С.Көбеев. Түлкі мен қырғауыл

42

Тақырыбы: С.Көбеев. Түлкі мен қырғауыл

Мақсаты:

Білімділік: С.Көбеевтың «Түлкі мен қырғауыл» мысалын оқып, түсіндіру.

Дамытушылық: Мәнерлеп оқу, тілін, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ғ.Мүсірепов. С.Көбеев.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Өрттен құтқарушы иттер» мәтінін оқу, мазмұндау.

ІІІ. Өткенді пысықтау:

  • Әңгімеде қандай оқиға болған?
  • Суреттегі итке ат қойыңдар.
  • Ол не істеп жүр?
  • Өртке оранған үй туралы әңгімелеңдер.
  • Өрт неден шығуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
  • «Өрт-тілсіз жау» дегенді қалай түсінесіңдер?

ІV. Мақсат қою кезеңі: «Түлкі мен қырғауыл».

  1. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс.

а/ Жұмбақ  шешу.

Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы /Түлкі/

Бір топ жыңғыл ішінде,

Бір жапырақ қызыл гүл. /қырғауыл/.

ә/  С.Көбеев туралы білетіндерін еске түсіру. «Пікірлер ағашын» толтыру.

  • Осы уақытқа дейін С.Көбеевтің қандай шығармаларын оқыдық, мазмұнын еске түсірейік? /Атасы мен немересі, Шал мен балалар/.

б/ Бүгінгі оқитын шығармамыз «Түлкі мен қырғауыл» мысалы. Мәтінді оқып,  мазмұнын ашу.

в/ Оқушыларға мысалды оқыту: іштей оқыту, тізбектей оқыту, рөлге бөліп оқыту.

VІ.Түсінгендерін тексеру: а) Сұрақтарға жауап алу.

  • Түлкі мен қырғауылдың арасында қандай әңгіме болды?
  • Түлкі қырғауылды не деп алдады?
  • Қырғауыл қандай тапқырлық жасады?
  • Қырғауыл қалайша аман қалды?

VІІ.  Сергіту сәті.

VІІІ. Бекіту:

а) Бүгін не өттік?

ә) Түлкі мен қырғауыл арасына диалог құрастырып көріңдер.

б) Кітапта берілген ойды жалғастырып көріңдер.

VІІІ. Қорытынды:

  1. Үйге тапсырма: «Түлкі мен қырғауыл» мәтінді оқу, мазмұндау.
  2. Бағалау.