Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Тастағы қынаның құпиясы»

120

 

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Тастағы қынаның құпиясы»

Мазмұны

 

 

  1. Кіріспе……………………………………………………………………………………………..3
  2. Негізгі бөлім

Тастың түзілуі ………………………………………………………………………………….4

Қынаның тасқа бітуі ………………………………………………………………………  5

Қынаның түрлері …………………………………………………………………………….6

Қынаның қоректенуі ……………………………………………………………………….7

Қыналардың көбеюі ………………………………………………………………………10

Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы…………………………..11

   ІІІ  Қорытынды……………………………………………………………………………….   21

       ІV    Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………………22

 

Мақсаты:  Тау тасына өсетін қынаның сырын ашу және оны ата

                    бабаларымыз қалай пайдаланды, қынаны қазір біз қалай

пайдалануға болатынын анықтау

 

Міндеттері:

  • Тасқа қынаның қалай өсетіні туралы ақпараттар жинақтау;
  • «Өлі» дүниеден «тірі» органиканың қалай пайда болатынын анықтау;
  • Ертеде қынаны шарушылыққа, тұрмыс-тіршілікке қалай пайдаланғанын анықтау;
  •  Қынаны қолданысқа қалай пайдалануға болатынын зерттеу.

 

  Болжам:     Егер,  біз қынаның құпиясын аша білсек, онда қазіргі кезде тау

               тасындағы қынаны қалай қолдануға болатынын, қандай

пайдасының бар екеніне көз жеткіземіз

Зерттеу жүйесі:  Ақпарат көздерін жинау, табиғаттағы қынаны,  өсетін жерін

бақылау және қынамен тәжірибе жасау, қорытынды шығару.

 

Тәжірибелік кезең:   деректерді жинақтау, талдау, бақылау, жүйелеу,

салыстыру, тәжірибе жасау, ойқорыту

 

Зерттеу жұмысының жаңалығы:    қына  барлық тастарға бірдей өсе

бермейді, яғни  «таза ауа индикаторы», ауасы ластанбаған жерде ғана

өседі,  түрлі-түсті болып өседі,  мал азығы болады және  қынадан  бояу

алып, пайдалануға  болады

 

 

2

Кіріспе

Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Өзі табиғаттың бір бөлшегі болатын адам да қоршаған ортамен тығыз байланыста. Біз өзімізге залал келтіріп алмау үшін осынау аса нәзік өзара байланыстарды айқындап, танып-білуіміз керек.

Бүтін жаратылысты «тірі табиғат» пен «өлі табиғат» деп жіктеп, жіліктеп бөліп тастаған қазіргі заман ғылымы ежелгі заманнан бері бүтін бірлік ретінде қарастырылып келген болмыс бірлігін жоғалтып алғаны ақиқат. «Табиғат өлі және тірі болып  екіге бөлінеді. Өлілерге тау, тас, су т.б., тірілерге жан-жануар, өсімдіктер» — деген қағида санамызда бекіп қалғаны да рас. Әсем табиғатпен біте қайнасып, шерін тарқатқан қазақ үшін табиғатты өлі деп атау ешқашан ақылға сыйған емес.

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер –      деп ақын Қасым Аманжоловты тебіренткен қара тастың тілсіз болса да, жанды екенін атам қазақ бұрыннан байқапты.

Тілсіз болғаны үшін әлі күнге дейін «өлілірдің» қатарында келе жатқан тастың мән-жайын анықтап көрсек.

Қазіргі кезде 500-ге жуық сала-салаға жіктеліп кеткен жаратылыстану ғылымдарының жартысынан астамы тастармен жұмыс жасайды. Ғылымның тілімен айтсақ, тас – минерал, кен. Тас – құраушысы Менделеев кестесіндегі әртүрлі химиялық элементтерден тұратын күрделі, қатты зат. Химиялық элементтер минералда белгілі ретпен орналасып, өсіп, керек десеңіз, тіпті, жаңасын тауып отырады. Минералдың құрамында ең көп кездесетін – оттегі, сутегі. Олар тасқа су арқылы немесе жеке дара ене алады. Сутегі жаңбыр, жер асты сулары арқылы енсе, оттегінің көп мөлшері ауадан алынып отырады. Қарапайым түрде тастар да дем алып, су ішеді деген сөз. Тастың ішіндегі байланыстар берік, әрі элементтердің арасы жақын болғандықтан, тас қатты болады  [1                                                                                             3

Қынаның тасқа бітуі

«Өлі» анорганикалық дүниеден «тірі» ағзаның қалай пайда болатынын әзірге ғылым теория жүзінде бұлдыр болжаммен айтса да, нақты тәжірибе жүзінде жүзінде көрсете алған жоқ.  «Үш анықта» Шәкәрім атамыз осы күнгі ғылым сан-саққа жүгіртіп шеше алмай отырған қынаның тасқа бітуі туралы былай дейді: «Тас пен құм сүйектерге біткен қынаны алып қарасаңыз, қынаның астында тас пен сүйектің бетінде топырақ сияқты бір нәрсемен жабыстырылған болады. Сол топырақ сияқты нәрсені табиғат қайдан әкеліп отыр?  Мен ойлаймын, су мен топырақ жылылықтан өсімдік шығарғандай, тасқа ауа, су  жылылығы сияқты себептер қосылып, қына шығарып отыр» [4, 100].

Ашып айтсақ, қынаның тасқа бітуі ерекше жолмен жүреді. Қынаның кез-келген тасқа шыға бермейтіні де белгілі, ол тасты таңдайды. Қалайша десеңіз, ең алдымен, түсіндіруді тастан бастайық. Басында айтылғандай, тас өзіне суды сіңіреді. Тастың құрамындағы элементтер куб тәрізді байланыс құрды делік. Кубтың іші бос, оны толтыру керек. Сол кезде оған жаңбыр мен жер асты суларынан көзге көрінбейтін бірнеше су молекуласы бос ұяшықтарға орналасады. Осылай тастың бос орындары сумен толады. Ендеше қынаға қажетті судың бір бөлігі тастың өзінен алынатыны белгілі болды. Шәкәрім атамыз айтып отырған тас пен қына арасындағы топырақ сияқты жабыстырғыш заттың түзілуін және оның түзілуіне ауа мен судың қатысын түсіндіре кетейік.

«Топырақ сияқты» деп отырған затымыз ауадағы тотықтырғыш оттегімен түзілген тастың беткі бөлігіне жақын орналасқан сілтілік металдардың (Na, Mg, K, Ca) оксидтері болып табылады [5]. Ал, осы сілтілік металл оксидтерінен алынатын металл иондар қына үшін көбейіп, тұқым шашуына мүмкіндік береді. Осылайша биологияның қына түзілуі туралы бүтін  бір іргелі саласын тудырып, бас қатырып отырған күллі әлем ғалымдарының сұрағына Шәкәрім атамыздың азат ақыл, еркін оймен үш ауыз сөзбен сөзбен жауап қайырып отырғаны таңдай қақтырады.

Ғалымдар қынаның басқа өсімдіктерден айырмашылығын анықтаған. Яғни ол жалғыз емес, бірге өсіп-өнетін екі өсімдіктен —  саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, селбесіп тіршілік етуінен пайда болады. Балдырлар қоректік заттарды ауадан алады, ал саңырауқұлақтар су мен минералдық заттарды, тау жыныстарын өзі бөліп тұратын қышқылдармен еріту арқылы алады. Міне, сондықтан да қына жалаңаш таста да өсіп-өне береді.

Қынаның түрлері

 

Қыналар табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз жерлерде өседі. Тастың үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада және ормандарда тіршілік етеді. Антрактидадан 350 түрі, Оңтүстік полюске жақын жерден 7 түрі табылған. Бұлай таралу себебі, өте ыстық ортада өсетіндері жоғары температурада тез кеуіп кетеді де тіршілігі уақытша тоқталады. Қайтадан қолайлы жағдай туса, кеуіп қалған қыналар қалпына келіп, тіршілігін жалғастырады. Өте салқын жерлерде өсетін қыналарды айрықша тығыз қалың қабықша қорғап тұрады.

Қыналар пішіндеріне қарай үш топқа бөлінеді.

  1. Ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін қабыршақты (қаспақты) қына. Бұлар сары-қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр түсті, жұқа қабыршақ тәрізді болады.
  2. Орманда ағаш діңіне, түбіріне жабысып өсетін жапырақтың пішініне ұқсайтындары – жапырақ тәрізді қыналар.
  3. Қарағайлы орманда төсемікте өсетін бұтакталған ақшыл жасыл, ақшыл түстілері – бұта тәрізді қыналар.

Қынаның қоректенуі

Қына құрамындағы саңырауқұлақ жіпшелері балдырларға құрамындағы су және минералды заттарын береді. Өздері балдырлардың фотосинтездің нәтижесінде түзілген ағзалық заттарымен қоректенеді.

Қыналар бір топ саңырауқұлақ жіпшелері арқылы төсемікпен байланысады. Оның құрамындағы саңырауқұлақтар тек қынадан ғана табылған. Ал қына құрамындағы балдыр түрлерінің табиғатта өз бетінше тіршілік ететіндері де бар. Қынаның құрамында бір жасушалы жасыл балдырлар кездеседі. Балдырлардың жасушаларындағы хроматофорларында көмірқышқыл газын, суды сіңіріп, фотосинтездің нәтижесінде ағзалық заттар түзіледі. Балдырлар және саңырауқұлақтың жіпшелері, ағзалық заттармен қоректенеді.

Ғалымдар қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар мен балдырларды қоректік ортада жеке-жеке өсірген. Сонда саңырауқұлақтардың жіпшелері ғана пайда болып, спора түзілмеген. Балдырларда көбеюдің барлық түрлері жүрген. Сондықтан қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар паразитті қоректенуге бейімделе бастайды деген қорытындыға кел

                                              Қыналардың көбеюі

Қыналар өсімді жолмен көбейеді. Оның денесінде көптеген балдырлар мен саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады. Әрбір бөліктен және денелерінен бөлініп түскен бөлшектерінен де қына өсіп жетіледі. Қыналар жынысты көбейгенде саңырауқұлақтардағы сияқты жемісті дене пайда болады. Оның ішінде        6жыныс жасушаларының қосылуы нәтижесінде зигота түзіледі. Зиготаның ядросы үш рет бөлініп, сегіз спора, ал зиготаның қабығынан қалта пайда болады. Споралар шашылып, қолайлы жағдайда өнеді де, балдырлармен кездескенде ғана қына жетіледі. Қыналар өте баяу өседі. Қабыршақты қыналар жылына 1-8 мм, ал бұта тәрізді қыналар 1-35 мм өседі.

Қына құрамындағы жасушаларда жарықта фотосинтез жүреді. Сондықтан қыналар тек жарық жерде өседі, қараңғыда денесі ыдырап кетеді. Қыналарға ең қажетті жағдай – оттекке бай таза ауа. Қалалардың лас ауасында өсе алмайды. Сол себепті қыналарды сыртқы орта тазалығының көрсеткіші есебінде пайдалануға болады.

Қыналардың 20000-дай түрі бар. Қыналарды жіктегенде құрамындағы саңырауқұлақтар мен балдырлардың жіктелуі ескеріледі.

Бұғы қынасы (кладония) солтүстік өңірде, қарағайлы орманда өседі. Оның денесі (таллом) – тақта, біз, бокал тәрізді, тік өседі. Кейде бұта тәрізді түрі де кездеседі.

Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы

Қыналардың шаруашылықтағы маңызы өте зор. Олардың  топырақта қоректенуі нашар жүреді. Тастардың бетіне, суыған лавалардың бетіне алғаш «қоныстанатын» да осы қаналар. Олар өсіп тұрған жеріне қына қышқылын бөліп, тасты үгіте бастайды. Біртіндеп сол жерде топырақ пайда болады. Оған басқа өсімдіктер орнығады да, жануарлардың мекеніне айналады.

Бұдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын  ақын Иса Байназаров

Арқада ел орнаған Абыралы,

Бойынан барлық дәулет табылады.

Дегелең, Мыржық, Тайлан, Көкшетауым

Көрген жан құмарланып сағынады.

Бас Қайнар, Орта Қайнар, Аяқ Қайнар,

Семірген қына тасын жалап қой мал.

Шөбі сүт,  бүрі шекер, суы қандай,

Ақынға шабыт беріп, қанат байлар, – деп төгілте жырлаған. Бұдан  қазақтар қынаны мал азығы ретінде пайдаланғанын байқаймыз.

Бұғы қынасы деп аталатын қынаның бірнеше түрі тундра, тайгада қыс кезінде бұғылардың негізгі азығы болып табылады.

Этнографиялық ақпарат жинақтау барысында, білгеніміз ата-бабаларымыз  қынамен киіз үй сүйектерін, теріден жасалған ыдастарды, қыз-келіншектер тырнақ көбесін, шаштарын, сонымен қатар асықты  бояғанын т.б. тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланғанын білдік. Түстері ақшыл қызғылттан бастап шымқай шие түске бейін болады екен.

Қыналардың емдік қасиеті де бар. Ағаштың діңдерінде өсетін жер – қынаны қайнатып, дизентерия ауруын емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге асқазан, тыныс жолдарыауруларына дәрілер жасалады. Қынадан қант, спирт, бояу, лакмус алынады. Қынаның кейбір түрлерін тәтті тағамдар өнеркәсібінде қолданады.

Қорытынды

Осы зерттеу жұмысын жүргізу барысында қол жеткізген нәтижелеріміз:

  • Қынаның барлық тасқа бірдей өсе бермейтіндігі;
  • Қынаның түрлі-түсті болып өсетіндігі;
  • Қынаның мал азығы болатыны;
  • Қынаны тастан ажыратып алып, химиялық зерттеу арқылы, оның пайдалануға болатындығы анықталды;

Қынаның табиғаттағы пайдасы, қына – «таза ауа индикаторы», яғни ауасы ластанбаған жерде өсетіндігін білдік және қазіргі кезде де  қынадан  бояу  алып, пайдалануға  болады

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

  1. Жалпы және қолданбалы химия бойынша ХVІІІ Менделеев съезі. Баяндамалар тезисі. — М, 2007.
  2. Шилов В. П. Координациялық химия. — М, 1981.
  3. Шәкәрім. Иманым, А.: Арыс, 2000.
  4. Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шығармалары. ІІ том. – А.: «Ел-шежіре», 2008.
  5. Глинка Н. Л. Жалпы химия. – М, 1978.