Оқушылардың өлеңдер жинағы

100

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біз жастармыз.                                                        Жаз.

Жастармыз-болашақтың түлектері                      Айналаға жаз келді,

Армандар орындалған  жүректегі,                       Үйрек пенен қаз келді

Бойдағы талап,жігер,қайрат,еңбек,                      Гүлдер басып өңірді,

Тұрғандай аяғымнан тіреп мені.                           Уақыт өтер көңілді.

 

 

Табиғат

Табиғат неткен тамаша.                                       Алтын ұям.

Табиғат неткен тамаша,                         О,туған жер,не деген ыстық едің,

Көз тартады қараса                                 Әр баланы бауырыңа қысып едің.

Жеміс біткен тамылжып,                       Қасиетті туған жер-алтын ұям,

Бас иеді таласа                                         Сен арқылы Отан мәнін түсінемін.

Табиғат неткен тамаша.

 

Өз елім                                                                  Бұзауым.

1.Жер бетінде сәуле шашқан өз елім                Менің ала бұзауым,

Суы мөлдір,тұнып жатқан өзенім                     Енесінен аумайды.

Сарқырайды кәусар бұлақ жерімде                  Жем-шөп салсаң аузына

Аспанымдай көгілдір ту елімде                         Күтірлетіп шайнайды.

2.Жер байлығы кеннен көзі тұнады

Мөлдірейді адамзаттың құрағы

Алтын бесік туған өлкем киелі

Мен өзіңе басымды әркез иемін.

 

 

Астана                                                                                         Астана

 

Әсем қала Астана                                                                  Гүлдене бер Астана

Көркейе бер гүлдене                                                              Гүлдене бер Ел басы.

Қалалардың үлкені                                                                Аялы да  саялы,

Астана ең жас қала.                                                               Сұлу қала бас қала.

Өскенбай Саяжан                                                                 Сатыбалды Инабат

3-сынып оқушысы                                                                3-сынып оқушысы.

 

 

 

Бәйтерегің асқақтап тұра берсін                              Әсем ару Астана

Астана  көріктеніп өсе берсін                                  Сенсің біздің бас қала

Сан түрлі ғимараттар бой көтеріп                          Жалауың тұр желбіреп

Астанам күннен-күнге көркейе бер                        Әнұраның елжіреп

Құрбанбекұлы  Бақдәулет                                       Тұрғой сонау «Астана»

 

 Жаңбыр                                                          Бұрынғы атың «Ақмола»  (Қаршыбай О)

Аспан бұлтқа оранып

Күркіреп көк тұрады

Жаңбыр жауса сіркіреп,

Сай-сала суғаа толады.

Құрбанбекұлы Бақдәулет

 

Елім менің.                                                         

Елім менің,Тәуелсіз ел боп танылған,

Күнім менің,шырақ боп алдан жағылған

Тілім менің,тағдырың ауыр болса да,

Келешек үшін асыл мұра боп табылған.

 

        Табиғат

Табиғат неткен тамаша.                                       Алтын ұям.

Табиғат неткен тамаша,                         О,туған жер,не деген ыстық едің,

Көз тартады қараса                                 Әр баланы бауырыңа қысып едің.

Жеміс біткен тамылжып,                       Қасиетті туған жер-алтын ұям,

Бас иеді таласа                                         Сен арқылы Отан мәнін түсінемін.

Табиғат неткен тамаша.

  №110 мектебі 3-сынып оқушысы  Тоқболат Ақманат 

 

 

 

 

 

Аташым.                                               Анама

Айналайын аташым                               Айналайын анашым

Мәпелеген баласын                               Бізге қамқор панасың

Бестік алып келгенде                            Түн ұйқысын төрт бөліп

Қуанып бір қаласың                              Жанашырым боласың.

Елеусіз Нұрсара

№110орта мектебі 3б-сынытехнологияларды қолданамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) Репродуктивтік деңгей

Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2) Алгоритмдік деңгей

Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей .

Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей\

Оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.

Дамыта оқыту технологиясы — оқушының оқу, білім алу про

  1. Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны.

Оқыту технологиясын пайдалану – оқушы ынтасын басатын, объективті емес, жіберген қателіктері үшін жазалауға бағытталған бағалау тәсілін өзгертуді талап етеді.Таным процесі үстінде кез келген тұлғаның белсендік көрсетуге, әлде бір себептермен қате жіберіп алған жағдайда оны өзі түзетуге құқығы бар болуы тиісті.

Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай :

а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;

ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;

б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;

в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;

г) дамыта оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді.

Деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі:

— жеке құрылымдарға бағдар беру;

— білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы.

Оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы деңгейлік саралау деп аталады. Сондықтан міндетті дайындық деңгейі анықтаушы шарт болып табылады. Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеруге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды. Осының негізінде материалды игерудің жоғарырақ деңгейлері қалыптасады.

Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады:

I – деңгейдегі тапсырмаларға:

1) жаттап алуға лайықталған болуы керек;

2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;

3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;

II – деңгейдегі тапсырмаларға :

1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.

2) оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.

III – деңгейдегі тапсырмаларға :

1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;

2) әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер;

3) өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергіліктіжағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

IV – шығармашылық деңгей тапсырмалары:

1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.

2) олимпиадалық есептер;

3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау.

Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.

 

 

 

  • Дәстүрлі оқытуда жіберілген кемшіліктерді жою үшін біз сіздерге математиканы «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын» қолданып оқытуды ұсынамыз
  • ойлау білу;
  • тапқырлық;
  • ұшқыр қиял;
  • жұмыс үстіндегі дербестігі және оның жақсы нәтижелілігі екенін ескерсек, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы қазіргі заман талабына сай жан-жақты, білімді, дүниетанымы кең жеке тұлғаны қалыптастыруда тиімді.

Тиімді оқытудың негізгі мақсаты – білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға тәрбиелеу.

Деңгейлік тапсырмалар – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, оқушының білімін, мүмкіндігіне, сұранысы мен қаблетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі.

Деңгейлеп — саралап оқыту технологиясының негізгі басты құндылығы:

1) 100% үлгірім;

2) жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды баланы таңдауға мүмкіндік береді;

3) жоғары ұпай жинау арқылы оқушының ынтасын арттыру;

4) оқушы материалды өзі меңгереді, ал мұғалім өз пәнінен жұмыс дәптерін жасайды;

5) педагогикалық технология орта мектеп жүйесін ақпараттандыру принципін сақтай отырып жүргізеді.

Бұл деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы бойынша жасалған электронды жұмыс дәптерінің құндылығы, дәстүрлі оқытудағы жоғары деңгейдегі тапсырманы орындаса да, төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаса да жоғары бағаны қою кемшіліктерін жояды. Бала өзін-өзі бағалайды. Баға әділетсіздігі жойылады.

12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімнің өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдалана отырып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың алуан түрлі әдістерін, өз бойындағы бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ұйымдастыру мүмкін болады дей аламыз. Оқушының өзіндік тәжірибесінің даму сатылары оның рефлекциялық талдау жасай алуы, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп отыру және рефлекциялық қажеттіліктің тұрақталуы сияқты кезеңдерден тұрады және оның соңғы нәтижесі ретінде тұлғаның субъектілік тәжірибесінің құрылымы қалыптасады. Осылайша қарастыру негізінде 12 жылдық білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субъектілігі тәрізді тұлғалық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Н.Назарбаев «Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан»

(Қазақстан халқына Жолдауы, 2007 жыл 28-ақпан)

  1. Қазақстан Республикасының Білім беру стандарты
  2. «Білім туралы» Заң 41-бап
  3. 12 жылдық білім №1, 2006 25-бет
  4. 12 жылдық білім №2, 2006 26-29 бет
  5. 12 жылдық білім №7, 2006 25-бет