Шөженің он үш жасар қызбен айтысы

33

Шөженің он үш жасар қызбен айтысы

 

Түрі жөненін өзге айтыстарынан өзгешелеуі – бозбала жігіт Шөженің он үш жасар қызбен сөз қағыстыруы. Мұнда әуелгі сөзді қыз бастайды. Оған Шөже жауап береді.

Қыз қара өлең, жұмбақ өлең айтып жеңе берген соң, Шөже отырып:

— Тағы, тағы.

Тағының сартылдайды тіл мен жағы.

Япырмай-ай, мына қызың сөзге шебер.

Әкемнің көтере көр аруағы, —

дегенде, қыз тұрып:

  • Тағы, тағы

Тағының сартылдайды тіл мен жағы.

Әкеңді бура шайнап, суыр жеген,

Тұрады қай жерінде аруағы? –

дейді.

Қыздың орайлы да, тегеурінді жауабынан кейін Шөже сөз жарыстырмай сабыр етеді. Өйткені шынында Шөженің әкесі далада келе жатқанда, кісіге шабатын бураға кезігіп қалады. Бура аузын сала бергенде, Қаржаубай оның үстіне ырғып мініп алады. Бура үстінен түсіре алмай, суырдың інінің аузына келіп, шөгіп аунайды. Барар жер таба алмай, Қаржаубай інге кіреді. Бірақ, бура іннің аузынан тұрмаған соң, пышақпен ішін жарады. Сонда бура тұрмай, іннің аузында өледі. Қаржаубай іннен шыға алмай, тұншығып өледі. Міне, қыз осы жағдайды айтып бозбала жігіт Шөжені жеңіп кетеді.