Қағаз және оны жасаудың экономикалық тиімді жолдары.

100

Қағаз және оны жасаудың экономикалық тиімді жолдары.

 

Орманшының аялы, алақаны өсірген.

   Сансыз ағаш саялы,қағаз үшін кесілген.

 

 

Баяндама жоспары:

 

1.Адам өміріндегі қағаздың алатын орны.

2.Біз ағаштан не нәрселерді аламыз? /тірек-сызба/

3.Ағашты үнемдеу жолданына ұсыныс.

  1. Қорытынды бөлім.

 

  1. Адам өмірін қағазсыз елестету мүмкін емес. Себебі, барлық жерде түгел дерлік қағаз түрі қолданылады. Ел басқару ісі қағаздарға жазылады., сөйтіп тартылады. Жаңалықтарды түрлі қағаз беттерінен оқимыз. Сауда жасасақ қағаз ақшаны пайдаланамыз. Кез-келген мекемеге барсақ та, әр-түрлі қағаздарды кездестіреміз.

Мектептке келген алғашқы сыныптан бастап қолымызға кітап, дәптер, қалам алып білім аламыз. Ал оларсыз мектепте білім алу тіпті мүмкін емес. Сондықтан да адам өмірінде қағаздың алатын орны ерекше.

Солай бола тұра, біз қолымыздағы кітаптың, дәптердің, сурет дәптердің, еңбек сабағына пайдаланылатын қағаздардың адамдардың үлкен еңбегінің арқасында қолымызға қолымызға келетінін біле бермейміз. «Оларды қалай және неден жасайды?» деген сұрақтар төңірегенде біз ойлана бермейміз. Тек алдымызда тегін келген кітаптар мен дүкендерден арзан бағамен алған  дәптер тағы басқаларын ұқыпсыз, қалай болса солай пайдаланатын  жиі кездеседі.

                Ағаштың қоршаған орта үшін пайдасын біз дүниетану пәнінен оқып білдік. Ал, қағаз жасау үшін ағаш керек. Сонда бір тал ағаштан қанша қағаз жасалады? Егерде ағашты қағаз жасау үшін кесе бермей, оның орнына басқа амал қолданса болмай ма? Ал, қай жерде болса, сол жерде шашылып жатып экологиаға зиянын тигізіп, ластап жатқан қағаздарды не істейміз? Онсыз да қазіргі еліміздің экологиялық жағдайы өзге елдермен салыстырғанда төмен.

Қағаздың мектепте қолданылатын түрлері өте көп. Мысалы: кітап, дәптер, блокнот, күнделік, түрлі-түсті қағаз, плакат, картон, газет-журналдар.

Әр оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен, яғни 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін қанша дәптер арнайды.

Ал енді  есептеп көрейік. Орта есеппен бастауыш сыныптарда 160 дәптер болады. Ал 5-11 сыныптарға 1 жылда 14-15 дәптер десек, жылына 60 дәптер арналады, сонда 5-11 сыныптарға 1 жылда 420 дәптер оған бастауыш сыныптардағы 160 дәптерге қоссақ, 580 дәптер болады. Бұл әрине орташа есеппен, ал есепсіз қалай болса солай арнаған мен жоғалтып алған жағдайларды қоссақ бұдан да жоғары көрсеткішті көреміз. Бұған қоса, әр сабақтан соң сыныпта қажетсіз деп танылған қағаздарды қосайық. Сыртта, аулада, көшеде, жолдарда, мерекелік жиындар мен дүкен-базар аулаларында қаншама қағаздар жатыр? Олар қоршаған ортаны ластап, зиянын тигізіп жатқаны айтпаса да түсінікті.

Ал енді осы қажетсіз толып қалған дәптер, қағаздарды не істейміз? Оларды пайдаға жаратуға болмай ма екен? Мысалы: жылына 1 тонна қағаз шығару үшін 8 тал ағашы кесіледі екен. 8 тал ағашы өсу үшін  қаншама жыл, қаншама адамның еңбегі босқа кетеді. Ол ағашты кескен соң, орнына ағаш егуге қанша жылдар керек етеді. Осы орайда айтатын болсақ, қалдықтарды қайта өңдей отырып, сол жолмен алынған шикі заттар есебінен орман қорын үнемдеуге болады екен. Американдықтардың есептеуі бойынша, тұрмыстық қалдықта 34млн. тонна қағаз бар екен. Осы қағаз қалдықтарының әрбір тоннасын өңдей отырып, 17 мың тонна ағашты кесуден сақтауға болады екен.

Ағаш ауаны тазалайды, көмір цилицил газын (СО2)  сіңіріп, оттегін (О2), яғни адамның демалуына қажетті ауаны шығарады. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика-көп жылдық ағаштар. Ағаш егу арқылы біз туған жерімізді түлейтеміз. Ал оны қырқа берсек, не болады.

 

3.Қазіргі кезде Қазақстандағы барлық ауру түрінің 20 пайызы осы экологияға байланысты туындайтын аурулар. Ендеше, неге ағаштың адам денсаулығына пайдасын біле тұра оларды өндірісте үнемдеу жолдарын қарастырмаймыз?

Кезінде КСРО болған, еліміздің экономикасына елеулі үлес қосып            отырған Қызылорда целлюлоза-картон комбинаты себептермен    жабылып қалды.

Міне, осы комбинатқа артық қағаздар өткізілсе және ол қағаздар шикі зат ретінде қолданылса дұрыс болар еді. Ал енді осы қағаздарды мектепте оқушылардан қалай жинаймыз? Ол үшін оқушыларды ынталандыруға мадақтамалар, төс белгілер, газеттер шығарылып арнайы жиындарда ескеріліп беріліуі тиіс.

  1. Қазақ халқында ата-бабаларымыз бір жапырақ қағазды қастерлеп ұстаған «қағаз» ұғымын киелі санаған. Лас жерлерде жатқан қағаздарды өз атымен атау Ислам діні бойынша әдепсіздік саналған. Ендеше, неге сол ата-бабаларымыз қанымызға сіңген қасиетін өшірмей одан әрі жандандырмаймыз. Келешек еліміздің жағдайын қазірден ойлауымыз қажет. Себебі, біз келешек Қазақстан азаматымыз. Болашақ жастар, табиғат біздің қоршаған ортамыз екендігін ешқашан ұмытпайық және табиғатты аялай білейік! Сонда ғана болашақ ұрпақ бізден үлгі алып, қазақ елінің өсіп-өркендеп гүлденуіне, әлеуметтік-экономикамыздың жақсауына, көгалдануына өз үлесін қосары анық.