«Дәстүрлі емес , сарқылмайтын энергия көзі — жел энергиясын пайдалану. Желқондырғы.»

64

 

Тақырыбы :

«Дәстүрлі емес , сарқылмайтын энергия көзі  — 

жел энергиясын  пайдалану.  Желқондырғы.»     

Бүкіл әлем ғалымдары  мен инженерлері ізденістің арқасында баламалы энергия көзін табуды мақсат етіп қойды.  Ол сарқылмайтын қалпына келтіретін энергия көздері деп аталады. Оған жел энергиясы, геотермиялық энергия, биомасса, су ағынының энергиясы, мұхиттардағы тасу мен қайту кезіндегі судық көтерілуінен болатын энергия, күн энергиясы  жатады.Қалпына келтіретін дәстүрлі емес энергия көздерінің ерекшелігі қор көздері ешуақытта сарқылмайды және экологиялық таза. Бұларды пайдалану табиғат байланыстарын бұзбайды.

Ал менің ұсынысып отырған ғылыми жобамның мақсаты- туындаған

проблеманы шешудегі энергетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын энергия көзі – жел энергиясын пайдалану.

XX ғасырдың басында Н.Е.Жуковский жел двигателі теориясының негізін қалады, осы теорияны негіздей отырып әлсіз желдің ырғағынан жұмыс істелетін жоғары өнімді жетілдірілген желагрегаттардың конструкциялары жасалынды,    Барлық жел двигателінің жұмыс істеу принципі біреу-ақ, онда желдің әсерінен қозғалатын желдоңғалағының қалақшаларының қозғалысы электр энергиясын өндіретін генераторының айналып тұратын білігіне беріледі.

Желдоңғалағының диематрі үлкен болған сайын соққан желдің үлкен ағысын қамтиды және агрегат неғұрлым үлкен энергия өндіреді.

Қалақшалы жел двигателінің айналу жылдамдығы олардың қалақшалар санына кері пропорционал,сондықтан агрегаттық қалақшаларын үштен артық жасамайды. Жел жылдамдығы 5м/с соққанда оның қалақшаларының жылдамдығы 14-16м/с дейін жетеді. Ал оның диаметрін үлкейте отырып 2000 кВт-қа шейін энергия алуға болады. Мысалы 40 метрлік жел двигателі 2000 кВт энергия өндіреді.

Жыл сайын жазғы демалыс кезінде біз мектебіміздің коллективтері ұйымдастырған, Алматыдағы Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биофизика экология орталығының мамандары өткізетін семинарға қатысамыз. Онда лекция тыңдап, практикалық жұмыстармен айналысамыз, осы экология орталығының мамандарының тәжірибелері  мен зерттеулерін ұстана отырып, біз жел двигателінің кейбір конструкцияларын өз қолымызбен жасадық. Қуатты үнемдеу экологиялық туындаған проблемаларды шешу мақсатында, мен Балқаш көлінің жағасына желагрегатының комплексін салуды мақсат етіп қойдым.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. М.Васильев «Энергия және адам».
  2. Уделл «Күн энергиясы».
  3. П.С. Непорожний, В.Н.Попков «Әлемнің энергетикалық қорлары». 1995ж.
  4. Журнал «Жастар техникасы», 1990 №5
  5. В.Володин, П. Хазановский «Энергия жиырма бірінші ғасыр».
  6. В. С. Лаврус «Энергия  көздері» , 1997 ж.
  7. Интернеттен алынған материалдар.