Шөже мен бала

Шөже мен бала

Шөже Алтай еліне барып, сонда бір ағып тұрған ақын, таз бала бар деп естіп (баланың әкесі ақсақ, шешіс соқыр екен), соған бір ағып тұрған ақын, та бала бар деп естіп (баланың әкесі ақсақ, шешесі соқыр екен), соған бір ауыз өлеңін айтайын деп, жол жетекшісі екеуі қой бағып жүрген балаға келеді. Сонда Шөже балаға:

Басында таз тақияның кішкене екен,

Қолы сынғыр бір олақ пішкен екен.

Әкең ақсақ болғанда, шешең соқыр,

Құдайым қыр соңыңа түскен екен, —

депті, бала да іркелместен:

Әзілдесіп қалайық әзіл сөзбен,

Өлсек орап қояды мақта бөзбен.

Ел ақтап бұл Алтайға келіп едің,

Не таптың екеуара жалғыз көзбен? –

дегенде, Шөже жанындағы кісіге:

-Сенің көзің де мүкіс пе еді, — деп, балаға үндеместен жөніне жүріп кетіпті.