Қарлығаш киелі құс

139

 

Тақырыбы:           Қарлығаш киелі құс

 

П І К І Р

 

 

«Комсомол»  жалпы орта мектебінің   9 «А» сынып оқушысы

Тұранова Әселдің  «Қарлығаш киелі құс»  — тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңдағы ең өзекті проблемалардың бірі.

Ол бұл ғылыми жұмысында қазақ жерін мекендейтін қарлығаштың түрлеріне тоқталған. Еліміздегі биоалуандық сақтау қауымдастығы мен құстарды қорғау одағының жұмысы туралы ойы дұрыс жазылған. Қарлығаштың  зиянкестерді жойғыш бірден – бір пайдалы табиғаттың адамзатқа берген сыйы екендігін жақсы жазған.Қарлығаштың ұясы және оның емдік қасиеті туралы ойын жақсы жеткізген. Әлемді таң қалдырған “Қазақ­стан қарлығашы”, қарлығаштың ұясының түрі — бөлімінде тұшымды ойлар жазған.Қала түгіл, ауылда қарлығаштар жоғалып, көкжелектер азайып барады – деп қарлығашты қорғауға алатын құс екендігіне көз жеткізген.

Бұл   9 «А» сынып оқушысы Тұранова Әселдің «Қарлығаш киелі құс»  тақырыбында жазған ғылыми жобасы аудандық ғылыми жобалар байқауына  ұсынуға болады.

 

 

Аннотация

 

Зерттеу жұмысында орындаушы  қазақ жерін мекендейтін қарлығаштың түрлеріне тоқталған Қарлығаштың  зиянкестерді жойғыш бірден – бір пайдалы табиғаттың адамзатқа берген сыйы екендігін жақсы жазған. Адамға үнемі жақын жүретін  қарлығаштың, ауылға мүлдем жоламай кету себебін жақсы мысалдармен түсіндіріп жазған.  Қарлығашқа ғана емес, қоршаған табиғатқа деген  қамқор қасиеттерді жанұя, мектеп, қоғам болып жас ұрпақ бойына сіңіру жолында жақсы еңбек жасаған.  Оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

В своей исследовательской работе ученик остановился на разновидностях ласточек, которые встречаются на нашей казахской земле. Он хорошо сумел передать, что ласточка является единственным даром природы, который ведёт борьбу с насекомыми – вредителями. С древних времен ласточка живет рядом с человеком. Ученик привел достоверные примеры об отдалении ласточки от человека.О том, что подрастающему поколению надо заботиться не только о ласточке, но и окружающей природе, все: семья, школа, общественность – должны вести большую работу. Свои способности ученик сумел грамотно довести до нас.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

The summary

 

In the research work the pupil has stopped on versions of swallows which meet on our Kazakh earth. He has well managed to tell that the swallow is unique gift of the nature which combats insects – wreckers. Since ancient times the swallow lives near to the person. The pupil has resulted authentic examples about a distance of a swallow from the person. That the rising generation should care not only of a swallow, but also the surrounding nature, all: the family, school, the public – should conduct the big work. The pupil has managed to finish the abilities to us competently.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

І.  Кіріспе

 

ҚАРЛЫҒАШ.

 

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

1.Қарлығаш киелі құс

2.Қырымдағы  «Къарылгъач ювасы»

3.Қарлығаш ұясының түрі

4.Әлемді таң қалдырған “Қазақ­стан қарлығашы”

 

5.«Қанатты достардан» мен  неге көз жазып қалдым?

6.Арқа жерінен қарлығаштар ауып кеткен.

7.Қарлығаштар жылы жаққа ұшпай, балапан басып жатыр

8.Қарлығаштың ұясының емдік қасиеті

9.Құстарды қорғайтын дүниежүзiлiк ұйым

10.Қарлығаштың бұзылған ұясы

 

 

ІІІ.   Қорытынды

Бұлбұлдарға қамқорлықтың мәскеулік үлгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАРЛЫҒАШ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАРЛЫҒАШ -жыл құсы. Мекендеген ортасына қарай далалық, аудандық деп аталады. Елімізде кент, сұр, құз, жар және қосрең қарлығаштары да кең тараған. Қарлығаштар өте ұшқыр. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен. Сондай-ақ, жемін де ұшып жүріп аулап, суды да ұшып келіп қалқып іше алады. Олар насекомдармен қоректеніп, әр қайсысы күніне мыңнан аса маса жеп зор пайда келтіреді.
Ұясы- балапандарын қолайсыз жағдайдан және жауыннан қорғайтын шебер жасалынған баспана. Олар жұптарын өмір бойы сақтап, балапандарына екеуі де қамқорлық жасайды. Халқымыз қарылғашты киелі санайды. Құйрығының айыр болуына байланысты ел арасында аңыз әңгімелер бар. Қарлығаш – қазақ ұғымында пейіштің құсы. Білетіндердің айтуынша ән салатын қарлығаштың көмейі қасиетті құран сүрелерін шырқайтын көрінеді. Ауаны қақ жарып, сусылдап ұшатын сүйкімді құсты оқ та алмайды, жебе де дарымайды. Ата- әжелеріміз қарлығашты аулауға болмайды дейтін. Әлдеқалай адам қолына түскен құсты басқалары түтіп жеп қоятын көрінеді.
Қарлығаш – әнші торғайлар тұқымдас жиырма түрлі құстың бірі. Арктика мен Антарктидадан басқа аймақтарда жетпіс тоғыз түрі таралған. Қазақ жерін «қосреңді қарлығаш», «секпілтөс қарлығаш», «жар қарлығашы», «құз қарлығашы», және «кент қарлығашы» деген бес түрі мекен етеді. Өздерінің сыртқы сипатына қарап еркегі мен ұрғашысын айыра алмайсың. Егер ауылға қарлығаш ұшып келсе, ел сол жылдан ырыс-береке, бейбітшілік күтеді. Үлкендер қарлығаштың ұшу қалпына қарап ауа-райын болжайды. Өйткені, күн ашықта биіктеп ұшса, жауын-шашын боларда жер бауырлап зулайды. Ашық аспан астында айқыш-ұйқыш сымпылдап ұшқан қарлығаш өте сүйкімді. Өздері өте епті, сол ұшып жүргенде қорегін, яғни ұсақ жәндікті ауадан аулап жей береді. Өзен-көлдің, бұлақтың үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше алады. Өте самадағай. Сұр қарлығаш сағатына 170 шақырым жылдамдықта ұшады.
 

 

 

1.Қарлығаш киелі құс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйіне қарлығаш ұя салған адам оны бұзбайды. Өткен ғасырда жоңғар шапқыншылығында шаңырағына қарлығаш ұя салған үйін жықпаған Төле бидің өнегесі бүгінге жетіп, ел аузында «қарлығаш би», «қарлығаш әулие» деп құрметтеледі. Бұл туралы әр жерде көп айтылады.

Қытайдың Үрімші қаласында Зағыпар Туғанбайұлы атты қандасымыздың «Қарлығаш би» атты жыры сақталған екен. «…Бұл сөзді Көшкінші ұлы Көтібай ақынан бала кезде естіп едім», – дей келіп, «Кейіннен жазып қойдым қалам хаттап, Алды-артына сөз қостым және нақтап» дей келіп, іргесі шайқалғанымен, құстың ұясына бола шаңырағын шайқалтпаған елге деген құрметін қалмақ сардары «мұндай данасы бар елді шабуға батылы бармайтындығын» айтады. «…Бір сөзі мыңға татыр даналардың, Дос түгіл, жау басын иген бабалардың» деп жырлайды. Алыстағы Швейцарияда да қарлығаштың ұясын бұзған адам әулетімен жамандыққа ұшырайды деген сенім бар екен.
Ертеде Дағыстанның баһадүрлері1 кезекті жорықтың бірінде түнде далаға қонып, ұйықтар алдында туды жерге қадап қояды. Таңертең қараса байраққа қарлығаш ұя салып үлгеріпті. Мұны жақсылыққа жорыған батырлар туды жықпай кейіннен сол орынға Пудахар ауылын салыпты.
Қарлығаш кейбір елдің саяси жағдайға байланысты, елдік рәмізі ретінде де таңдалған. Бұл құсты еркіндіктің символы деп таныған ресейліктер 1905 жылы қазанның 17-сіндегі манифестің жариялануына және мемлекеттік думаның ұйымдастырылуына орай, ресей туының жанында қалықтай ұшқан қарлығаш бейнеленген естелік төсбелгі де шығарған.
Бүгінде біздің елімізде қалада да, ауылда да қарлығаш есімді қыз көп. Қаз қатар тізіле қалған бұла бойжеткен көрсе, «сымға қонған қарлығаштай» деп ақындар теңеу арнаған. «Ақтамақ қарлығаштар, қаракөз қарындастар, гүл болып егілдің де, жыр болып төгілдіңдер…», «Қарлығаш – әннің аты, жырымды айтам, сүйген жар, сүйіскен дос сырыңды айтам!», «Қарлығаш қанатты қасың бар…», «Қасың сенің қарлығаштың қанатындай қап қара», «Ақ қанатты қарлығашым, сен бармаған дала бар, Қанатыңа хат жазамын,

1 — елбасылары

қалқатайға ала бар» деп сызылтқан әндер – қарлығашқа деген ниеттің белгісі.Қарлығаш Ескендір Зұлқарнайынды құтқарған
Ерекше жанашыр жанды «қарлығаштың қанатындай су себелеген» деп дәріптейді. Ел аузында Ескендір Зұлқарнайынды1  қарлығаш пәле-жала, қауіп қатерден сақтапты деген тәмсіл бар. Қарлығаш екі көзі соқыр боп туған балаларға арнап көкнәрдің сөлін жияды дейді. Ақ қауырсыны мен қара қауырсыны алмасқан қарлығаштың қанаты түнек пен жарықтың белгісі деседі.
Әдетте аққу құсты махаббаттың символы деп білеміз. Ал мына Чехия мемлекеті орналасқан Богемия аймағының тұрғындары да қарлығашты ерекше қасиетке ие деп санайды. Олардың пікірінше қарлығаш қалыңдықты жақсы көреді. Егер бойжеткен қызы бар үйді қарлығаш көбірек төңіректесе, көп өтпей құда келеді деп білген. Некесі жаңа қиылған жас күйеу мен келіншек қарлығаш көрсе, ел-жұрты ешқашан жұбы жазылмайды деп қуанады. Ежелден «махаббат мекені» деп саналатын Францияда жігіт қыздың көңілін баурау үшін оған қарлығаштың ұясына тоғыз күн сақтаған сақинаны сыйлау салт болған. Ал гректер қарлығашты Афродитаның құрметіне жаратылған құс деп таниды. Аңыз бойынша Исида құдайы қарлығашқа айналып күйеу Осиристің денесін іздеп шығады.
Ертеде бір жас жұбайлар болыпты. Ет турап отырған жігіті абайсызда қолын кесіп алса керек. Зайыбы шыр-пыр болып шыбын жаны шығып кетердей асты-үстіне түспей ме? Ықыласына елжіреген күйеуі «қарлығашым менің» деп, келіншегінің ақ тамағынан иіскегенде екеуінің сүйіспеншілігіне ырза болған Құдай тағала қарлығашқа айналдырыпты. Науша құстың ақ тамағындағы болар болмас қызыл ноқат содан қалған деседі.
Қарлығаш туралы аңызды айтып тауысу мүмкін емес. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты қазақтың тұңғыш мульфильмнің шыққанына жарты ғасырға жуықтап қалды. Жастың да кәрінің де көкейіне қонған туындыға деген ықылас әлі күнге дейін ерекше. Біздің ел ғана емес, әлемнің әр түкпірінде қарлығашты айырықша жақсы көреді. Сондықтан сүйкімді құс туралы әрқилы әңгімелер көптеп айтылады. Мына бір аңызға сенсек, ежелде эстон жігітің көркем бір қалыңдығы бар екен. Екі жастың бақытын қызғанған мыстан кемпір бойжеткенді қарлығашқа айналдырып орнына өз қызын өткізіп жіберіпті-міс. Той үстінде әлгі қыз қарлығаш ұшып келіп, нағыз қалыңдық өзі екенін әнге қосып шырқырапты. Мыстан кемпірдің лақтырған дәу балтасы жұдырықтай құстың құйрығын ортасынан осып түсіп, айыр болып қалды дейді эстон аңызы. Содан бері қарлығаш адамдарды айналып-үйіріліп ұшқанымен жерге қонбайтын болыпты. 1932 жылы Эстонияның шағын ауылында үй қалапты. Дәл сол жылы сол үйге бірден 27 қарлығаш ұя салыпты. Тіпті соғыс кезінде көптеген үйлердің күлі көкке ұшқанда, осы үй аман қалған. 1962 жылдан бері қарлығашты эстондар ұлттық құс деп дәріптейді.Эрмитажда гректердің қолынан шыққан бір құмыра бар. Оның сыртында                             1 — Александр Македонский

жасамыс ер азамат пен жас жігіт және бозбала үшеуі көктемде оралған қарлығашты ерекше шаттанып, қуанышпен қарсы алған сәттері бейнеленген.         Бұл құсты Алманияның ауылдарында Жаратқанның сүйікті жәндігі ретінде құрметтеп, үйді жасын мен от жалыннан қорғайды деп сенген. Ал қораға ұя салса, төл көбейеді. Осы елдің Олденбург аймағында егер қарлығаштың ұясы құлап түссе, дереу қоныс аударуға тырысады. Немесе қарлығаштар аяқасты ұясын тастап кетсе ол да жаман ырым деп саналады екен. Осы Германияда ертеде қарлығаштың келгенін мұнараға шығып бақылап отырған. Алғашқы қарлығаштың келгенін жар салып жариялаған. Қарлығаштың келгенін кейбір ел тойлайтын болған. Халықтың қарлығашқа деген ықыласының артықтығы соншалық, оларды жылы жаққа тырналар арқасына салып жеткізіп, қайтарында ләйлектер қанатының астына паналатып ұшып жетеді деген сөз бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Қырымдағы  «Къарылгъач ювасы»

 

Әсілі, қарлығаш ләйлектен1 кейін ең қадірлі, ең айтулы құс деп саналады. Есте жоқ ескі заманнан бері қарлығаш атаулы «үйдің жанды тұмары» деп саналады. Қарлығаш ұя салмаған ауылдың берекесі болмаса керек қой… Ол тек жекелеген үйлерде ғана емес ресми ғимараттарға да емін-еркін ұя салатын бірден-бір құс. Олар ұясын жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына сілекеймен араластырып саз балшықтан өте берік етіп салады. Бар жоғы 9-23 сантиметрлік, салмағы 10-60 грамдық қарлығаш ұясын қырық күн қалайды. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсын, ұлпа, мамық секілді жұмсақ заттардан төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түстң болады. Жылына бір рет ал кейде екі мәрте үштен жетіге дейін жұмыртқа салып балапан өрбітеді. Балапандары адамның шақалағы сияқты, қызылшақа болып туады. Үйіңізге ұя салған қарлығаш балапан шығарса, үйге бақ-береке келеді. Әдетте ұя бұзғанға жақсылық болмайтыны өз алдына, осынау жұдырықтай құстың ұясы күйресе, бір жазда «үйін» жаңадан қалап та балапан басып шығарып үлгермейді ғой.
Кей аңызға қарағанда адамдар үй салуды қарлығаштан үйреніпті. Осы күні сәулет өнері жетіліп, теңіз жағалауы мен жартастарға салынған үйлерді, ғимараттарды қарлығаштың ұясына ұқсатып қалайтын болған. Мәселен Қырымда «Қарлығаштың ұясы» деп аталатын үй де бар. Оны украйн тілінде «Ластівчине гнізо», «Qarilgac yuvasi», «Къарылгъач ювасы» деп атайды. Ай-Тодар кентінде Аврорино жартасының мүйісіне 40 метрлік биіктікке салынған Ялта қалалық кеңесінің ғимараты. Бұл ғимарат сәлет және тарихи ескерткіш ретінде бағалы. Өйткені бұл нысан орта ғасырдағы Белем мұнарасына ұқсатып салынған. Бір қарағанда Италиядағы Триеста қаласының маңындағы Мирамар вилласына да ұқсайды. «Qarilgac yuvasi» Қырымның оңтүстік жағалауының абыройын асырған мақтанышы. Міне жаратылыстың бір кереметі – қарлығаштың адамға ықпал еткені.

1- кей өңірде оны дегелек деп те атайды

3.Қарлығаш ұясының түрі

Қарлығашым келдің бе,
қаршығадан саумысың?
Аман есен жеттің бе,
айыр құйрық нау-құсым?
Оралдың ба, сүйіктім,
екеуің де бармысың?

Көктемде Оңтүстікке алғаш болып қарлығаш пен нәуірзек ұшып келе бастайды. Ерте көктемде нәуірзек пен қарлығаштың келгенін көріп, көңіліміз көтеріліп қалды. Нәуірзекті суретке түсіріп ала алмағанымызға өкініп едік, алайда кешкісін асханадан қарлығаштың ұшып жүргенін көріп,  қатты қуандық. Егер қарлығаш көктемде үйге алғаш рет жаңбырлы күні кірсе, ол жылы жауын-шашын көп болып, егіннің бітік шығады.Қарлығаш торғай тұқымдас құс. Олар әнші торғайлар тобына жатады.Олар Арктика мен

Антарктидадан басқа аймақтардың бәрінде кездеседі. Жер бетінде қарлығаштардың 79 түрі тіршілік етеді. Біздің елімізде жар, құз, қос реңді, секпілтөс және кент қарлығашы деген 5 түрі кездеседі. Ауылдың әр жағындағы тіп-тік жарқабақты жағаларда шұрқ тесік індер қараяды. «Бұлар ненің іні болды екен, ә?» — деп ойлана қаласың. Бірақ көп кешікпей, ұшқыр да епті бір құстардың әлгі індерден ұшып шығып және қайтадан кіріп жатқанын көресің. Өзен жарқабағынан тұмсық және аяқтарымен терең ін қазып алғандар, міне, солар, сол үшін де оларды ін қарлығашы деп атайды.

Бұларға ұқсас құстарды қаладан да, ауыл-селодан да кездестіруге болады. Бірақ олардың ұялары басқаша, өздерінің желім сілекейлерімен жапсырған топырақ түйірлерінен жасалған. Міне, осы құстардың барлығы да қарлығаш аталады.Қарлығаштар әр түрлі жерлерде тіршілік етеді, олар бір-бірінен түр-тұрпаты жағынан да, тіршілік ету қалпы жағынан да ерекшеленеді. Бірақ барлығының да қанаттары ұзын, жіңішке және ұш жағы сүйір болып келеді. Қала қарлығашы мен ін қарлығашының құйрығы соншалықты ойық емес, ал қыстау қарлығашының құйрығы екі айыр болады.

Қарлығаш жәндіктерді тек қана ұшып жүріп, әуеде аулайды, жерге тым сирек қонады. Себебі олар жақсы жүре алмайды және өздеріне жерден ұшып көтерілу де қиын. Тіпті суды да ұшып бара жатып тұмсығымен іліп ішеді.

4.Әлемді таң қалдырған

“Қазақ­стан қарлығашы”

Ғалымдар құстарды ұстап зерттейтін торды «Аран тор» деп атайды.

“Аран торға” кей күндері құс мүлде түс­пейді, кейде керісінше жүздеп, мыңдап ілігеді. 1974 жылғы 6 мамырда бір тәулікте 12 832 құс, 1977 жылғы 3 мамырда 14 428 құс сақиналанып, әлемнің орнитология­лық1 бекеттері арасында .Торға түскен құстардың арасынан бір қар­лы­ғашты сақиналап, ұшырып жібереді. Сол қарлығашты төрт күннен соң ит арқасы қияндағы Хакасиядан ұстаған орыс ор­ни­тологтары кіп-кішкентай құстың тәулігіне 800 шақырымнан астам жылдамдықпен ұшқанын есептеп, таң қалыпты. Бұған дейін оған ешкім баса назар аудармай, “Зерттеліп біткен нысан” ретінде жүрдім-бардым, ат үсті қарайды екен. Сонда ол сағатына 30 шақырымдай жерді ұшып өт­кен болғаны. Елді елең еткізген “Қазақ­стан қарлығашы” туралы кезінде бүкіл әлем басылымдары жарыса жазған.

 

 

 

 

 

 

 

 

1- құстарды зерттейтін ғылым түрі

 

5.«Қанатты достардан» мен  неге

көз жазып қалдым?

Қарлығаш ерте көктемде туған өлкесіне келіп, үй бұғаттарына ұя салып, балапан басатын. Шіркіндердің тамылжыта сайрағанын айтсайшы! Нәп-нәзік көмейден төгілген әсем әуезді тыңдаудан жалықпайсын-ау, жалықпайсын. Оның жемтігін ұшып жүріп қағып әкететін ұшқырлығына таңдана қарайтынмын, бақшаларды құрт-құмырсқадан арылтатын қасиетін айтсаңшы!

Бүгінде адамға үнемі жақын жүретін сол қарлығаш ауылға мүлдем жоламай кетті. Бауыр басқан, туып-өскен жерінен неге безінді екен, ол шіркіндер! Оны елден айырған лашын құстың екпіні ме екен? Лашын болса да мейлі еді-ау. Ол да төре құстардың бірі ғой. Өкініштісі Қытайдан ба, әлде Ауғаннан ба ауып келген шаруаға зияны шаш етектен алақанат бажылдақ құстан озбырлық көргені болып тұр ғой.

Былтыр, жоқ бұрынғы жылы болса керек біздің үйдің бұғатына қарлығаштар ұя салды. Бірнеше аптадан соң ұядан балапандардың әлсіз шиқылы естіле бастады. Ата-анасы тынбай құрт-құмырсқа тасуға кірісті.

Бір күні алақанаттардың бажылдаған, қарлығаштардың үрейлене шиқыдаған дыбыстарын есітіп, сыртқа атып шықтым. Алғашқыда еш нәрсеге түсінбей: «Неге бұлар осынша шулап кетті» деп зер сала қарасам, өз көзіме өзім сенбей сілейіп тұрып қалдым. Байқасам әлгі алақанаттар ұядағы сары ауыз шақалақ балапандарды шетінен бір-бірлеп тырбаңдата шиқылдатып алып кетіп жатыр екен. Кейбірі балапандарына арашаламақ болып зар илеген қарлығаштарды қақпайлап жолатар емес.

Мен ес жинап көмекке ұмтылғанымша ұяны тып-типыл етті.

Балапандарынан айрылған қарлығаштар екі күндей сай-сүйегіңді сырқыратар жоқтау зарын төкті де, үшінші күні ізім-қайым жоқ болды. Сол сол екен, қарлығаштар туған өлкесіне былтыр да, биыл да мүлдем жоламай кетті.

«Қанатты достардан» біз осылайша көз жазып қалдық.

Уақыт өткен сайын асылдарымыздан бірте-бірте көз жазып қалып жатырмыз. Таңданарлығы сол: біз оған өкінбейміз де, өйткені мұндайға етіміз үйренген.

6.Арқа жерінен қарлығаштар ауып кеткен.

 

Неге екенін қайдам, қарлығаш әйтеуір қазаққа жақын. Бейбіт құс қой, осы қарлығашты қазақтың бір нышанына, таңбасына айналдыру керек-ау деп ойладым», – деген сөздерді кездестірдім.  Шынында да қарлығаш қазаққа жақын және қазақ та ерте заманнан осы бейбіт құсты қатты қадірлеп, жақсы көріп келген. Қазыбек бидің жоңғар шапқыншылығы кезінде жау жақындап қалғанда да үйін көшірмей, шаңырағына ұя салған қарлығаштың балапандарын ұшыруын күтіп отырғандығы осыны айғақтаса керек. Оның шет жағасын өзім де көріп өстім. Бала кезімізде әке-шешеміз «есікті жаппаңдар, қарлығаш кіре алмай қалады» деп отыратын. Шыбын-шіркей, маса кіріп жат­са да қарлығаш үшін есігімізді түнде де ашып қоятынбыз.                                        —-Қарлығаш ұшып келгенде бала­пандарының қуаныштан шаңқылдап шуылдағандарын естіп, құлағымызға сіңіріп өстік.
Міне, сол қарлығаш Арқа жерінен ауып, мүлдем жоғалып кетіпті. Неге кетті, неден жерінді, кім білсін? Есік-терезелерін қымтап, үйіне енгізбейтін адам­дардан жерінді ме, әлде жыл санап бұзылып, ластанып бара жатқан табиғат жағдайы кінәлі ме бұған?!
——Ал, енді қарлығаш безіп, жо­ғалып кеткен Арқа өңірінде соңғы жылдарда қазақ құзғын деп онша ұната қоймайтын кәдімгі қара қарға қаптады. Ауыл ақсақалдары: «Бұрын бала кезімізде ауылда дәл қазіргідей қарға оншалықты көп болмайтын. Үлкендер «қарғаны үй маңына жуытпаңдар, ол өлім, қан тілеп тұратын жаман құс» дейтін. Содан болар қарғаны көрсек қолымызға тас алып атқылайтынбыз».
——Міне, сол қан тілейтін құс жаманы қара қарға бүгінде ауылды қойып, қаланың өзінде қаптап жүр. Өткен қыста ауа райы күрт суытып, 40 градустан асқан кездер болды. Аздап тұманданғандай көкбеттенген, үп еткен желі жоқ 40 градустық осы аязда қара қарғалардың далаға шықсаң аспанда қаптап қарқ-қарқ етіп ұшып жүргенін көресің. Жын ойнақ салған құзғындар­дың бұл әрекеті шынында да жамандық шақырғандай әсер ететін. Сол суықтарда үй-күйі жоқ, жертөлелерді паналаған БОМЖ атанған бейбақтардың біразы қатып қалды, көбісі аяқ-қолдарын үсітіп, ауруханаға түсті. …Қарлығаш кетіп, қар­ға келді, ақбөкен кет­іп, қасқыр келді. Бұның себебі неде?!  Осының аста­рында табиғат ананың «ей, адамдар, табиғаттан аулақ­тамаңдар, оны сыйлап, құр­меттеңдер, өйткені сен­дер де сол табиғаттың төл перзентісіңдер, мұны ұмыт­саңдар табиғат  ананың нала­сына, қарғысына қалып, қиындыққа ұшырайсың­дар» деген ой жатқан жоқ па екен?!

 

 

 

7.Қарлығаштар жылы жаққа ұшпай, балапан

басып жатыр

 

      Қостанай облысында әдеттегіден тыс жылы ауа райы салдарынан қарлығаштар екінші рет балапан басып шығарды. Бұл туралы «ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН» агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, айрықша құ­бы­лыс­ты облыстық аңшылар мен балық­шылар қоғамының Әулиекөл ауданына қарасты бөлім­шесінің аға қорықшысы Анатолий Рез­ниченко байқаған. Оның айтуынша, Қос­танай облысында биыл қарлығаштар оң­түс­тікке ұшып кетпеген және екінші рет балапан басып шығарып жатыр. Әдетте бұл өлкеде қар­лығаштар жылына бір рет – маусым айын­да балапан басатын да, тамызда жылы жаққа ұшып кететін. А.Резниченконың пайым­­дауынша, құстардың екінші рет бала­пан басып шығаруына жаздың ыстық, күздің жы­лы болуы себеп. Айта кетейік, биыл тамыз айында осы өңірде ерте көк­темдегідей бәйшешектер пайда болып, шие ағашы гүлдеген еді.

 

 

 

 

 

 

 

8.Қарлығаштың ұясының емдік қасиеті

Қытайдың дәстүрлі ұлттық шипагерлігі былай деп қарайды: қарлығаш ұясы иммунитеттік иқуатты күшейтіп, адам денесінің қартаюын баяулатып, ұзақ өмір көруге пайда жеткізеді. Оның салауаттық және емдік өнімдері мынадай: ол адам денесінің кезектігін нәрлендіріп, өкпені жұмсартады, ыстықты асырып жібермейді; Өң кіргізіп сұлуландырады, теріні жұмсақ, серпінді және жылтыр күйге келтіреді; Қан айналымын жақсартады, асқазанның қорытуын, ішектің сіміруін күшейтеді. Өкпе кезектігінің әлсіздігін, жөтелді, ұры тер шығу, қан құсу сияқты науқас белгілерін емдейді; Ас қорыту қуатының әлсіздігі, ас қорыту кезектік қуатының әлсіздігінен болатын жүрек айну, лоқсуға ем болады; Қуатсыздық, тершеңдік, несеп көбею сияқты ауруларға ем болады.

Қарлығаш ұясының ерекше өнім беретін себебі мынау: қарлығаш ұясында биологиялық активтіктің басты құрамы – қарлығаш ұясы қышқылы қамтылады. Шетелдердің қазіргі медициналық зерттеулері қарлығаш ұясы қышқылының адам денесінде болуға тиісті ем-домдық элемент екенін байқап отыр.

Қарлығаш ұясы қышқылының ғылыми аты – нервтік аминоқышқылы. Ол қарлығаш ұясындағы биологиялық активтікке ие басты құрам. Атап айтқанда, ол ананың уыз сүтінде болатын, нәрестенің алғашқы өсіп-жетілуіне қажетті маңызды құрамдардың бірі. Ол жасушаның бетінде көптүрлі физиологиялық иқуаттық жұмыстарға қатынасып, адам денесінде физиологиялық, биохимиялық иқуаттар жағынан төтенше маңызды рөльдер атқарады. Ғалымдардың жуық жылдардағы зерттеулері қарлығаш ұясы қышқылының ұзақ өмір көруге көмек көрсететін ғылыми қағидасын растап отыр. Мұнан тыс, қарлығаш ұясында белсенді ақуыздар мен коллаген ақуызы мол қамтылады, сондай-ақ, ол қыртыстық жасушалардың жетілуін және адам денесіне қажетті басқа да әртүрлі микроэлементтердің сіңірілуін жеделдетеді.

Қарлығаш ұясы дене қуаты әлсіз, азықтануы нашар, созылмалы сатқақ, созылмалы безгек ауруына душар болған, қақырығы түспей, көп жөтелетін, қарттардың созылмалы кеңірдекше қабынуы, кеңірдекшенің кеңеюі, өкпенің желді ісігі, өкпе туберкулезі, қан құсу, қан түкіру және асқазан ауруы сияқтылармен ауырғандардың тұтынуына лайық келеді. Ал балалар, әлсіз, аурушаң, аурудан тұрған адамдар және жұмыс қарбаластығанан жүйкесі құрып жүргендер жөнінен айтқанда, қарлығаш ұясы әлдендіретін, ретке түсіретін таңдаулы да тамаша табиғи тағам саналады.

 

 

ҚАРЛЫҒАШ ҰЯСЫН ПІСРУ ӘДІСІ: алдымен, қарлығаш ұясын таза суға малшып, оны жұмсартып, бөрттіреді, судан алған соң тазартып жуып, сүзіп құрғатады, онан соң баяу отта бұқтырады. Ұяның түріне қарай малшу, бұқтыру уақыттары бірдей болмайды. Қызыл қаптал қарлығаш ұясы болса, 8-10 сағат шылап, 2-3 сағат баяу бұқтырады. Ақ қаптал қарлығаштың ұясы болса, 4 сағат шылап, бір сағат бықтырады.

Бықтырғанда абай болатын істер:Су мөлшері: қарлығаш ұясын шылап, бүйірлі ыдысқа салады, суды қарлығаш ұясы батқанша құяды.Температурасы: әуелі күшті отта қайнатады, онан соң отын басып бұқтырады. Қарлығаш ұясын шылаған суда кенеулік құрам болмайды, пайдалануға келмейді.

Ыдыстар: электр-магниттік меске немесе үйде тұтынатын газ плита (жоғары қысымды меске істетпеген жөн) қақпақты, таттанбайтын болат қазан, сүзгі, қасық, тостаған.

Жеу әдісі: қарлығаш ұясынан әр кісі әр ретте 3-5 г жесе ең лайық. Ал бала оның жартысын жесе болады. Аптасына 2-3 рет, 3 ай үзбей жесе өнімі болады. Өкпесі немесе көмекейі қалыпсыздар таңғы сағат 1-де немесе ұйқылы ояу отырып жесе өнімі айтарлықтай болады.

Қарлығаш ұясы мен күрең жиде тосабы

Қарлығаш ұясы (аталмыш қ.ұ. – теңіз жағалауындағы құз жартастарға ұя салатын алтын түкті қарлығаш – Collocalia vestita-ның ұясы, ол Қытай шипагерлігінің дәріханаларында сатылады-ред.) 25 г. лайықты мөлшерде қара шекер қажет. Қарлығаш ұясын таза суға бұқтырып, қыл-қыбырын шығарып тастап, онан соң күрең жидемен (сүйегі алынған) бірге қазанға салып, лайықты мөлшерде су құйып қайнатып, жиде езіліп піскеннен кейін қара шекерді дәмдендіргіш ретінде салу керек. Бұл рецепттің ажарландыру мен әжім кетіруге септігі тиеді, теріні жылтыратады әрі дымқылдайды.

 

 

 

 

 

9.Құстарды қорғайтын дүниежүзiлiк ұйым

Әлемде құстарды қорғайтын дүниежүзiлiк ұйым жұмыс iстейдi. Осы ұйымның зерттеуiне құлақ салсақ, белгiлi орнитолог Ги Мунфор өзiнiң «Сирек құстар» деп аталатын ғылыми сараптамасында 1965 жылға дейiн жер бетiнде жоғалып бара жатқан құстың түрi 290 едi, қазiр 1029-ға жеттi деп көзден жас емес, қан ағызатын мәлiметтi алдыға тартып отыр.

Американдық ғалымдарымыз Оңтүстiк Америкада және Африкадағы тропикалық ормандарда ғана өмiр сүретiн американ тотысын алдағы он жылдықта мүлдем жоғалтып аларын айтып дабыл қағуда. Қайтсем байып кетем дейтiн ашкөздiкпен орман отаушылар осы бiр құсты мүлдем баспанасыз қалдырып отырғанын назарға iлер емес. Тропикалық орман құритын болса онсыз күнi жоқ бейшара тоты да құрымақ.

Ал, 1980 жылғы санақта жер бетiнде мұндай тотының небәрi елу жұбы ғана қалғаны анықталыпты… Ауылда тұратын немесе ауылына жиi баратын кiсi аңғарып та жүрген шығар, осы күнi қарлығаш екеш, қарлығаш та азайып кеттi. Босағасына осы құс ұя салса қуанатын, тiптi ел көшкенде балапандары есейгенiн күтiп жалғыз үй болып жапанда қала беретiн қазақтың бұл құсқа жамандық жасамасы анық. Әйтсе де, экологиялық жағдайлар әсер еттi ме… әйтеуiр аз. Күндiз — түнi бiр тыным таппайтын қарлығаш тәулiгiне он алты сағат қимылдаса, сол уақытта балапанына 645 мәрте жем жеткiзiп, бiр күнде 6400 зиянкестi жойып отырады екен… Қарлығаш зиянды насекомдар мен олардың личинкаларын көптеп жойып, ауыл шаруашылығына елеулі пайда келтіреді. Бүгiнде АҚШ-тың мұражайларында Доронд деп аталатын құс сақтаулы. Өзi бiр-ақ дана. Жер бетiнде қалған жалғаз данасы сол. Ендiгi уақытта да оны ешкiм көрмейдi. Өйткенi, оны адамдар жеп тауысқан. Шын мәнiнде жеп тауысқан. Бұл құстар бастапқыда тек Тынық Мұхиттың қақ ортасындағы аралда мекендептi. Кейiннен арал Маврикий деп аталған. Арал ашылған соң адам келмей ме, адам келген соң елдiмекен бой көтермей ме, ол адамдардың ауызы жоқ па, олар қазан көтермей ме? Осылайша адамның қарын мен көмей мәселесiн шешу арқасында құдайдың күнi көп пе, әлде доронд көп пе, ақыры таусылып тынды. Бүгiнде тек музейде ғана… Құдай бетiн аулақ салсын деп айтайық, күндердiң күнiнде бабасы құс салып, тазы жүгiрткен қазақтың ұрпағы қыраны мен сұңқарына,адамның досы саналған қарлығаш тек музейден қарап мұңайып тұрмасына кiм кепiл? Әлемде құстарды қорғайтын дүниежүзiлiк ұйым жұмыс iстейдi. Осы ұйымның зерттеуiне құлақ салсақ, Ги Мунфор1 өзiнiң «Сирек құстар» деп аталатын ғылыми сараптамасында 1965 жылға дейiн жер бетiнде жоғалып бара жатқан құстың түрi 290 едi, қазiр 1029-ға жеттi деп көзден жас емес, қан ағызатын мәлiметтi алдыға тартып отыр.                                                                   1- белгiлi орнитолог

 

10.Қарлығаштың бұзылған ұясы

 

 

 

Қарлығаштың бұзылған ұясы

Еске түспей кең жайлау дала бары,

Жеткізбестей алыс жол арадағы,

Ұшып келіп, қарлығаш, ұя салдың

Балконына ескі үйдің қаладағы.

Бастамақ боп тірліктің қызық әнін

Ұя соқтың тыншымай ұзына күн,

Білген жоқсың, сонда сен сезген жоқсың

Көп кешікпей бұл үйдің бұзыларын.

Деп келіп ең құтты бір қоныс табам,

(Балкон салып саған шын болысты адам).

Сол адамдар қолымен құлады ұя

Балапандар ай-күні толыспаған.

Естіместен шырылын балалардың,

Жасын төгіп қасірет, нала, зардың,

Құлап түскен ұяны көріп тұрып

Шарасыздан шырылдап қала бардың.

Келер күн боп үмітті жалғайды арман,

Тәтті қиял қанатын самғайды алдан.

Кейде өте қатыгез тағдыр деген

Тұрады екен күтпеген, жағдайлардан.

 

 

                                                                        Ақұштап Бақтыгереева

Қорытынды

 

Бұлбұлдарға қамқорлықтың мәскеулік үлгісі

Электр бағаналарының желісінде қаз-қатар тізіліп қарлығаштар қонақтайды. Орын жетпей, бірін-бірі итеріп, шырылдап жатады. Еңбекшіл қарлығаштар таң атпай шықылықтап, масаханада ұйықтайтын біздерді шырт ұйқымыздан оятушы еді. Күні бойына шапқылап, ойын соңында жүрген бала атаулы ұйқымызды бөлген қарлығаштарға таңданамыз. Ал қазір  сол қарлығаштарды іздейтін болдым. Бірді-екілі ұшып жүргенін көзім шалады. Баяғы тойға жиналғандай тізілген қарлығаштар тобы көрінбейді.

Жыл сайын көктемнің соңғы күндерінде Мәскеуде бұлбұлдар саны есепке алынады. Ғалымдар болжамынша, Мәскеуге бұлбұлдар 10 мамырда ұшып келеді екен. Мамырдың аяғынан маусымның ортасына дейін олар тамылжыған әуезді үнімен ән салуларын бастайды, себебі бұл кезде ұя салу, жұмыртқалау басталады. Олар ұяларын ағашы мол, суға жақын жерлерге салады. Маусым айының аяғында әндерін тоқтатып, қыркүйекте ұшып кетеді. 15 миллион тұрғыны бар Мәскеу бұл шараны он бірінші жыл қатарынан жүргізіп келеді. Есеп, негізінен, қала тұрғындарының көмегімен іске асырылады. Мәскеуліктер жұмыстарының көптігіне, уақыттарының аздығына қарамай, мұндай игілікті іске белсене қатысады. Бұлбұлдар санының көбеюін жылдағы есептің көрсеткіштері көрсетуде. Әр аудан, аула тұрғындары әнші құстың қанша рет сайрағанын, уақытын, бұлбұл әнінің қаншаға созылғанын арнайы таспаға жазып, белгілі орталыққа өткізеді. Мамандар өз кезегінде бұл жазбаларды зерттеп, бұлбұлдар есебін (қай топ, қай түрге жататынын) қорытындылап шығарады. Саяжай мен бауларда мұндай зерттеулерді арнайы мамандардың өздері жүргізеді. Неше жылғы зерттеулер нәтижесі бұлбұлдар әнінің қала тұрғындарының көңіл күйіне, денсаулығына тиімді ықпалын анықтаған. Сонымен қатар қала табиғаты тазалығының, көк желегінің аз-көптігінің қаншалықты дәрежеде екенін бұлбұлдар санының азайып-көбеюі көрсетеді дейді. Сол себепті бұлбұлдар жұмыртқалағанда, оларға ерекше қамқорлық көрсетіліп, балапандарын өсіруге жағдай жасалған.

Мәскеу қаласының экологиялық индикаторы – бұлбұлдар. Үлкен мегаполистің 15 миллион тұрғынының осынадай ізгі іске қол ұшын беріп, бәрімізге ортақ үй – табиғатқа деген қамқорлықтары әркімді де қуантары сөзсіз.Бұлбұлдар сияқты қарлығаштар да табиғаттың тазалық өлшемін анықтайтын құстардың бірі емес пе? Әжеміздің «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісін жаттап өскен біздер қарлығаштың ұясын бұзбау, жұмыртқа басып жатқанында тынышын алмау керектігін өз атымыздай жатқа біліп өстік. Әуелі қарлығаш үй ішіне ұя салса, сол бөлмені босатып беріп, қала берді, терезе көздерін ашық қалдырып, мысығымызға дейін оған тимеуге тәрбиеленген.
Қарлығашқа ғана емес, қоршаған табиғатқа деген осындай қамқор қасиеттерді жанұя, мектеп, қоғам болып жас ұрпақ бойына сіңіре алдық па? Неліктен қала түгіл, ауылда қарлығаштар жоғалып, көкжелектер азайып барады? Жалпы, қазір біз адамзаттың досы саналатын құс атаулыға қамқорлық жасап жатырмыз ба? Мәскеуліктердің осындай игі шаралары бізге де үлгі болары сөзсіз. Жақсы істі үйренген ләзім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Э.И.Гаврилов. «Фауна и распространение птиц Казахстана». Алматы, 1999.

    2. «Жизнь Животных» том 5. Птицы. Москва. «Просвещение», 1970.

    3. В.К.Рябицев. «Птицы Урала, Приуралья и Западной Сибири». Екатеринбург. Изд-во Уральского университета, 2000

    4.Маңғыстау энциклопедиясы. Алматы, 1997 жыл. Атамұра баспасы. Бас редакторы: Ә. Кекілбаев.

    5.Қазақстан құстары ғажайып әлем. Алматы Аруана 2003 жыл. Авторы: А. Байғабылова.

    6. www.kitaphana.kz

    7.«Үш Қиян» газеті, №5 4-мамыр, 2009 жыл, 5-бет.

8.«Үш Қиян» газеті, №6 18- наурыз, 2010 жыл, 3-бет.

  1. http://www.bbc.co.uk – сайты
  2. «Замана» — облыстық газеті 19.03.2010 5 – бет
  3. http://angime.blogspot.com
  4.  http://adebiet.kz/index
  5. http://www.adebiet.kz/
  6. «Сыр бойы» Қызылорда облыстық газеті№13 22 – қаңтар 2010ж
  7. Қасенов С. Жыл мезгілдері туралы дүниетаным // Биология,

география және химия.- 1998.- №3-4.- 37-38 б.

  1. Қазыбеков Н. Дала өрнектерi: этнографиялық сипаттамалар.- Алматы: Балауса, 1994 — 128б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

 

1 П І К І Р 2бет
2 Аннотация 3-5беттер
3 Жоспар 6бет
4 ҚАРЛЫҒАШ. 7беттер
5 Қарлығаш киелі құс 8-10беттер
6 Қырымдағы  «Къарылгъач ювасы» 11бет
7 Қарлығаш ұясының түрі 12бет
8 Әлемді таң қалдырған

“Қазақ­стан қарлығашы”

 

13 бет
9 .«Қанатты достардан» мен  неге

көз жазып қалдым?

 

14бет
10 Арқа жерінен қарлығаштар ауып кеткен 15бет
11 Қарлығаштар жылы жаққа ұшпай, балапан

басып жатыр

16бет
12 Қарлығаштың ұясының емдік қасиеті

 

 

16-18беттер
13 Құстарды қорғайтын дүниежүзiлiк ұйым 19бет
14 Қарлығаштың бұзылған ұясы

 

 

20бет
15 Бұлбұлдарға қамқорлықтың мәскеулік үлгісі 21-22беттер
16 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

 

23бет

 

 

«Комсомол» жалпы орта мектебінің 9«А» сынып оқушысы Тұранова Әселдің  ғылыми қоғамда атқаратын жұмыс жоспары

 

 

қ/с

 

Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері

 

 

Жұмыс істеу дәрежесі

1 Оқушының зерттеу әрекеті, зерттеу тәртібін түсіндіру жолдары әр аптада
2 Таңдалған тақырып төңірегінде түсіндіру жұмыстары әр аптада
3 Ізденіс иіріміне ғылыми тұрғыда бағыт бағдар беру әр аптада
4 Жаңашылдық  ғылым мен техниканың жетістіктерін тиімді пайдалану жолдары әр аптада
5 Кітапханамен байланыс жұмыстары. Еріктілік принціпін тиімді пайдалану әр аптада
6 Айналысу принципін  жүзеге асыруға мүмкіндік жасау әр аптада
7 Тақырып бойынша ізденістерін ғылыми тұрғыда жүйелеу жолдарын қолға алу әр аптада
8 Өзара пікір алмасу дидактикалық шығармашылық әрекетін жандандыру(яғни  оқу материалдарын, оны оқушыларға беру мен меңгеруге байланысты әртүрлі амалдарды іріктеу және құрылымдау жөніндегі оқыту әрекетін қолға алу). әр аптада
9 Жеке бас ерекшеліктерін ескеру, жоспарлау. Өз бетімен демалуына мүмкіндік жасау, тәжірибені игеру. әр аптада
10 Көсемпаздық педагогиканы жандандыру, білім берудің тиімділігі, яғни идеялар мен жаңалықтар жасалынып тексеруден өткізуді жүзеге асыру. әр аптада
11 Интернетпен жұмыс Аптасына 2 рет