Шөже Жолшораға айтқаны

27

 

Жолшораға айтқаны

 

Жолшора мен Шөже  бір-бірімен құрдастай қатты қалжыңдасқан деген сөз бар. Шөженің соқырлығын айналып келіп  Жолшора бетіне салық қылатын дейді. Сонда Шөже:

— Сен Жолшора болсаң,

Мен бейшара.

Сен қазы болсаң,

Мен қорғыланған.

Аяғыңнан алатын қара тазымын, —

депті. Ол кезде сөзге тоқтаған заман ғой. Содан кейін Жолшора Шөженің көзіне соқтықпапты.