Сүт ақы және жігіт түйе

70

Сүт ақы және жігіт түйе. Сүт ақы – күйеу жігіт тарапынан қалыңдықтың анасына берілетін 1-2 түйе, жігіт түйе – қыз әкесінің ата күшіне төленетін қымбат шапан, ер-тұрман. Сонымен, бұрынғы кеңес заманында айтылып, жазылып келгеніндей қалыңмал қыз сату емес, ғасырлар бойында қалыптасып, пісіп-жетілген, екі жастың шаңырағы мықты да, ауқатты болуын қамтамасыз ететін, некенің берік болуы үшін төленетін материалдық кепілдік деп түсінген жөн. Қорыта айтқанда, аты аталып, түсі түстелген дәстүрлі қалыңмал түгелдей қыз үйінде қалмайды да, қыз жасауы және басқадай алыс-беріспен кері қайтатынын ескерген жөн. Қалыңмал сөзі – қалыңдық малы, яғни, қалыңдық үшін төленетін мал-мүлік деген сөз екенін ескерген ләзім.

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаТой мал
Келесі жазбаЖасау