Маңғыстау маңғазы- Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы жер су аттарын зерттеп – қадағалап, танып — таратып оқу.

256

 

Тақырыбы: Маңғыстау маңғазы- Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы жер су аттарын зерттеп – қадағалап, танып —  таратып оқу.

 

 

Зерттеудің негізгі мақсаты:  Қазіргі қазақ әдебиетінің іргелі суреткері ,белді өкілдерінің бірі Әбіш Кекілбаев десек ,біздің сөзімізге еш ауытқу,еш қателік болмас еді. Әдебиет майданының жауынгерлері жүздеп саналғанымен оның түйінді тұстары мен шешуші шебінде аса таланттылар ғана тұрған.Олай болсатуған әдебиетімізді өзінің

сүбелі-сүбелі шығармаларымен байытып бүгінгі таңға қазіргі  әлем әдебиетінің танымал қаламгердің айналған, Әбіш Кекілбаевты әлем әдебиетінің жұлдызды шоғыр топтың қатарынан көруміз әбден заңды

Зерттеу еңбектерінің жаңалығы:  Әбіш Кекілбаев — өрелі мқсаттарға қол созып, биік мұраттарға бет алған үлкен творчестволық сапар үстінде жазушы. Әбіш Кекілбаев өзінің айтар ой, көтерер мәселесі материал аңыз әңгімелерді таңдауы, біздің пайымдауымызша, халықтың арман – ойы, үмітімен тілегі ұялаған, халықтың тарихи тәжірибелері жинақталған, оның өн бойында сол белгілі халықтың ғасырлар бойы қадірлеп, қастерлеп келген рухы жатыр деп біледі. Сол арқылы Уақыт байланысы мен Ұрпақ сабақтастығын орнықтыруды қалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-1-

 

 

 

Мазмұны.

 

І.Әбіш Кекілбаев Қазақстан жерін шығарма тілінде сипаттаған географ жазушы.

1.Әбішті тыңдағанда

2.Маңғыстау сирек қонысты, табиғаты қатаң, географиялық тұрғыда оқшау

орналасқан   аймақ.

3.Әбіш  Кекілбаев  Маңғыстаудағы геогрфиялық нақтылыққа ие болған аңыз

ертегілерді  топтастыруы.

4.Әбіш Кекілбаев өрелі мақсаттарға қол созып, биік мұраттарға бет алған үлкен

творчестволық сапар үстіндегі жазушы.

 

ІІ.  Ұлы даланың заманауи шежірешісі

а). Тіршілік тіні, тарихтың жүгі

б) Жер бетіндегі  береке іздері

в) Жеке шыңыраулар жайлы қысқа деректер

 

ІІІ. Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы географиялық ұғымдар

 

 

ІV. Еңбек жаңалығы.

 

 

 

 

  1. V. Ұсынысым

 

VІ. Қолданған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-2-

 

Әбіш ағаны тыңдағанда.

 

Елінің аңсап арманын

Екшеген ойдын маржанын

Көп көңілін табам деп

Айтпаған сөздің арзанын

Табуға түйін-тамырын

Шежіре тарих-мұхиттың

Тереңге салып қармағын.

 

Үміт Жәлеке

Әбіш Кекілбаев шығармашылығының Қазақстан географиясының оқытуда алатын орны зор. Жазушы шеберлігі Қазақстанның батысынан шығысына дейінгі табиғатты суреттеуде дүниетаным біліктілігінің биіктігін көрсетеді. Әбіш Кекілбаев адам баласын ой мен сезім деп, жүрекпен тән деп екі жарымай жаратылыстың гармониялық бірлігінің тамыры екенін дәл айтады.

Әбіш Кекілбев философиясы-адам арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастықпен келісімдіктің жаршысы.

Оның туған ауылына, туған жерге арналған шығармаларын шын тебіреністен шын шабыттан қуанышпен сағыныштан туған. Әр бір қазақ үшін Әбіш Кекілбаев еңбегінің үлкен тәрбиелік мәні бар.

Әбіш Кекілбев Қазақстан жерін шығарма тілінде сипаттаған географ жазушы.

Маңғыстау! Тұла бойы тұнған құпия-сыр елі, 360 әулие мекені. Оңың пұшпағы, әр тасы ертегі, әр тобесі мен сайы аңыз. Оны мекеен еткен адамдар да аңыз.  Оның жері қандай, жер бетіндегі атаулары қандай!

Шайыр, Мерет, Тамшалы, Өрмелі, Босаға, Сынды, Қаламқас, Шерқала… осылардың бойында қаншама сыр бар.

Маңғыстау сирек қонысты, табиғаты қатаң, географиялық тұрғыда оқшау орналасқан аймақ.

Әбіш Кекілбаев «Маңғыстау дариясы-халқының көкірегінде» деген мақаласында,

— Маңғыстауға құдай бәрін берген-астына да, үстінеде. Маңғыстау дегенде Құдайдың сараңдығы ұстаған бір жері бар. Ол-біздің жерге өзен бермеген. Жұртқа Әмудария, Сырдарияның барин бергенде Маңғыстауға манашының Ащыағарынан басқа ештеме қимаған. Бірақ Құдай әділ болған соң ғана Құдай болып тұр ғой деп ойлаймын. Сол жерінің бетіне бермеген дарияны осындағы халықтың көкірегіне берген-деген.

Маңғыстау географиялық картасында ойып орын алған, белгілі бір жерде телінген ертегі-аңыздар жеткілікті. Олар: Қарағантүпе-Мерт, Тамшалы, Молда тас, Таушық-Сарытас өңірінде ноғайлы аңыздармен қатар айдаһар мен үлкен жылан туралы аңыздар, Керелдегі Қаламқас ару аңызы, тіпті ең соңы Құлбарақ пен Балуанияз батырлар туралы аңыздар.

Әбіш  Кекілбаев  Маңғыстаудағы геогрфиялық нақтылыққа ие болған аңыз ертегілерді былай  топтастырған:

  • Жер су атауларының мәнін түсіндіретін аңыз ертегілер: Қаламқас, Маната, Манаша, Күйген, Аппақұшқан т.б.
  • Гоеграфиялық обьектилердің, тау, төбе, т.б сипатын түсіндіретін аңыздар: Кендірлідегі Темір баба аңызы. Ерсарының қайрағы және Ерсарыға қатысты әңгімелер. Мерет сұлу аңызы.
  • Нақты мифтік топонимдер: айдаһар мен жыландар ауланды, өлтірілді деліетін Батыс Қаратаудың төңірегіндегі сай үңгірлер.
  • Зираттар мен құдықтарға байланысты аңыздар, бұл ертегі-аңыздардың ең көп бөлігін құрайды.

Маңғыстауда өмір сүрген дені Х-Х1ғ.ғ суфистік дін уағызшылары болған мұсылман әулиешілері туралы және кейінгі қазақтың киелі кісілері туралы аңыздар

 

 

 

-3-

 

 

ТІРШІЛІКТІҢ  ТІНІ, ТАРИХТЫҢ ЖҮГІ

 

Су-тіршіліктің көзі. Бұл барлық халыққа тән ақиқат. Оның қадірін білудей-ақ білетін қазақ халқы. Қазақстанның көп жері бағзыда жерінжегі су көздерін негізінен тұтыну өлшеміне салып ащы, тұщы деп екіге бөледі. Шөл, шөлейт өңірінде құрамында тұзы барырақ өте ащы да емес, тұщы да емес суды кермек деген. Шипалы, бүгінгі тілмен айтқанда, минералды су дәмі, кермектеу болғанмен, ол санатқа қосылмайды. Себебі қазақ оның емдік қасиетін білген және мұндай су көздері өте сирек. өте шөл жерлерде сол кермек су көздерінің өзі қат.себебі Маңғыстау үстіртінде немесе оған шектес аймақтарда мал іше береді. Ащыға әуес түйе үшін ол нағыз таптырмайтын су. әдетте бұл жердің қыр қазағы су көзінің өнімін малға тұщы деп бағалап жатса, түйеденде де басқа мал ішетінсу деп түсіну керек. Егер алғаулы деп жатса ол нағыз қажеттілікте адам да ішетін су. «Ит ішпейді» деген үзілді кесілді нағыз тұзды тосаптың бағасы, ол теңізден де ащы. Маңғыстаудың теңіз жағалық аудандарында түйе жазда теңіз суынан ішуге дағдыланған. Оған үйренген түйенің еті өте дәмді келеді. Ит ішпейтін су сол теңіз суынан да тұзды. Қатты қаталаған түйе ентелеп келген қарқында мұздай, ит ішпейтін бастаудан 4-5 қайтара жұтудан әріге бармайды, сосын бауырын ыстық жерге төсеп бақырып жата қалады. Аңылжыған шөлдегі біз су тақсіретін солай тартып жүрсек, Сібірдің жергілікті халқы да ауыз судан тапшылық көреді екен кей жерде. Жоғары ендіктегілер тамақ пісіруге, шай қайнатуға тек көл суын, еріткен қар суын ғана пайдаланады. өзен суына әсіресе күзгі мұзына көп жоламайды. Оның суы іш ауыртады, үйренбеген адамды сол бойда құстырады. Оны айтасыз, мәңгі мұз құрсанған Гренландияның өзінің біраз бөлігінде ауыз су проблема. Себебі ондағы теңіз суы плюс 1,5 градуста, өзен суы 0 градуста, ал ауыр су плюс 4 градуста ериді. Ауыр су дегеніміз не сонда? Жер бетінде судың әлденеше сорттары болып шықты. Және олар тек дәміне қарап емес, физикалық қасиеттеріне қарай бөлінеді әрі өте коп, ғылымға күні бүгін белгісінің өзі 20-ны алқымдап жатыр. Біздің күнделікті тұтынып жүргеніміз Н2О ғылымда оны тротийлі су дейді. Ауыр суымыздың (Д2О) аты-дейтерий. Одан да ауыр-(Т2О) тротий. Ағзаға зиянды соңғы екі су біздің бағымызға өте болмашы. Мысалы, бір текше метр ауыр су алу үшін ондаған мың текше метр қалыпты суды арнаулы зауытта өңдеу керек. Солай бола тұрса да, онсыз адамзаттың қазіргі көп қажетін өтеу тағы мүмкін емес, өйткені ло-осы заманғы техникалық прогрестің қозғаушы күші. Атом өнеркәсібінде жылдам нейтронды тежеу үшін, геология мен археологияда жыныстың, табылған нәрсенің жасын анықтайтын изотопты индекатор ретінде қолданылады. Сутегі атом бомбасы тек осы ауыр судан жасалады.

Маңғыстау географтар тілінде сусыз шөл өңір делінгенмен, мұнда судың әлгі аталған барлық түрлері, сорттары бар. Тіпті жылдам нейтронды атом электр станциясының, оның қуатымен су тұщытатын қондырғының алғаш Ақтауда салынуына байланысты ауыр су да бар.сондықтан бұл мәселеге келгенде, сөз иесі бола кетсек, артық болмайды, айып-шамы жоқ.

Ежелден су қадірін білудей-ақ білген бул жердің жергілікті тұрғындары үщін су-өмір. Ол үшін күрес-өмір үшін күрес. өзге жұрт, ұлыстардың арасындағы арғы-бергідегі жаугершілік жер болғанда мұнда, ең алдымен жер нәрі су көздері үшін қан төккен. Сол алған жерін басқыншыдан қорғап қалғанмен де, қатын-бала, қара қазанның қамы үшін жаңа өрісті жаулап алған соң да міңір көрмеген, тыным таппаған.

Себебі жер ананың тап осы өңірі бойындағы нәрін перзентіне беруге келгенде тым тар қол. Оның зейнеті тек сорға жетеқабыл бейнетпен келген. Қара жерді сүйменмен айлап, жылдап қашап, ойып, су шығарған Қараштар еңбегі тарихта Египет пирамидаларын салған құрылысшылар еңбегімен ғана салыстыруға болар еді. Бұлардың айырмасы тек нәтижесінде: пирамида құрылысшылардың еңбегі еш, бәз баяғы адами кеппе даң құмарлықтың көрінісі, ал Қараштар ортақ ризық үшін тер төкті (Біз бұл жерде Қараштар деп шартты түрде Адайдың құдық қазуды ата кәсіби еткен Қараш атасын алып отырмыз) Олар қазып қалдырған жүздеген шыңыраулар-бүгінде ортақ қазына. Пирамидаларды бүгін адамзат мәдениетінің бір тіні деп танып отырса, шыңырау құдықтар-шөл даладағы мәдениеттің өңіршең жәдігері, құрамдас бір бөлігі.

 

-4-

 

 

 

Егер адам қолымен жасалған тасқақ, куп, қоңырдан суландыру жүйелерін де қосып айтар болсақ, халқымыздыңғасырлар бойы жасалған, жасақталған ұлттық мақтанышы мұра мәдениеті айдынын әріге салып әкетеді. Маңғыстаудың бұл мұрасы әлемнің еш жерінде

қайталанбайды дерлік қасиетті мұра! Маңғыстаудың бұл қастерлі жәдігерлерін Маңғыстау сияқты Алланың өзі өмір сүруге қабілеттілерді іріктеп, сұрыптау үшін жаратқандай қатал өңірде тіршілік үшін күрес қаhарманы бола алған халықтың маңдай терімен жасалған игілік! Өмірге, құштарлыққа орнатылған мәңгілік ескерткіш!

Маңғыстаудағы ол ескерткіштер-жұмыр жер сауырына жазылған тарих! Олай болатыны әр құдық, әр шыңыраудың дербес өмірбаяны, атақ жөні, аңызы, өлең жыры, әні, күйі, таңбасы бар. Оның әрқайсысының әйкелінің көлеңкесінде бір-бір Еңсептер(Ә.Кекілбаевтың «Шыңырауындағы» атақты Еңсеп құдықшы) тыныстап жатыр. әр шыңыраудың иесі мен киесі бар. Иесі-Төлеп батыр, Айтыман ақсақалдар болса, киесі солардың өлмес рухы мен ұрпақтан ұрпаққа ұласар «құдығымнан жат атын суармасын» деген аманаты. Маңғыстаудың әр қырындағы кейуананың зарығып көрген немересіне иіген сыңар емшегіндей әр шыңыраудың әр тасы, әр ойығы көп ер балалы үйдің жалғыз қызының бұрым ұшындағы шолпысындай. Еспелер мен орпалар тұнып тұрған поэзия! Тілдік қорымызға ене кетуден заман ағымы қағыс қалдырып, енді енгенде, онсыз да бай ана тілімізідің шұрайын келтіріп, шырайын келістіре кететін неше бір айшықты сөздер сонда қордаланып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, бұл-бір өзгеше әлем, өзінше өрнекке ие тылсым дүние. Біздер соған тек қоян жымыңдай көмескі ізбен келіп,байқастап қана сөз етуді ниет тұттық.

Атап айтқанда, әуелі су көздерінің өткенін халқымыздың өткен тарихымен бірге қарастырдық. Сосын оның әр кезде, әр заманда, әр мақсатта зерттеулеріне назар аудардық, құдықшылықтың тек кәсіп қана емес, өнер екеніне ден қойдық, ел аузындағы оған қатысты аңыздарға да құлақ түрдік. Соларды шола келе жергілікті жерде кең қолданысқа ие көп жерде түсініксіз, белгісіз создердің суға қатысты сөздігін жасауға талпындық. Сонда көз жеткізгеніміз-бұл тек мәдениет тұрғысынан ғана қарап өту аздық ететін ұлан-ғайыр игілік, кешенді тақырып. Тек тарихшының, археологтың әдебиетшінің құрылысшының, гидрологтың, т.б. мамандардың жалаң шабуылына алдырмайтын қамал. Сондықтан оқырмандарымыздан біздің бұл еңбегімізге ниеті құбыла жолаушының сол қамал іргесіне келіп, ат шалдырып, жақын төбе басында көзін көлегейлеп қарап тұрып, шерткен сз-мұз сыры деп қарағандарын қалар едік.

Академик Н.И. Андрусовтың талантты шәкірті профессор М.В. Баярунастың «Маңғыстаудағы су ағар аңғарлардан» дейтін тамаша еңбегі бар. Ғалым бірнеше аңғар, қапылардың фотосуреттерін де қалдырған. Шетелге кетіп Францияда өлген ұстазы Н.И. Андрусовпен байланысып хат алысып тұрғаны үшін халық жауы деген жаланың қамытын ілген М.В. Баярунас 1937 жылы сотталып, Қолыма лагерінде өлген соң, бұл іс аяқсыз қалды. Тұранды кейде тұрақ деп атау да кездеседі, мысалы, 11-теміржол бекетіне жақын Сартұрақ осы өңірдегі үлкен су көзінен саналады. Шөл даладағы өмір күрес десек, жете алмай айтқанымыз. Ол шын мәнінде, ажал мен бажа, көрмен тіршілік ету жанкештіліктің үлгісі. Егер түгендеп кетсе, Маңғыстауда шөлден өлгендердің моласы өзге жерлердегі індеттен өлгендердің моласымен шамалас шығар еді.

Біз тоқталып өткен табиғи су көздерінің біразы тұтыну жоқтықтан, бұл жерде санитарлық ереже дегенді ауызға алып жатудың өзі артық, құрғақшылық жылдары тазармай, көп тұрып қалған қоңырдан, тасқақ, күптердегі су көкаязданып балдыр басып, құрттап кетер еді. Оны тек сүзіп қана алады. Далада шикі суды үнемі қайнатып ішудің де мүмкіндігі бола бермейді. Содан ішек, бауыр, қуық аурулары көп. Түбектің далалық жерлерінің тұрғындарының ортақ жасы бұлағы көп, суы таза таулы жерлердің тұрғындармен салыстырғанда әлдеқайда қысқа.

Тұран, қоңырдың сулары қой аяғын малып бір ішкен соң, шуаш сасып, жарамсыз болып шыға келді. Сондайда түздіктердің оның шуаш иісінен, дәмінен арылтар әдісі-көсеуді шоққа қыздырып алып, суға салу. Сөйткенде су тазарып шыға келеді. Бір қызықта киік пен қара құйрық үйірлері қанша жерден жабылып келіп су ішсе де су дәмі өзгермейді

 

 

-5-

 

 

Бүгінде ауыз суға деген қардерлік азайды, дегенмен бұл су көздері әлі тұтынудан қалған жоқ. Үстірттің жағалай ернегіндегі арқарлардың негізгі суат көздері. Егер жаңбыр жауып, тұран, қоңырдандарға су түссе, сол маңайдың қарақұйрығы мен киігі үйірлеп келіп, сол жерде табар еді. Киік қазір азайды, көзі құрыды деуге болады, қарақұйрық та сирек. Сөйтіп, біртіндеп аталған суаттар тұл қалып келеді. Бірақ тандыры кепкен шөлдің бірден-бір нері ретінде олар өткеніміздің белгісі болып тарихымызда қалды.

Біз бұл еңбегімізде соларға тек қысқаша шолу жасай алдық. Онда да, негізінен, оған мәдени жәдігер тұрғысынан басымдау сипат бердік.

 

                                                ЖЕР БЕТІНДЕГІ БЕРЕКЕ КӨЗДЕРІ

 

Әлемдегі адам қолымен жасалған алып құрылыстар санатындағы ұлы Қытай қорғаны болса, соны суға, суландыруға қатысты сыңары тағы сол Қытайдағы біздің эрамыздың ІІІ ғасырына дейін қазылған ұзындығы 1500 километрлік Пекин-Ханчжу каналы мен одан Сычуань аймағындағы канал. Соңғысы бұдан 2500 жыл бұрын қазылыпты. Қазір екеуі де бар. Бүкіл ел ауылшаруашылығыныңкүре тамыры. Ежелгі заманнан бері канал тек Қытай емес, өзге елдерге де тән суға қатысты бірінші адам қолымен жасалған құрылыс. Ол кездің адамдары Кеңес кезіндегі біздер сияқты, әрине, табиғат бермесін тартып аламыз деп өрепкімеген, өзеуремеген, кеуде соқпаған, бәрі тіршілік қамы үшін жасалған. Қалыпты қарекет қатарында қабылданған.

Заманында біздің арғы бабаларымыз ежелгі қазақтар да бұл үрдістерді атап өткен жоқ. Қытайдағы, Ніл дариясы бойындағы алыптар болмағанымен, бұлар да кетпен-күрек ұстап, ұзынды-қысқалы суландыру жүйелерін қазғанын бүгінгі тарих, археология дәлелдеп отыр. Қазақ мал бақты деген тұжырым егіншіліктен мүлдем ада деген ұғым емес. Керісінше, егіншілік-біздің де ата кәсіп, тіршіліктің бір тіні болды. Ағын суы аз, шөл далада ол, әрине, өте баяу қосалқы күнкөріс көзі ретінде нашар дамыды.

Қазір біздің тілдік қорымызда «алыпқашты» деген сөз бар, оның әуелгі мағынасын көбіміз білмейміз. Сол себепті, «сөз аяғын алып қаштыға салып кетті», тағы басқа ауыспалы мағынасында қолданамыз. Міне, осы сөз-дәл біздің елдің ең әуелгі каналының аты. Шағын өзен, ағын сулар алды бөгеледі. Қанша мықты бөгелді дегенмен, ол көп су тегеурініне төтеп бере алмайды, шайып әкетіледі. Сол себепті бөгеттің жоғарғы жағынана канал қазылады. Бір емес,бірнешеу. Сол арқылы бөгеттің маңындағы егіске су апарылады. Сөйтіп, бөгетке жиналған су деңгейі бірқалыпты сақталады. Көшпелі адайлар төңкерістен бұрын Жем, Ойыл, Қайыл, Сағыз өзендерінің саласынан, сағанасынан осындай бөгеттер мен алыпқаштыларын мол салыпты. Оның іздері әлі сақталған. Алыпқашты-әрине, көп сулы жердің еншісі. Ал аз суду ше, онда, әрине, бөгетке түсетін ағыс суы әлсіз, тіпті әзер толады. Сонда да оған алыпқашты керек, себебі әлсіз, сақтықта қорлық жоқ, жауын жауғанда алыпқашты сағасы ашылады да артық су жөніне ағып кете барады. Маңғыстау ауданындағы Жармыш ауылы 1957 жылға дейін мал шаруасына қосымша егіншілікпен де айналысты. Мұндағы негізгі су құрылыстары қазіргі Жармыштың шығысы мен батысындағы бұлақ аяғына салынған бөгет болатын. Жергілікті жерде оны аудан дейтін, екеуінде де алыпқашты бар. Жауында, қыс кездерінде су солар арқылы ағып жатады.

Бөгет тек су сағасы ғана емес, шөлдегі құрғақ сай аяғына да салынатынының куәсіміз. Оның жәдігерлері түбекте әлі сақтаулы. Дәлірек айтқанда, роындары, қазіргі Жыңғылды қапысының ішінде, теміржол қапталында. Сай бойында таудың тасын сол жердің балшығымен қалап салған бір бөгеттің сұлбасы тұр. Одан төмен қарай тартылған ұзындығы бір шақырымдай атыз. Қазылып емес, жерден топырақ үйіліп жасалған. Аталарымыздың бұл ретте әжептәуір құрылыс маманы болғанының айғағы-бөгетті осы жолдар авторларының бірі (Ә.С) бұдан аттай елу жыл бұрын көрген, орны әлі бар. Көне көздер ол тіптен төңкерістен бұрын бар еді деп отыратын. Жоғарғы жағы бұлт сәл сіркіреп өтсе суы кедергісіз ағатын табаны тас, сан тарап сай. Солай қозы өрісіндей аумақтың бар суы осында келіп толысады. Бір толған бөгет суы біразға азық.

 

-6-

 

 

 

Тары дақылы бар болғаны қырық күнде піседі. Сонда әуелді егіп болған соң, содан кейін бас ала бастағанда мелдектетіп бір суарса жарап жатыр. Бөгет иесі диқан бұл жеріне көбіне тары егеді екен. Және бір жазда екі рет өнім алады. Жауынды болар жазды алдын ала болжап, бидай өзге де дақыл егіп, өнімге өарық болған жылдары да аз емес. Сондай бөгеттің ең шебер үлгісі-Қошақ жерінде. Оны салушы-Жаманқара Шорбас Алданазарұлы. Бұл бөгет аяғына салынған егін бір ауылды асырады,-деп отырар еді қариялар. Көбіне олармен салынған бөгеттер салушы көптер меншігі саналған. Көп бөгеттер маңында шаруасын күйіттеген адамның есімімен аталып, кейіннен жер атауына айналып кеткен (Ә.Кекілбаев «Бір шөкім бұлт», «Сәлмен бөгетте»).

Бұл ішінде Сәлмен бөгеті де бар көп бөгет аяғына егілген өнімімен жүрегін жалғаған көп жетім баланың бірі-Ә.Кекілбаев өмірінен алынған жолдар.

Хорезм, қазіргі Қарақалпақстанда «Хан Жабы» дейтін жер бар. Тарихы төмендегідей: «Баяғыда патша озбырлығына наразы Маңғыстау қазақтарының бір топ игі жақсылары Хиуа ханының құзырына барады. Бұйымдары-хан қарауына көшіп келу. Қлтанды бір ел қарауына келем деп отырса және мыңғыртып мал айдаған бай ел болса қарсы болып, ханды қара басып па? Қуана құшақ жайып қарсы алады. Келген соң бұл жақтың саудагер сарттарына көз сүзбей өзімен-өзі болғысы келген, яғни ертеңгі күнін ойлаған игі жақсылар бөлінген жерге қоса су да сурайды. Тарпаң Адай алдыма аяғымен келдің деген астам ойға кәіп болып отырған хан тағықолқ ете түседі. Бір құлақ суды бере салады. Оған қоса соңыра егіннен он жылға ғұшыр салығын алмауға тағы бар. Бір құлақ су-Әмуден дербес тартылып қазылатын канал. Басы-өздері, қосшылары-сол жердің жалданбалы сарттары, адай атаң балалары алақанды түкіріп жіберіп кіріседі іске. Бұл елдің тілінде ондай қазба жап делінеді екен. Не десе, о десін, тусырап жатқан өңірге сарқырап су келеді, ел орнайды. Сол кешегі бір замандарда тарыққан ұлтанды бір елге ризық тайып берген «ханжап» әлі бар. Ары да, заты да сақталған. Маңы-сыңсып отырған қазақ ауылдары. Не түрікмендерден мұраға қалған, не әлгінлей көрші елден келген кірме сөз, әйтеуір, Маңғыстауда жер бетіндегі тұрақты су көзін жетектеген қазба жап делінеді. Бұл-елдің тұтқасының бірі, алғашқы төңкеріс комитетінің төағасы, Маңғыстауды Түрікменстаннан қайта қосқан, сол ерлігі үшін 1930 жылы жазаланып, атылған Тобанияз Әлниязұлының Аусар жеріндегі ұзындығы үш шақырымдай жабының орны әлі сақталған. Жаптар өзге жерлерде де көп. Кешегі бір ашқұрсақ кезде «Жабы бар елдің жалы бар» деген қанатты сөз де келген өмірге.

«Қара суды өрге ағызады» дегенді біз көзбояушының ісі деп білеміз. Ақиқатында оқымаса да тоқығаны көп диқан аталар қол күшімен, көкей көзімен дәл солай етіпті. Шығыс Қаратау да-бұлағы көп жер. Амал не, сол бұлақ сулары аяғындағы қайырға сіңіп, босқа кетіп жатыр. Егіске жарамды тегіс алыста. Әрі ортада тағы бір тау қырқасы бар. Еңбекқор диқандар осы екі аралыққа топырақ үйіп, атыз жасаған кезінде.бірақ сол күшімен үйілген топырақ жалды әлгі ортадағы қырқа деңгейіне жеткізу тіпі қиын болса керек. Қырқа-биікте, атыз-төменде, бірақ қырқаның сиыр құйымшақ шетінен айналдырып салынған атыз арқылы су етегіндегі егіс алқапқа еркін жеткен. Сонда диқан судың ағыс екпінін пайдаланыпты. Бір демге асуға жеткен су қарқынымен лықсып ағып әрі асатын болған, артынан екі ортада қалатын іркінді су бар ғой. Атыздың ол жеріне жағалай қауын-қарбыз егіледі екен. Сонда бар жерден шаруақорлық, үнемшілдік үлгісі көрініп тұрған жоқпа?! Жалпы су қадірін бір білсе, шөлейт Маңғыстау елі біліңкірейді. Қолымен атыз салу, жап қазу-ақіретті жұмыс. Соған төзіп, қазғаныңның ризығын жылма-жыл көру де қиын. Себебі, онсыз да қарашірігі аз жердің құнары тіпті мардымсыз делік. Байырғы қазақ жерді көңмен тыңайтуды білген жок. Білу былай тұрсын, болашақ азығын мал қиымен былғап өсіру дегеніңізді ұғынуы да мүмкін емес-ті. Соған орай атыздыр, жаптар ұзара берген, осылайша бір алқапта аумақта суландыру жүйесінің үлкен бір кешкні қалыптасқан. Орындары, іздері әлі күнге дейін көзге ұрып жатқан олар, жалпы Маңғыстаудағы ежелгі суландыру тақырыбы жазушысын, зерттеушісін асықпай күтіп жатыр. Бірақ ол асықпайды екен деп біздің жайбасарлыққа салына берйіміз өкінішті.

 

 

 

 

-7-

 

 

 

КЕРІЗ

 

Орталық Қаратаудың солтүстік беткейінде бесенеден белгілі болып ақ шекелек бөлек тау тұр. Шеттері тік ұшпа, құз жартас, тек бір ғана жалғыз аяқ ат жол бар. Үсті тақтайдай тегіс қоңырлық. Оған тырбық бұйрығын, арагідік баялыш, күйреуік өскен. Тау ернектері жағалай жауын, қар суы түсетін шұңқыр тасқақтар. Тау жынысы ақ бор тас. Тау етегіндежоғары қарай түйетайлы етіп қазылған үңгір бар. Ауыз жағы адам еңкейіп кіретін кең, ұзаған сайын адам еңбектеп жүретіндей тарыла береді. О баста ол ұзара береді де, тау үстінен қазылған құдықпен жалғас жатқан делінеді, бертін келе құлап көміліп қалған деседі. өте бір көркем әдемі жер. Сондықтан гой, 1990 жылы Маңғыстауға келген белгілі әнші София Ротару осы үңгір аузында бірнеше әнін орындап, бейнетаспаға жаздырды. Қазір ол Россияның мемлекеттік телеарнасының алтын қорында сақтаулы. әнші арқасында бұл жер солай үлкен көгілдір экран арқылы көпке танылды.

Маңғыстаудың әр тасы аңыз десек, мұның аңызы тіпті бөлек. Енді бір сәт соның сорабына түсіп көрелік.

Тау үстіндегі қамал әлденеше айдан бері қоршаулы, алдырар емес. Қамалдың кірер қақапасы біреу. Ол ана шыңның құбыла бетіндегі жалғыз аяқ жол. өзге жағы ұшқан құс қанаты талады дерліктей биік құз жартас. Жасанған қол түгілі, жалғыз-жарым тәуекел иесінің өзі арқанмен өрмелеп шығуға жүрегі дауалар емес. Шабуылшылардың шамалауынша, қамалдағы қол қарасы көп емес. Бірақ бекіністерінің мықтылығынан алдырмай тұр. Азық-түліктері жеткілікті сияқты. Әйтпесе не аштан бұрлығып өлер еді, не қақпаны ашар еді. Бұл қамал осы елдің орталық астанасы іспетті. Демек бұл құламайынша, бұл ел жеңілді, берілдіге есептелмейді. әр бұлақ, әр құдық басына шашырай қонған әр ауылдың, тау, тас, ну түлей арасындағы қаруын тастамаған жансебілдердің қарсылығы басылмайды. Басылу орнына ол тіпті күннен күнге үдеп барады. Енді келіп кеше қан майданда қарсыластарын айбын асырып қатарын сетінеткен шабуылшы жақ емес, қорғанушылар жағы есе алып бара жатқандай. Шарасы таусылған дұшпан әбден сілеледі. Тақия төбедей қамал таудың іргесін қорып жата-жата жамбас тесілуге айналды. Мың сан тұяқ кесті болып, оты таусылған жерде алдымен ат арыды. Алды өле бастады, арты көтерем. Азық-түлік таусылуға жақын. Көтеремнен өлген аттың көке жасығын қаужаңдап талғажау еткен жауынгерлердің көбі тышқақ, көздері үңірейіп кетті. Өткенде бас қолбасшы әскердің көбін осыдан екі көш жердегі бұлағы сарқыраған тау қойнауына апарып, диландырмақ болған. Мұнда қамал аузына аз ғана тосқауыл жасақ қалдырған. Ауыр қол алды діттеген жерге жете бергенде, арттан бір суық хабар жетті. Етектегі жағдайдың бәрін тау басынан көріп-біліп отырған қамалдағылар түн ортасында қақпадан білдіртпей шығып, сақшыларды тұрған жерлерінде сілейте салып, қалың уйқыдағы әскерді ту-тулақай етіпті. Көбісі сол жатқан жерлерінде тырапай асып қала берген. Негізгі қол қайта айналып келгенде, көздері атыздай болып, тіл қатуға шамалары келмей қалды. Маңай өлексе сасиды. Тіпті тыныс алу мүмкін емес. Түнгі қансоқтаға ертесіне ұшып жеткен қарға құзғын бейне жеңсік асын жаңа көгендей болып, өлгендердің көзін шоқып жеп кетіпті. Одан қалғанының қызығын көк шыбын көрген. Баржиып ісіп жарылған өліктердің денесі құжынаған құрт. Сонда да тоят алмаған шыбынның бәріне бірдей өлік үстінен орын жетпей қарақұрым болып құжынап жүр. Мұны көгенде кейбіреулердің естерінен танып, шыңғырып жылап, сақылдап күлгендей болып еді. Бейбақтардың бастары жүзбасының қылпыған қылышымен ұшып кетті. Онсыз да иін тіресіп жатқан өліктер жаңасымен толықты. Осының бәрін көзімен көгенде талайды басынан өткерген кексе жауынгердің өздерінің жүздері отқа көмген бауырдай болып, қабарып сала берді. Қырсық Құдай сол күні де қорғанушылар жағына шығып, желеп-жебеп, желін сол жақтан соққызғанын қара. Қамал басынан асқан, қуырған еттің, жылқының жас сорпасының иісі өлгендерін жерлеп жүріп, иістері қолқасын қапқан, үстеріне сіңген қоршаушылардың танауларын жарып, аш өзектерін онан сайын шұрылдатты.

 

 

-8-

 

 

 

Қамалдағылар түнгі шабуылда қалған көліктің барін қолды етіп, жілігі татымайтындарын қарнап тастап, жылан қарағы барларын қамалға айдап алған. Енді соны сойып, асып қалғанын қуырып, қарынға түіп, мәре-сәре болып жатқандары анау.

Таң ата бас қолбасыдан жаңа әмір келді. әр жүздіктен он-оннан кілең қажарлы жігіттер іріктелініп алынып бөлініп әкетілді. Үш күннен кейін тағы он жігіт әзірлеп қою бұйырылды. Артынан белгілі болды: алдыңғы күнгі шабуылда қамал ішінен бір сатқын жылыстап шығып кетіп күн ұзаққа тығылып жатып, ертесіне бас қолбасшыға келіпті. Қамалда әлі кемі жарты жылға жететін азық қоры бар. Ең қардері су екен,-оның да түйіні шешілген. Тау басынан терең шыңырау құдық қазылып, су содан алынады. Бақтарына құдық суы тұщы әрі мол болып шығыпты. Күндіз-түні қауғалап тартса да сарқылмайды. Салқын құдықтың қамалдың дәл қай тұсынан қазылғанын да сілтеп, нұсқап айтып берген.

Содан бас қолбасшы баhадүрлерімен ақылдаса келіп, тау іргесінен әлгі құдыққа апаратын үңгір қазуды шешіпті. Сөйтіп, су алатын жолды кесіп, қамалдағыларды шөлден қатырмақ. әлгі жігіттер сол жұмысқа жегіліпті. Жұмсақ әк тас дегенмен, ол үңгірді тесіп құдыққа жету де оңай болмай шықты. Кім қолына қайла, сүймен ұстап көк тас қашап кәсіп еткен. Небір атан жілік жігіттеріңнің өзі демде алақандары ойылып арса-арса болып шыға келеді, олардың орнын басқалар алмастырады. Қолбасы бұйрығы-жұмыс бір демге де тоқтауы тиіс емес. Ақыры бір ай бітіп, келесі туған ай қорғалағанда барып әлгі қарғыс атқыр құдыққа да жетті-ау. Сау болғыр сатқын оның жобасын дәл нұсқаған екен. Құдықтан су тартып

 

алынып келе жатқан қауға жібі қиылғанда, сатқынның да басы иығынан шабылып сырғып түсті. Енді оның керегі жоқ еді. Өз қандастарына опа бермеген ол зәмдәмі бұларға қайтып жолдас болмақ. Мына ұнжырғасы түскен қолға сабақ болсын деп оның басын бас қолбасы көрнекті жерге ілгізіп қойды.

Онан әрі қолдың қарсылығы көпке ұзаған жоқ. Кәрі-құртаң жағы, олар онсыз да аз еді, су көзі бітелген бойда құдыққа құлады, олардың жолын жауға қарсы қайрат қылар ерлерінің тіршілік көздеріне ортақ болғысы келмеген әйелдер балаларымен құщты. Мұңлықтардың барі көздеріне жас алмастан, дауыс шығамастан, балаларын бауырларына құшқан күйі құдықтың аран аузына жұтылып кете барды.Сөйтіп, күні кешегі бұларды тіршілікке жалғаған жалғыз тін-құдық енді бәрінің ортақ көріне айнала салды. Ең соңғы қалған суды бір-бір тостақтан бөліп ішіп, таңдай жібіткен қамалдың ержүрек қорғаушылары қақпаны ашып шығып, жауларына тарпа бас салып, арыстанша арпалысып өлді. Бірде-бірі тірі қалған жоқ. Одан бері де талай су ақты, талай жыл артынан жыл аунады. Тіпті өткен уақыт бедерін түгендеуге ғасырлардың өзі өлшем болудан кетті. Бәрі өзгерді,заманалар жаңғырды. Бірақ бәрі-бәрінен күшті, бәріне әмірші, уақыттың бір нәрсені жоқ етіп жіберуге құдіреті жете алмай қалды. Ол мына қамал тау, оған қатысты біз нобайын айтып берген аңыз, аңыздың заттық дәйегі тау іргесіндегі үңгір.

Ел жады осылай дейді. Енді гидрогеолог мамандардың пікіріне құлақ түріп көрелік. Олар нақты ғылымға сүйенеді. Сондықтан тоқтамдары дәйекті, дәл, ешқандай шәкке орын жоқ.

-Үстінде қамал болды делінетін мына тығырық шыңның астыңғы бөлігі жер қатпарының құрдымына бойлап кетіп жатыр. Бұл бейне Антрактидадағы айсбергтер сияқты су бетінде шекесі ғана қылтиып тұрған. Сом жаратылған оның бойында су болуы мүмкін емес. Ал бор тауды ол уақыттың сүймен, күрегімен, қол күшімен қазып, көктей өтіп, ақырына, жету тағы мүмкін емес. Тіпті жетті деген күннің өзінде ол өте терең қатпарда су жоқ және болмайды да!

Сонда әншейінде ақиқатпен өрілетін аңыз бұл жолы бағытынан адасып айдалаға лағып кеткені ме? Ол солай деген күнде ана сұлбасы әлі сақталып жатқан үңгір не? Ол еріккеннің ермегі шығар. Соншама алып құрылысқа айлап-апталап тер төккен бағзы заманның құрылысшыларының да белгілі бір нысанасы, мақсат, мұраты болиады дегенге кім сенер?

 

 

 

-9-

 

 

Сан жылдар бойы бұл сауалдың шешімібейне математикадағы Герон есебі сияқты шешімі табылмаған жұмбақ күйі қала барды. Қамал тау, үңгір тек әлгі аңызды ғана еншілеп, соған қанағат тұтып сартап күйде жата берді. Археолог мамандардың назарынан сыртқары, оқшау Маңғыстау өңірінде үңгірдің көміліп қалған бөлігін аршу, тазарту тағы да ескерілмеді. Әлі солай.

Кенет тылсым үңгір құпиясы кілтін алдымызға ұсынғандай болды. Ертедегі «Сиам ашыл» дегендей, ол-бір ғана сөз. Парсының шер (арыстан) деген сөзі. Осы жердегі қамал аты, көне қала аты-Шерқала. Яғни Арыстан қала. Десе дегендей, жаратылыстың өзі сомдай салған, бөлек таудың бір басы бейне арыстанның жалына айнымай ұқсап құбылаға қарай ұмсына біткен. Оның шерқала атануы зерттеушілерін бұл өңірді парсылар мекендеген тым көне, қадым заманына бастап әкететіндей. Үңгір сол заманнан жеткен жәдігер болмағай…

Маңғыстау ойында Ыбырай Серікбайұлы дейтін қарт болды. Ешқайда ұзап шықпаған, байырғы осы жерлік. Кезінде ауыл медресесінен сабақ алған, ескіше сауатты, құлағы түрік, көкірегі сәулелі,әңгімешіл, кеңесшіл, сыр сандық кісі еді. 1980 жылдардың аяғында бақилық болды. Осы жолдар авторының бірі (Ә.С) 1988 жылы Ондыда қарияға арнап барып көрісіп сәлемдесіп, әдеттегідей әңгіметиегі ағытылып дегендей,  сөз арасында осы қамал, үңгір жайлысөз болды. Дұрысын айтқанда, біз тарапынан ол туралы қойылған сауал. Ыбекеңнің соңғы жылдары көзі көмейтін болған.

-Баяғыда тау іргесін көмкерген төменгі қамал қабырғасының  сұлбасы бар-тын. Қазір бар жоғын анықтау, көріп отырсың, атаңа мүмкін емес. Жиі барғыштап жүретін сияқтысын-орны бар ма екен? Көзің түспеді ме?

-Бар, Ыреке.

-Ендеше, үңгірдің оған қатысы бар. Бәлкім, ол үңгір биік қамал тау үстіне шығып кететін жол міндетін атқаруы. Біздің бала күнімізде тау үсті қаптаған су түсетін тасқақ, тұран еді. Кейбірінің аралары қосылып, бәрінен шығар су ағылар бір тұста тоғысып та жататын.

Сол тоғысқан жер-ойыс. Соны үдкендер астындағы үңгірдің екінші аузымен жалғасатын құдықтың аузы дейтін. Сен сауалыңның нақты жауабын осы тұстан бір іздеп көрсең етті.

Ыбекең бұдан кемі 70 жыл бұрынғы көргенін айтып отыр. Одан бері де көп су ақты. Жер бедері өзгерді. өзгермеген бір нәрсе-жауын сәл сіркіреді-ақ әлгі тастақ, тасқақ, тұрандарға су түседі, бұршақ қақ тұрады. Тау үстін тұрақты мекендеп келе жатқан арқары бар. Олардың су көзі осылар. Осы орайда бұл жердегі таудың аты Айрақты екенін де қаперге береміз. Айрақты-көне түркі тілінде арқарлы деген сөз. Ыбекеңнің сол айтқаны түрткі болып, қамал тау басына да шықтық. Сел, топан суға байланысты суды халық тілсіз жау қатарына да қосып жібереді гой. Судың күші-Ұлы Мәртебелі уақытпен бақталастығында екен. Соның да нақты мысалы Маңғыстауда. Қазір теміржол өтіп жатқан Жыңғылды сайының бойында Қызылқорған дейтін жер бар. Қапының қарсы бетінде Қарақорған-бұлар да бағзы замандағы Шерқала сияқты қамалдардың орны.

Қызылқорғанның бүгінде төңірегі мүжіліп құлай-құлай тек тамтығы ғана жеткен. Түбінде су ағар сай. 1960 жылдар басында сай бойында әрқайсысының сыйымдылығы 1-2 тонналық бірнеше тасқақтар бар еді. Кезінде қолмен қашалып жасалған. Жыл он екі ай бойы қар, жауын суынан арылмай аузынан шығып, лықып, әңгіп-толып жататын. Төңіректегі бірден-бір тұщы су көзі-осы. 1915-1920 жылдары қозы өрісіндегі жердегі Қапаш мешіті деп аталатын үлкен құрылысты салуға су осы тастақтардан алынған. Биыл 2005 жылы осы еңбекті жазу үстінде арнап барып көмегенімізде бұдан 40 жыл бұрынғы тереңдігі кісінің иығынан келетін тасқақтардың орны, ұрғыны ғана қалыпты. Аққан су тегістеп жіберген.

Демек, қамал тау басындағы сондай көп тасқақтар, тұрандар орны, су ағар жолдар тегістеліп, жоғалып, бағытын озгертіп кеткен. Сонымен біздің жұмбақ үңгіріміз басқа ештеңе емес, керіз болып шықты. Дәлірек айтқанда, Маңғыстауда біршама жақсы сақталған соның ізі. Тау үстіне жауған жаңбыр, еріген қар суы сол керіз арқылы етекке жеткізілген. Кезінде керіздің етектегі аузында тоспа болғандығында сөз жоқ. Оған жиналған су егістікке пайдаланылған. Жаугершілікте оның қауіпсіз қамал тау басына шығып кететін жер асты жолы міндетін атқарғаны да күдік туғызбайды.

 

-10-

 

 

 

Сонда керізіміз не?

Саяхатшы Вамбери шығыстағы керіздердің схема жүйесін салып қалдырып оны негізгі суландыру құрылысы дегенге саяды. Және ол өте-мөте Иран жерінде кеңінен тараған. Керіз-о баста парсылардың төл мәдениеті. Қазіргі Иран керіздің заңды мұрагерлері, оларда керіз әлі қолданыстан шыққан жоқ. Шығуы былай тұрсын, тіпті ол әрі арзан, әрі тиімді суландыру жүйелері болып табылады.

Маңғыстаудың Үстіртінде де Айрақты атты жер бар. Төлеп теміржол бекетінің батыс бетіндегі ежелгі теңіз табаны сор ортасындағы арал сияқты тау. Алдыңғы ғасырдың орта шенінде түбекке келген, жер аударылған поляк зерттеушісі Б.Залесский суретін салып алатын Айрақты-осы Б.Залесский кейіннен бұл суреттерін «Қырғыз даласындағы өмір» деген атпен Парижде бастырып шығарды. Бұл Айрақтыны ауызға алып отырған себебіміз-түбектің өзге жерінде керіз болды ма? деген сауалға жауап іздеу. Осы жердің байырғы тұрғындары Үстірттің Айрақтыға қараған бетінде әлденеше бұлақтардың болғанын айтады. Олардың бітім-болмысы қызық. Үңгір бойлап ағып келіп жатыр. Сарқылмайды. Қасындағы өзге бұлақтардың суы ащы, не алғаулы болған да ол тұщы. Төменгі жағында егіс салынған, олардың орны жатыр. Қазақтардың бұрын бұл жерді мекендеген түрікмендер әлгі бұлақтардың көзін жыл аралатып, үңгір бойлап барып аршып тұрады екен, бірақ бір шақырымдай жүріп, онан әрі бойлауға тәуекелдері тұрмаған. Ернек үсті-жағалай шыңырау. Солардан сақталып, бүгінге жеткен жалғыз Сары деген шыңырау. өзгелері әлденеше жылдардан бері аршылмай, кейбірі құлап, айналымнан шығып қалған. Ертеде сол шыңыраулардың бірінеи түсіп кеткен қауға етекте әлгі бұлақтардың бірінің аузынан шығады екен деген әңгіме айтылады. Сол Айрақтыдан бір көштік жердегі Қосақыр Шилі маңындағы бір шыңырауға түсіп кеткен лақ етектегі үңгір аузынан шығып, ауылға маңырап келіп, дүйім жұртты таңқалдырғанын айтатын көне көздер. Бұған қарағанда, бұл өңірде де керіздер болған сияқты. Оны соңғы тұтынғандар-түрікмендер. Атамекендерінен қазақтар зорлықпен ығыстарған соң олар, әрине, жауларына керіз құпиясын ашпай кеткен. Ашу былай тұрсын, заманында түрікмендер аузын бітеп жасырып көміп кеткен кей мол шыңырау құдықтар осы бертінге дейін табылып келді. Қорыта айтқанда, шөл даладағы сушылық өнердің шыңы дерлік, суландырудың үлкен кешкенді бөлігі-ежелгі мәдениеттің жәдігері-Керіз Маңғыстауға

 

да шетін емес. Ол күннен-күнге қанат жайып, өркендеп келе жатқан ұлттық ғылымымыздың зерттеу аясына енер күнін асыға күтуде.

Міне, керіз кезінде Маңғыстауға да кеңінен тараған болып шықты. Оның ең көп жері сірә, таулы өңір, Қаратау, Ақтаудың төңірегі. Жармыш ауылының күншығыс құбыла бетінде Уақ бұлақ деп аталатын қолқат бар. Атына сай тау бөктері-толы бұлақ. Қазір көбі тартылып қалған. Бұдан жарты ғасыр бұрын салма, арықпен ағып жататын. Ел аяғына егін салатын. Осы Уақ бұлақтың шығыс шетінде батысқа қараған тау баурайында екі керіздің орны осы кезге дейін сақталған. Мұның о бастағы құрылысы Вамбери сызып қалдырған керіздерге ұқсас, былай көздің өзіне бесенеден белгілі. Өн бойы су көзі, сарқырап аққан бұлақ Қаратаудың бір ғажап құпиясы бар. Геологияда перм, триас жынысы делінетін жыныстан тұратын Қаратаудың тасы бір жерінде ніл қара көк, бір жерінде жалқын қызыл. Алдыңғысының бойында мыс кені, соңғысында темір бар. Осы темірі бар қызғылт жыныстан  шыққан су удай, жергілікті тілмен айтқанда, ит ішпестей ащы. Және көп жерде бұлар таудың етегіне таман болып келеді. Тап осы Уақ бұлақ керізі бар жерде де солай. Бұдан шығатын қорытынды кезінде жоғарыдағы тұщы бұлақ суын жолшыбай ащы бұлақ суына араластырмай, төменге жеткізу үшін керіз құрылысы пайдаланылған. Өзге жері жер астымен болған бұл керіз ащы су көзінен өтер тұстың үстінен тас қаланып жасалған аспа көпір арқылы өткен тәрізді. Ирандағы керіз қазушылар жердің жоғарғы, оппа шұңқырлардан су өткізгенде, әлі күнге осы әдісті пайдаланады екен.

Ежелгі суландыру- керіз зерттеу ісі- бір ізге түспегендігі былай тұрсын, мұның осы уақытқа дейін қолға алынбағандықтан, Қаратау мен Ақтаудың өзге жерлеріндегі керіз іздері туралы айта алмаймыз.

 

-11-

 

 

 

Керіз мәселесінде Маңғыстаудың көші озғандығы таулы Ирандағы, Түрікменстандағыдай емес, мұның жазығында да керіз кездесетін болып шықты. Оның әзірге бізге белгісі біреу болғанымен бірегей.

Шығыс Бозашыда Мәстек дейтін жер бар. Мол су көзі кең, көлдеу ой іші толы құдық. Біздің бала кезімізде оның ұзын санын үлкендер үш жүзден астам деп отыратын. Кей құдықтардың арасы екі-үш метр. Сонда арасын жиі етіп бұлай құдық қазу неге қажет болды екен деп таң қалатынбыз. Енді білсек, ол жайдан жай болмай шықты. Мәстек жазық жердегі керіздің заманындағы ең жетілген үлгісі екен.

 

 

 

 

                        

 

                                          түнейді.                                                

 

 

 

 

 

-13-

 

 

Шаңдының келіні Аймөкеннің қызы екен. Мал сойылып, табақ тартылатын мезгілде, Шаңды айтатын көрінеді «Келін, басын Аймөкеннің басынша шаңбақтап тіл»,-деп. Келін арға шауып, шыдай алмайды. Қатысқан адамынан төркініне адам жібереді. «Тірі болса, Байбоздан кегін алсын, менің етімнен өтіп, сүйегіме жетті, мен тірлікте жүре алатын емеспін, бұл үлкен қорлық болды»,-деген. Күздің күні Шаңды ауыл-үйін, қыстауға көшіріп жіберіп, өзі қостанып қалған жерінде оны Жаңайлар ұстап алып, басын дөңгелете тіліп, шаңбақ салып жіберген көрінеді. Шаңдының келіні енді бас тартылатын уақытта, «Ата, басты қалайша тілейін десе, Шаңды тұрып: «тілің кесілсін келін, қалай тілсең, олай тіл» деген екен. Кейіннен бұл оқиға ел аузында «Шаңдының шаң қабуы» делініп кетулі.

 

МЕРЕД

Бұрынғы Каганович колхозы орналасқан маңдағы үлкен терең сайдың жоғарғы жағын Меред сайы деп атайды. Осы үлкен сайдың басталмасында 100 метрдей жерде үлкен, шошық екі қара там бар. Ертеде осы қоныста түрікменнің жесір, бай кемпірі тұрыпты. Сай соның атымен Меред аталған көрінеді. Мередтің жалғыз қызы, қарауында көп жалшылар болыпты. Бір қазақ жігіті ед соның жалшысы екен. Малы көп, суаратын су тапшы. әлгі қазақ жігіті сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі де, көрікті жігіт болған. Жігіт тауды жарып, көк тастан жол салыпты. Таудың тасын қашап жол салу қандай қиын! Қой тау басынан төмен түсуге қорқып, аяқ баспайтын көрінеді. Қой бастайтын серкені, екі-үш ешкіні енсіз таудан қашап салынған әлгі төмен түсетін жолға лақтырса, қой артынан шұбырып ереді екен. Екі қатар болып жүре алмайды, бір қой сыятындай ғана тар жол еді. Жігіт сол төмендегі сайдың етегінен 40 құлаш құдық қазған. Кемпірдің жалғыз қызына сол жігіт ғашық болып құдықты бітіргесін екеуі қашып кетеді. Ол күнде қазақ пен түрікменнің қыз алыспаған кезі екен. Меред қызының артынан қуғыншы жібереді. Қуғыншылар жеткен жерінде атып өлтіріп, екеуін екі жерге бөлек жерлепті. Мередтің: «Өлгенде де қосылмасын» деген талабы бойынша солай жерленген. Екеуінің тамдарының арасы 40 қадам.

 

МЕРЕД

(ІІ-нұсқа)

…Тау бөтерлеп үдере көшкен ауыл кешегі қырғын төбелестің азасынан әлі арыла алмай, көңілсіз баяу жылжып барады. Қызылды-жасылды алаша-кілемдер жабылған көш тізбегінен көрінім жер алда бір топ ауыл ақсақалдары, одан кейінгі қыз-келіншектер тобы коптен коп ұзамай жай аяңмен келеді. әншейінде әзіл күлкі, бір-бірін өлеңмен іліп-қағып айтысып, әсіресе, мұндай қысқа қоныстан жазғы жайлауға бет алған көші-қон сапарында бой жазып бір жасасып қалатын жастар тобы да көңілсіздеу. Орта тұста қазмайын қаракөк ат үстіндегі Меред сұлудың ақ құба өңі қуқыл тартып, мойыл көздерінде мұң тұнып қалғандай жабырқаулы. «Су. Осыншама елді зарықтырып, ен далаға сиғызбай қырылыстыратын да-су. Жасаған-ай, осыншама жапан түзге тым болмаса, бір бұлағыңды қимадың ба? әттең, қыршын кеткен Матай». Қыз кеше ғана соққыға жығылып мерт болған немере ағасын есіне алғанда, көкірегі қарс айырылып, күрсіне берген. әкесі бай болганымен, Әлімнің құдіреті одан асып

 

түсті: бұларды «Аққұдықтың» басына түріп айдап шықты. Екі жақтан да кісі өлімі? бұлардан екеу болса, Әлімнен үшеу…

Қыз биік жартасты, шатқал құзды нұсқағанда, біреулер «таудың жылтыр тасы болар»,-деп, екінші біреулер «Ойбай, ол тегін болмас, шайтанның ойнағы да!»-деп, өздерінше өлшеп пішкен.

-Мен білсем, сол су болуға тиіс,-деді Меред атын тауға қарай бұра беріп.-Құдай көз жасымызды көрген де!

Аттылар қатерлі құздарға етектен көз салып, ағып жатқан бұлақ суы екенін көріп еді. Бірақ құз басынан құлаған су етекке жете алмай, шатқал тастар арасындағы құмға сіңіп кетіп жатыр. Қыз жанындағы бозбалалардың бірін жіберіп, әкесіне хабар салды. «Көшті кідіртсін»,-деген өтінішін қоса айтты. Ақылдылығы мен әдемілігі адай еліне тарап, талайды тамсандырған, алыс-жақыннан ат сабылтқан бозбалаларды менсінбей келген Меред сұлу еліне жар салуға бұйырды:

-14-

 

 

-Бұлаққа жол салған адам кім де кім болса, менің жарым болады! Талай жігіт мерт кетеді. Ақыры Меред өзі бастап, қалың елді жабады. Шоңғал тастарды ұзын арқан байлап түйемен аудартады, әр адамға бір қадам жер бөліп беріп, қашатады. Көп күнгі бейнетпен биік құзды шатқалға көлікті адам жүріп өтетіндей жол салынады. Шатқалға жол салдырған сұлу қыз:

-Арманым едің!-деп бұлақ суынан сусынын қандырғанда, өліп кеткен екен… Бұл-менің Мұстахи ағайдан естіген әңгімем.

МАҢҒЫСТАУ СУ КӨЗДЕРІ

 

           Шөл даладағы, оның ішіндегі Маңғыстаудағы, бірден-бір су көздері-құдықтар.

-Адамдар сияқты мал да жыл бойы тек құдық суын ішеді. Құдықтар солтүстікте тайыз, оңтүстікте тереңдеу. 2 сажыннан артық құдықтар шыңырау деп аталады. Маңғыстау тауларының оңтүстігіне таман тереңдігі 30-40 сажындық шыңыраулар бар. «Маңғыстау таулары деп отырғанымыз Солтүстік Үстірттің қазіргі Атырау, Ақтөбе облыстарының шекарасындағы Оймауыт, Желтау туралы. Экспедиция сапары сол жерлерді қамтыған.

-Маңғыстау тауларында аз сулы таңқы бұлақтар бар. Көктемде тостаған тәрізді шұңғыл саздауыт жер табанына еріген қар суы жиналады ад, бұл уақытша көлшіктер «қақ» немесе «тақыр» деп аталатын мал ішетін суат болады… Барлық құдықтар мен шыңыраулар кермек не ащы сулы. Суы тұщы құдықтар мен шыңыраулар сирек.

-Шыңырау. Тереңдігі 30-40 сажын, таспен шегенделген, аузы тас немесе топырақ үйіліп қоршаған терең құдықтар. Шыңырау жанында 10 шелек су сиятындай тұтас тастан ойылған астау бар. Шыңыраудан су 5-10 шелектік меспен алынады. Ол ашық жағынан дөңгелек не төрт бұрышты, не тік төрт бұрыш, не сәл қисықтау болып матастырылған. Матасқан жеріндегі шығыршыққыа ұзындығы жарты құлаш таяқ бекітіліп ұшына ұзындығы 30-40 см. жіп байланған. Ол жіптің екінші ұшы ұзын арқанға жалғаулы Арқанның келесі ұшы суды тар шыңыраудан тартып шығаратын түйенің беліне байлаулы. Шыңырау айрықша сұраныспен қазылады және қазу 100 ірі қой тұрады. Шыңырау қазатын, оған астау қоятын-белгілі шеберлер. Оларды байлар жалдайды. Құдықтары таңқы тайыз солтүстік жағалауларда әр алуан бірнеше құдықтан қазады. Олар бүкіл ауылдың ортақ пайдалануында. Көшпелі адайлар-құдық қазудың шеберлері. Олар жұмыстарының таза, ұқыптылығымен таң қалдырады. Құдықтың үстіңгі-бет аумағы 0,5 құлашқа жетеқабыл, үлкенінде 1,25 құлаш тереңдігі 2,5. 3.4.5. құлаш, қабырғалары тегіс және тік. Құдық аузы 0,5 құлаш биік үйінді қоршаумен қоршалған. Сыйымдылығы 3,4 шелектік, астау қоршаулы. Құдықтан суды қоршау үстіндегі адам тартып шығарады да, екінші адамға береді ед, ол астауға құяды.

Әр адай темір күрек асып жүреді. Оны беліне қыстырып жүретіні себепті онысын өзге қазақтардай күрек деп емес, белдеме дейді. Ертеде әр қазақ өзімен бірге шақпақ, пышақ, шылбыр алып жүрген.

 

Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы

географиялық ұғым беретін сөздер

 

  1. Аджы
  2. Адым
  3. Ағын –ағып жатқан су көзінің ауызекі тілдегі атауы.

а)Жер асты ағыны, ә) Ұры ағындар, б) Қос түтек ағын, в) Ақө түтек ағын,

г) Суыт ағын, д) Сарқырама ағын.

  1. Айдамал- түбірі малды айдау дегеннен шыққан. Елді мекеннен, қыстаудан жырағырақ, малды айдаңқырап бапыр суартын су көзіне қатысты айтылады.Жергілікті жерде кең қолданыста әдеби тілімізде алғаш қолданып айналымызға енгізген — Ә.Кекілбаев.
  2. Ақсақ күнара:
  3. Ақыр
  4. Арна
  5. Алғи – Маңғыстау мен Атырау қазақтарының,көбіне Адайлардың өлең-жырларында, аңыздарында Х-ХХғ.ғ бедерінде қолданылған аңыздық жер атауы.
  6. Айдың тууы (Ә.Кекілбаев, «Үркер», 282-б.)
  7. Айырық 18. Апажар 26.Басқұдық              34. Бұршақ қақ
  8. Алғаулы 19. Аусар 27. Бақтырылу           35. Булы ойық
  9. Арық 20. Ащыбас 28.  Башартпай           36. Дере
  10. Алыпқашты 21.Ащыағар 29. Бел,белдеп салу   37. Долы
  11. Апан 22. Ащы үй 30. Боркемік               38. Лықу
  12. Аудан 23. Әйкел 31. Борық                    39. Әңқу
  13. Атырау 24. Әуез 32. Бос су                    40. Еспе
  14. Атаукере 25. Әуіз 33. Бөгет                     41. Еру

 

 

 

  1. Жап 61. Қазыңды топырақ               80.  Қом су
  2. Жарық 62. Қарақатқақ 81. Қоңырдаң

44.Жарма                               63. Қанат                                     82. Құдық ақы

45.Жаңбырдың                              64. Қарғын                          83. Құдықты аршу

  1. Жаңбырдың түрлері 65. Қазандық 84. Құдық байғазы

47.Жауынға қатысты салт-дәстүр  66. Қайдақ                        85. құдық дауы

  1. Аспан әлеміне байланысты жор-р 67. Қапы             86. Құдық таңба
  2. Жұқанақ 68. Қауға 87. Құдық той
  3. Жұтпа 69. Қаусап қалу         88. Құдық өру
  4. Жүлге 70. Қарғын 89. Құдық еру
  5. Жылымшы бұлақ 71. Қарлау 90. Құдық майы
  6. Жентек саз 72. Қардың жаууы       91. Құдық майын седеттеу
  7. Кебіртек 73. Қашыртқы 92. Құдық теппе
  8. Кермек 74. Қолтық      93. Құдықтың түрлері
  9. Көз 75. Өлі Қолтық                       94. Құдықтың ашуы
  10. Көктің суы 76. Қораба     95. Құдықтың тұшуы
  11. Күдер су 77. Қолқа                  96. Құдық перісі
  12. Күп 78. Құлан саз 97. Шыңырау
  13. Қазба 79. Құлитып ішу 98. Құдықшы киімі

 

 

 

  1. Құдықшының құралы 121. Тар өрістен кең шиыр      143. Саура
  2. Құдықшының жұмысы 122. Тасқақ                     144. Судың ұлы жобасы
  3. Құдықшылар қосы 123. Тебін 145. Су кіндігі
  4. Құдық ьтабаны 124. Тепсең 146. Су дәмі
  5. Құдық үйі 125. Тоғыт 147. Суын
  6. Құйылыс 126. Тоқаш тас                           148. Сор
  7. Құртұмас 127. Түнемелік                       149. Суар
  8. Құрдым 128. Түнек 150. Сүйретпе
  9. Қысырап жату 129. Туырлық саз 151. Сілбі
  10. Маңсуалмас 130. Тұран 152. Тұнық
  11. Метей 131. Тұрақ 153. Түлей
  12. Ми 132. Шаңбақ
  13. Мыш 133. Шүңкілдек
  14. Олақ 134. Шығыр
  15. Орпа 135. Чешме
  16. Ошақ 136. Шеген
  17. Опырылу 137. Ши
  18. Сілті 138. Шұқанақ
  19. Тақыр 139. Шырлау
  20. Тамақ 140. Шырғалау
  21. Тамшы 141. Салма
  22. Тас астау 142. Сардоба

 

 

Әбіш Кекілбаевтың шығармасында кездесетін топонимдердің аттары мынадай: Қандыарал, Шыңғырлау, Торыат,  Сүмбетемір, Қарабұлақ, Ақшағыл, Елік, Құбатау, Қарақобда, Елек, Қызыл-құм, Бөтен тау, Балқан, Хантөркіл, Шөл тау, Айғырбүгілді, Маңғыр, Жыланды, Егізлақ, Қаратүлей, Есенқазақ, Түйелі Жиренқопа, Бестөбе. т.б. топонимдердің денін Маңғыстаудың топографиялық картасынан тауып алуға болады.

Осы жұмысымдағы жаңалығым Әбіш Кекілбаев 60 жасында Ақтаудағы сөзінде —

«Дүниенің кеңдігін ұқтыра алатындай. Жерімнің, азаматтың абзалдығын ұқтыра алатындай Елімнің барына мақтанып отырмын. Сіздер арқылы күллі Қазақ Елінің, қара орын  Маңғыстауым арқылы күллі Қазақ Жерінен айналып отырмын.

Көрер жарығымнын көзі, шығар тауымның асыл тұғыры-қазақ даласының әр тасы-қағбам, әр бұтасы — сәждам екеендігіне ешкім күмәндана қоймас» -деген.

Әбіш Кекілбаевтың шығармаларында «Қырымның 40 батыры»-дала көшпенділерінің дүниетаным әлемінде Манас, Алпамыс, Козы Көрпеш Баян сұлу, Қорқыт, Көроглы сияқты алып жырлар қатарында тұр. Бірақ оны насихаттау өте төмен деңгейде. Қырымның 40 батырын Маңғыстау жеріне «орнықтырудың» бір жолы, Маңғыстау мен Үстірттің мәдени ескерткіштер мұражай қорына ұқсас немесе қоғамдық ұйым құрып, әр түрлі тақырыптық материял жинақтап, ұлттық, некеттік деңгейде «Қырымның 40 батыры» атты парк ұйымдастыру. 40 батырдың есімдерінің табиғи құбылысқа (Жаңбыршы-жаңбыр), географиялық обьектілердің атауларына (Қарапдөң, Ағыс-Телағыс, Көгіс-Көгез, Құттықия) т.бсәйкес келуі.

Әбіш Кекілбаев өрелі мақсаттарға қол созып, биік мұраттарға бет алған үлкен творчестволық сапар үстіндегі жазушы.

Әбіш Кекілбаев өзінің айтар ой,көтерер мәселесіне материял етіп аңыз аңгімелер таңдауы, біздің пайымдауымызша халықтың арман ойы үміті мен тілегі ұялаған халықтың тарихи тажірибелері жинақталған, оның өн бойында сол белгілі халықтың, ғасырлар бойы қадірлап қастерлеп келген рухы жатыр деп біледі. Сол арқылы Уақыт байланысымен Ұрпақ сабақтастығын орнықтыруды қалайды.

Осы ғылыми жумысымды зерттей, зерделей келе осы саладыға ізденістерге теренге ат салысып, талапкер жас ұрпаққа «Туған ел-жердің ертеңіне қалтқсыз  қызымет етейік!»-деген жалынды өтініш ұран тастағымыз келеді.

-17-

 

 

Зерттеу еңбектерінің жаңалығы:  Әбіш Кекілбаев — өрелі мқсаттарға қол созып, биік мұраттарға бет алған үлкен творчестволық сапар үстінде жазушы. Әбіш Кекілбаев өзінің айтар ой, көтерер мәселесі материал аңыз әңгімелерді таңдауы, біздің пайымдауымызша, халықтың арман – ойы, үмітімен тілегі ұялаған, халықтың тарихи тәжірибелері жинақталған, оның өн бойында сол белгілі халықтың ғасырлар бойы қадірлеп, қастерлеп келген рухы жатыр деп біледі. Сол арқылы Уақыт байланысы мен Ұрпақ сабақтастығын орнықтыруды қалайды.

 

Ұсынысым: Алғашқы адамзат баласының жаратылғаны дейін дәлел — дәйек болатын неше бір көне жәдігерлікке толы бағзы Маңғыстау өңірінің өмір сүру дәстүр-дағдысы да тұнып тұрған төкпе жырмен тылсым сырға, жұмбақ пен құпияға, аңыз бен әпсанаға толы. Осынау киелі өлкені мекендеген адамдардың бітім болмысы, іс-қимылы мен ойлау жүйесі шөл даланы бағындырып, бірнеше жүздеген метрге дейін жететін шымырау құдықтар қазып, оның игілігін көруі, осынау ұланғайыр аймақта мыңғыртып мал өсіріп, сән-салтанатты ғұмыр кешуі  таңданар құбылыс. Сондықтан өткенімізді танып, зерделеп, ұлттық мұраларды жаңғыртуға өз үлесімізді қосайық!

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Темірбек Медетбек «Кемел дарын» «Лениншіл жас» газеті 1989 жыл 11 қазан
  2. Әбіш Кекілбаев 7 том 1999жыл
  3. Болат Оңғарбаев «Парасат пен Саясат» «Бірлік» газеті 1995жыл қараша