Мұнай құрамы мен мұнайға төзімді өсімдіктердің өсімділігін зерттеу әдiстерi

28

Мұнай құрамы мен мұнайға төзімді өсімдіктердің өсімділігін зерттеу әдiстерi

 

Зерттеуге топырақ қабатының қалыптасу жағдайы, ерекшеліктері, классификациясы, таралу заңдылықтары мен топырақ қабатының негізгі морфо-генетикалық қасиеттері сипатталатын номенклатуралық тізім кірген. Топырақ қабатының түзілу факторлары (рельеф, топырақ түзелу түрлері, климат, өсімдік қабаты, техногендік әсер факторлары, трансформация дәрежесі) бағаланды. Зерттелетін аумақтық топырақ қабатының және өсімдік қабатының далалық картирлеу егжей-тегжейлі маршрутты әдісті үйлестіре отырып, жүзеге асырылды. Негізгі өсімдік қауымдастығының және топырақ түрлерінің, қалыптасуы және бірқатар факторлардың әсері трансформация дәрежесі бойынша сипатталды. Ластанудың техногендік ағындарының әсері бар аймақта орналасқан өсімдік қабаты мен топырақ қабатына баса назар аударылды. Типтік топырақ қабаттарынан химиялық сараптама жасау үшін топырақтан сынамалар алынды. Техногендік факторлардың топырақ қасиетіне әсері, олардың техногендік бұзылуы мен мұнайхимиялық ластану дәрежесін анықтау жұмыстары жүргізілді. Жалпы қабылданған әдістемелер бойынша топырақтың химиялық сараптамасы мен өсімдіктердің өсу динамикасы жану проблемалар институтының зертханасында жүзеге асырылды.