Шөже Қаржаубайұлының дүниеден өтуі және жерленген жері туралы деректер:

59

 

Шөже Қаржаубайұлының дүниеден өтуі және жерленген жері туралы  деректер:

 

Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895ж.ж.) шығармашылығы толық зерттелмегендіктен оның туған, өлген жері жөнінде толық дерек жоқ екеніне біраз тоқталып өткенді дұрыс деп ойлаймын.

«Бес ғасыр жырлайды» атты үш томдықта Шөже Қаржаубайұлының туған жерін Көкшектау облысының Қызылтау ауданында кедей семьясында туып өскендігі жайлы дерек айтылады.

Қазақ Совет Энциклопедияының VII томдығында 275-бетте былай деп анық жазылған: Шөже Қаржаубайұлы (1808 ж.  Қарағанды облысының  Нұра ауданында туған, 1865, сонда) М. Жармұханбетовтың 1962 жылғы және 1965 жылы шыққан ғылыми құжаттарына сүйеніп берілген мақала. М. Әуезовтің «Абай жолы» романының 1954 жылғы II томдығына да сүйенген.

Нұра ауданында туғандығы туралы М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының  ғылыми  қызметкері А. Канафияұлы  1992 жылы  шыққан «Қазақ тілі мен әдебиет» журналының 5-6 санындағы «Айтыстың аққан жұлдызы» деген  мақаласында нақтылы дәлелдейді.

Сонымен бірге  кейінгі жылдары Қазақстан мектебі журналының №2, №3, №4  2000 жылғы  сандарында «Шөже айтыстарының текстологиясы» берілген.

Қазақ Совет Энциклопедиясының  көрсетіп отырған сілтемесі болмаса Шөже Қаржаубайұлының қай жерде дүниеден өтіп,  қайда жерленгендігі туралы дерек жоқ. Мүмкін әдебиетші қауым білмегенімен Нұра ауданының жерінде тұратын көне көз қариялар, ақынның ұрпақтары бар болса білетін шығар.

Мерзімді баспасөз мәліметтеріне сенсек арқаның Шөже Қаржаубайұлының туған, өлген жылдары әртүрлі, туған жері де әртүрлі жазылып жүр.

1986 жылы қайтыс болған полковник Қасенов Сағат былай дейді: «Шөже Қаржаубайұлы Нұра бойындағы 1803 жылы Қаржаубай атты сіңіре шыққан кедей шаруаның жанұясында дүниеге келді десе, ал 1989 жылы Алматыда «Жазушы» баспасы шығарған, 1965 жылы шыққан «Айтыс» кітабының бірінші томындығында Е.Исмаилов «Шөже 1805 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданында туып-өскен. 1805 жылы қайтыс болған» дейді.

Қарағанды университетінің оқытушысы, Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі, экономика ғылымының докторы, профессор Рашид Каренов Шөже Қаржаубайұлының 200 жылдығына орай «Азия-Транзит» журналының №2, 2004ж. санында 34-38 бетте, №5 санында 36-38 беттерде, №7 санында 18-25 беттерде осы ақын шығармашылығын жан-жақты саралаған.

Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының бастығы таяуда Рымбала Омарбекова «Орталық Қазақстан» газетінің №17-18 санындағы 2 бетіндегі «Мәдениет мәйегі шығармашылық пен жаңашылдық» атты мақаласында «Қарақаралы ауданындағы Шөже ақынның бейітін, Нүркен – 2 қорымын, Ақтоғай ауданындағы Бегазы кешенін жөндеу, қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді» делінген ой айтылған.