Сақшының қаруды қолдану реті. Постыға немесе күзетілуші объектіге қабылдау кезіндегі сақшының іс-әрекеті

Сақшының қаруды қолдану реті. Постыға немесе күзетілуші объектіге қабылдау кезіндегі сақшының іс-әрекеті

Сақшы өзіне немесе өзі күзететін объектіге түтқиылдан шабуыл жасалған жағдайда, қаруды ескертусіз қолдануға міндетті.

Сақшы қарауыл бастығынан, өзінің жүмысқа таратушысынан, оларға еріп келген адамдардан басқа немесе постыға тыйым салынған шекараға жақындаған барлық адамдарды: «ТОҚТА!», «АРТҚА ЖҮР!» немесе «ТОҚТА», «ОҢҒА (СОЛҒА) ЖҮР» деп дауыстап тоқтатады.

Постыға немесе тыйым салынған шекараға жақындаушылар айтылған талапты орындамаған жағдайда, сақшы тәртіп бүзушыға: «ТОҚТА, АТАМЫН!» деп ескертеді және дереу қарауыл бастығын немесе ©зінің таратушысын шақырады. Егер тәртіп бүзушы бүл талаптарды орындамаса, сақшы оқшантайға патрон салады да, аспанға ату арқылы ескерту жасайды. Тәртіп бүзушы бүл талапты да орындамаған жағдайда — сақшы оған оқ атады.

Пост табелінде көрсетілген қашықтықтан постыға немесе тыйым салынған шекараға жақындаушыларды көру мүмкіндігі нашарлаған жағдайда, сақшы оларды: «ТОҚТА!», «КІМ КЕЛЕ ЖАТЫР?» деп дауыстап тоқтатады. Егер жауап болмаса, сақшы: «ТОҚТА, АТАМЫН!» деп ескертіп, тәртіп бүзушыны кідіртеді. Кідіртілген тәртіп бұзушы туралы сақшы белгіленген дабылмен қарауыл үй-жайына хабарлайды, оны назарға ала отырып, ©зіне тапсырылған объектіні күзетуін жалғастырады және тәртіп бұзушының іс-қимылын бақылап отырады.

Егер тәртіп бүзушы тоқтамаса және күзетілетш объектіге (постыға) басып кіруге тырысса немесе мұндай өрекеттерден кейін қашатын болса, онда сақшы аспанға ату арқылы ескерту жасайды. Тәртіп бұзушы бұл талапты да орындамаған жағдайда, сақшы оған оқ атады.

Егер сақшының дауыстауына: «Қарауыл бастығы (қарауыл бас-тығының көмекшісі, таратушы) келеді» деген жауап естілсе, онда сақшы: «Қарауыл бастығы (қарауыл бастығының көмекшісі, тара-тушы), МАҒАН КЕЛ, қалғандарың орындарыңда қалыңдар!» деп бүйырады; қажет болғанда, сақшы жақындағандардың бет-жүзіне жарық түсіруін талап етеді. Өздерін атаған адамдардың шын мәнінде қарауыл бастығы (қарауыл бастығының көмекшісі, таратушы) екендігіне көзін жеткізген соң, сақшы келген адамдарды өзіне қарай жібереді.

Егер қарауыл бастығы деп аталған адам (қарауыл бастығының көмекшісі, жұмыска таратушы) бейтаныс болып шықса немесе онымен келгендер сақшының орнында қалу туралы талабын орындамаса, онда сақшы оларды: «ТОҚТА АТАМЫН!» деп ескертеді. Төртіп бұзушы-лар бұл талапты орындамаған жағдайда — сақшы оларға оқ атады.

Қалыптасқан жағдайға байланысты қолма-қол шайқас басталып кетсе, сақшы өзі күзетіп түрған объектінің амандығы үшін жан аямай күресуге міндетті.

Постыда өрт болған жағдайда, сақшы бүл жәнінде қарауыл басты-ғына баяндап, дереу өрт сөндіруге кірісуі керек. Егер күзетілген объект ішінен және сыртынан берік қоршаулармен қоршалған жағдайда, сақшы бүл жөнінде қарауыл бастығына хабарлап, ©зі қарауыл бастығы мен оның көмекшісінің бүйрығына сай өрекет етуі керек.

Аяқ астынан ауырып (жараланып) қалған жағдайда, сақшы ол жөнінде қарауыл бастығына немесе таратушысына хабарлап, күзетті әрі қарай жалғастыруы керек.

Шыдау мүмкін емес жағдайда байланыс үзіліп қалса, сақшы қарауыл бастығын немесе таратушыны аспанға оқ ату арқылы шақыра алады.