ДҮҢГІРЛЕК

26

ДҮҢГІРЛЕК

Адайдың ағайынды атақты байлары Шам, Талпақ Үстірттегі алқаптан Бейнеубайға құдық қаздырыпты. Еңбек ақысына 100 бойдақ қой беретін болып келісіпті. Қанша уақытта біткені белгісіз, құдық қазылып болғаннан кейін Шам, Талпақ келіп алдындағы мыңнан астам жылқысын сол қазылған бір құдықтан суарып шығарыпты және су ішкен жылқы тоңып ыққа қарай айнала беріпті. Суының күрделі, молдығына және құдықшыға көңілі толған Шам, Талпақ 100 бойдақ қойдың үстіне ірілі-уақты 10 жылқысын сыйға тартыпты.