін адам күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұруы керек. Кофе, көк шәй, газдалған салқын сусындар, минералды су т.с.с сусындардың негізін су құрайды. Алайда, судан бөлек сусындардың құрамында басқа да заттар кездеседі. Соның бірі – газ. Газдалған сусындар адам ағзасына әр түрлі әсер береді.

Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар кездеседі. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер етеді. Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал тәтті-қышқылды элементтер асқазанға түскен бойда майға айналып, артық салмақтың қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда болуына ықпал етеді. Қант диабетімен ауыратын жандар газдалған сусын орнына минералды су пайдаланғаны жөн.

Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді. Сондай-ақ, тіс ауруларының тууына әсер етеді.

Газдалған сусын құрамында лимон (Е330), алма т.б жеміс-жидектердің қышқылы мен ортофосфор қышқылы (Е338) кездеседі. Бұл элементтер сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.

Кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқылы газ кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек ауруларының пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жарасы және т.б. асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына газдалмаған минералды су, көк шәй ішкен жөн.

Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкелуі мүмкін. Дейл Сэндлер бірнеше зерттеу жүргізудің нәтижесінде фосфор адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына әкеліп соғатынын дәлелдеген.

Бразилияда кішкентай бала ментолды жеп артынан бірден кока-кола ішкен соң көп ұзамай қайтыс болған. Бұл жағдай Бразилияда 1 жылдың ішінде тағы да қайталанған. Сол кезде адамдар эксперимент ретінде 1 бөтелке кока-коланы алып асфальттың үстіне қойып, оның ішіне 1 түйір ментолды салған кезде бөтелкеден фонтан атқылаған. Нәтижесінде, коланың ішінде бар сусынның 1/6  бөлігі ғана қалған.

    Мамандардың пайымдауынша, біраз уақытқа жүйке жүйесіне күш беріп, ішкі органдардың жұмысын белсенді ететін энергетикалық сусындар ағзаны қуаттандырмайды, керісінше, әлсіретеді. Себебі ол ағзаның түбіндегі қуатты бері шығарып, босқа жояды. Жүйке жүйесі мен ішкі органдар азып-тоза бастайды. Жүйкені тыныштандыру үшін оның құрамына психотроптық заттар қосылады. Бұл затқа ағза тез үйренеді, Адамның энергетикалық сусынсыз тұра алмай, соған тәуелді болуы сондықтан. Энергетикалық сусынның құрамындағы химикаттар жүрек пен жүйке жүйесіне қатты әсер етеді. Оның соңы тахикардия, жүйке ауытқуы, сөз көтере алмаушылық, депрессия, қандағы қанттың күрт артуы сияқты ауруларға шалдықтырады. Бұл сусынды аяғы ауыр әйелдер, жас балалар, жүрегі нашарлар, глаукома ауруы барлар татып алмауы тиіс.

Энергетикалық сусын аса қауіпті химикаттардан тұрады. Оны кезінде АҚШ Қор­ғаныс министрлігі өзінің Въетнамдағы солдаттарына ішкізу үшін жасатқан екен. Әскердің рухын көтереді деген есеп болған, бірақ энергетикалық сусыннан солдаттар бас, бауыр ауруларына шалдыққан, қатерлі ісікке душар болған. Ал қазіргі біздің жастарымыз осы энергетикалық сусынға әуестенгені соншалық, ол сәнге айналып барады, жаппай ішетін болды. Депутат           В. Нехорошев былай дейді: «Энергетикалық сусынды ішіп жүрген мектеп оқушыларының бауыры 35 жастағы ауру адамның бауырындай күйге түскен. Олар 20-ға жетпей бауыры іріген гипертоникке айналады. Бұл сусын жүрек, жүйке жүйесі, асқазан, бауырды құртады, соңынан адам қатерлі ісіктен көз жұмады».

Энергетикалық сусынның әсері 3-4 сағатқа созылады. Алынған энергия жоғары пайызбен әлсіздік, ұйқы басу немесе керісінше ұйқысыздық, келе-келе ашуланшақтыққа, тіпті депрессияға да ұшырататыны бүгінде дәлелденіп отыр. Сол себепті шаршауды, ұйқының бұзылуын энергетикалық сусынмен реттеуге болмайды. Адам ағзасындағы табиғи энергетикалық қуат мүлдем басқа шаралармен толықтырылады. Мысалы, нәрлі ас түрімен тамақтану, уақытылы тынығу, дене шынықтыру, т.б. Энергетикалық сусынның баланың да, үлкеннің де қалқанша бездерінің ұлғайып кетуіне, қызметінің бұзылуы­на әсері бар. Қалқанша бездің қызметі төмендесе, баланың бойының өсуі, ақыл-ойының өсуі тежеледі. Жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Есте сақтауы әлсірейді. Үнемі шаршап тұрады. Сондықтан энергетикалық сусынға әуестенбей, күнделікті табиғи ауызсуын ішкен жөн. Ең арзан, қолда бар сусын.

 

3.Кока-коланың және энергетикалық сусындардың құрамы

«Кока-коланы» 1866 жылы доктор-фармацевт Джон Пемертон ойлап тапқан болатын. Джон Пемертон дәрілік тұнбаны ойлап таптым деп ойлап, оны асқазан аруларына қарсы емдік қасиеті бар деген тұжырымды алға тартқан. Бұл тұжырымдамада бір шындыққа ұқсас негіз бар сияқты. Өйткені, «кока-коланың» алғашқы ингредиенттерінде кокаин өсімдігінің құрамындағы заттар болды. Қазіргі таңда бұл сусында ондай зат жоқ.

Бір литр сусынды жасау үшін 2 литр су қажет. Үндістан еліндегі ауыз су тапшылығы 2004 жылы қалың жұрттың «Кока-кола» компаниясына қарсы ереуілге шығуына түрткі болған. Бір қызығы «Кока-кола» компаниясының бұдан бірнеше жыл бұрын жүргізген  бағдарламасында адамдарды қарапайым судан гөрі кока-кола ішуге шақырған. Бұл бағдарламаның негізі бойынша, мейрамханаларда ауыз суға тапсырыс берген адамға «кока-кола» сусыны ұсынылатын.

«Кока-коланың» құрамы қандай? Бөтелкедегі қағазға қарасақ: газдалған су, қант, карамель түсі, кофеин мен дәмдеуіштер. Бірақ, сусынның құрамында тағы бір «» деген құпия ингредиент бар. Бұл заттың мазмұны жазылған ақпарат Джорджия штатына тиісті Атланта қаласының банкінде сақтаулы тұр. Дүниежүзінде осы заттың не екенін білетін адамдардың саны санаулы. Осы орайда, «Біз не ішіп жатырмыз?» деген сұрақ туындауы мүмкін.

Бүгінге бар білетініміз бұл «кока-коланың» қант құрамы өте жоғары ащы сусын болып табылады. Сусындағы фосфор қышқылы жер бетіндегі органикалық заттарды құртатынын білеміз.

«Кока-кола» компаниясы өз сусынының тағы бір  жасалу құпиясын ашты. Компания өкілдерінің айтуынша, сусынның негізгі құпиясы – кошениль құртынан алынатын азық-түліктік қоспада екен.Тамақ өнеркәсібінде бұл экстракт кармин қышқылы деген атпен белгілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме жасап.

«Кока-кола» рецептті жария етуге мәжбүр болған, олай етпеген жағдайда түрік рыногының бұл сусынға жабылуы ықтимал болатын. Осының алдында түріктің Әулие Николай қоры сусынның құрамындағы қоспалар адам өміріне зиянды еместігін түсіну үшін Кока-коланың формуласын ашуды талап етіп, корпорацияның үстінен сотқа шағым берген(суретте кока-коланың негізгі құрамы алынатын кошениль құрты).

“Кока-кола”, “Пепсикола”,  «Спрайт»… сынды газдалған сусындар денсаулыққа зиян. Аса қауіпті. Құрамы толған көмірсутегі.  Олар семіздікке әкеледі, өзге де түрлі сырқаттарға душар етеді. Кока-кола кока ағашының шырынынан жасалатын сусын. Ал сол кока ағашынан кокаин жасалады. Ал, енді зиянын шамалай беріңіз. Сусынды тәтті қылу үшін 30 пайыз қант қосады. Оның үстіне әкеліп газ қосады

Бағасы да қолжетімді, сүп-сүйкімді құтыларға құйылған энергетикалық сусындарды алып жүру де ыңғайлы. Шамамен алғанда 140 теңгеден басталатын сусындардың тұтынушылары – көбінесе жастар. Оларды демалыс орындарында, дәмхана, түнгі клубтарда пайдалануды сән ретінде дағдыға айналдырса, студент жастар, мектеп оқушылары кезекті емтихан мерзімі жақындаған уақытта күш-қуат көзі ре-тінде ішуді дәстүрлі, қалыпты жағдайға жеткізген.
Шынымен де «қуат бергіш сусыннан» бір ұрттасаңыз болғаны көңіліңіз жайланып, сарайыңыз ашыла түседі. «Қуатты сусынның» құпиясы, әрине, құрамындағы алкоголь қосындылары мен адамның тәнін, миын еліктіргіш химикттардың болуында.Көбіне бұл жағдайды балаларды былай қойып өзіміз ескере бермейміз. Естір құлақ болса, дәрігерлер аталмыш сусынның зиянын айтудай-ақ айтып келеді. «Қуатты сусынды» көп тұтыну адам ағзасына кері әсер етіп, ұйқысыздық, депрессия, жүйке жүйесінің бұзылуы сияқты дерттерге әкеліп соқтырады деп», дабыл қағуда. Сондай-ақ, дәрігерлер жас баланың азғасы мұндай ішімдіктің түріне лезде дағдыланып кететінін, бұндай жүгенсіздіктің соңы кісіні маскүнемдікке жетейлейтінін де жоққа шығармайды.

Энергетикалық сусын құрамы негізінен кофеин, таурин атаулы адам ағзасына тез сіңетін көмірсулар мен қосымша дәрумендерден тұрады. Сусынды ішкен сәтте қосымша қуатты қозғағыш пайда болғандай әсер ететіні де рас. Өйткені, оның құрамында кофеин мөлшері өте көп. Және кофеинге әркімнің сезімталдығы әртүрлі. Соған байланысты ағзаны тез тыңайтқандай әсер береді. Шын мәнісінде зияндылығы басым.

ХХ ғасырдың басында австриялық кә­сіп­кердің бастамасымен шыққан энер­гетикалық сусын халықтың көңілінен бірден шықты. Қазіргі таңда бұл сусындар кеңінен дәріптелуде. Түрлі жарнамалық роликтер арқылы пайдалы жақтарын айтып, сатылымын көтеру үшін түрлі амалдар жасауда.
Оның сергіткіш қасиетке ие болуына құрамындағы біршама химиялық элементтер әсер етсе керек. Мысалы: кофеин мен тау­рин. Кофеин – орталық ойлау жүйесінің жұмысын үдетсе, таурин бұлшық ет жұмы­сының жақсаруын уақытша қамтамасыз етеді. Адамның кофейнді белгілі бір мөл­шерде ғана қолданғаны абзал. Дәрігер­лердің кеңесі бойынша кофеиннің күнде­лікті тұтыну мөлшері 150 мг. аспауы тиіс. Ал энергетикалық сусындардағы оның үлесі 400 мг. артылады.

Қазақ тағамтану академиясының қызметкерлерінің айтуынша, бұл сусын адамды алкоголь мен есірткі секілді өзіне тәуелді етеді. Тіпті бұл ғылыми түрде дәлелденген. Оның құрамында кофеин, эфедрин, адреналин мен никотин қышқы­лы, басқа да синтетикалық қоспалар асқазанда жара пайда болуына, жүрек-қан тамырларының тарылып, жүйкенің жансыздануына, бүйрек жұмысының бұ­зылып, мидың әлсіреуіне әкеліп соғады.

 

4.Кока-коланың басқа да қасиеттері

Бұл кока-кола деп аталатын қоңыр түсті сусынмен бәріміз таныспыз. Кока-коланы тек сусын ретінде емес, басқа да тұрмыстық жағдайларда пайдалануға болады. Мысалға осы аталған сусынның тағы да төмендегідей қасиеттері бар:

  1. Кока-коланың ауруды уақытша тоқтататын қасиеті бар. Осы сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар.
  2. Кока-коланы жаз кезінде шыбын-шіркей шаққанда, сол шаққан орынға құйып жіберсе, бірден әсер етеді.
  3. Кока-кола темірдегі татты керемет кетіреді. Таты бар затты кока-коланың белгілі бір мөлшеріне біраз уақыт салып қойса, татты мүлдем жойып жібереді.
  4. Кока-кола терезені, автокөлікті жақсы жуады. Жуып болған соң шүберекпен бір сүртіп алса, ешқандай із қалмайды.
  5. Кока-коланы тамақ дайындағанда кез-келген соусқа араластырып қосып жіберсе, маринадталған тағам сияқты керемет дәм береді.
  6. Кока-кола үйдегі жағымсыз иісті кетіреді. Ол үшін суға кока-коланы құйып, еденді бір сүртіп шықса, үйдегі жағымсыз иістің орнына ароматты иіс пайда болады.
  7. Кока-кола ыдыстардың бастапқы қалпын келтіреді. Мысалы, сыртында сызылған, қарайған дақтар болса, оны кока-коланың белгілі бір мөлшеріне салып, біраз уақыттан соң ысып жуса, ыдыс бастапқы қалыпқа келеді.
  8. Киімдегі түрлі дақтарды да кока-коланың көмегімен кетіруге болады. Киімге сіңген қанды да кола тез ерітіп жойып жібереді.
  9. Кока-коланы көп адамдар тамақты сіңдіру үшін де қолданады.

 

  ІV. Қорытынды

Қорыта келсек, күн артқан сайын нарықта синтетикалық сусындар көбейіп жатыр. Олардың қайсысының құрамында сипирттің бар жоғын саралап, сараптап отырған ешкім жоқ. Осы зерттеу жобасына ісденісте жүргенде, аталмыш сусындардың адам ағзасына соншалықты орасан зиян тигізетініне көз жеткіздім. Ал қазіргі менің замандастарым осы сусындардың қаншалықты зиян екенін мәнісіне жетіп, біле бермейді. Ал осы тауарларды шығарып отырған компаниялар, тек табыс көзін ойлайтын «ағатайларымыз», сыртын жылтыратып, жарнаманы жалтыратып, қоғамның болашағына балта шауып отыр. Қазақстанның басты байлығы балалар болса, байлықтарыңыздың денсаулығына қатер төндіріп,  ауруына ауру жамап, асқындырып аларларыңыз айдан анық. Ертеңіміз үшін ұрпақтың қамын бүгіннен ойлайық!

 

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі:

 

  1. Ғаламтор материалдары: АСТАНА. ҚазАқпарат;

Сауле Диханбаева

Төрегелді Шарманов — Қазақ тағамтану

институтының  директоры 

 

  1. Тамақ өнімдерінің технологиясы : оқу құрал / Айтбек Қалиевич Какимов, Нурлан Оразханович Тусипов, Аман Еренгалиевич Еренгалиев, Сергей Львович Масленников. – Семей : Шәкәрім атын. СМУ, 2008. – 204 б. ; 20 см. – 500 дана. – ISBN 9965-887-34-9.
    3.  Валеология : оқу құрал / Әділханов Әлмұхамед Сәрсенбаевич, Жаңабердиева Күлзифа Әбілқасымовна, Брусенко Зора Григорьевна. – Алматы : Алматыкітап. ААҚ, 2004. -134 б. 20 см. – 10 000 дана. ISBN 9965 – 24 -247.]