Оқушылардың зерттеу-ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру

 

Оқушылардың

зерттеу-ізденушілік

жұмыстарын ұйымдастыру

 

Оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерді зерттеу, жинақтау жұмыстарымен айналысады. Соның бір дәлелі ретінде Наурыз мерекесі туралы ұмыт бола бастаған салт – дәстүрлерді жинақтап, «Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы» атты жоба қорғауды  талдамасын   ұсынамын.

 

М А З М Ұ Н Ы :

 

І.кіріспе

« ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУІЗДЕНУШІЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ»………………………………………………………………………...

ІІ.ДҮНИЕ ЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУ ДӘСТҮРІ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША   ЗЕРТТЕУ- ІЗДЕНУШІЛІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ………………………………………………………………………..7

     ІІІ.ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ 

      МАЗМҰНЫ:

      ДҮНИЕ ЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ  НАУРЫЗ   МЕРЕКЕСІН  ТОЙЛАУ

         ДӘСТҮРІ…………………………………………………………………………………………………………….8.

      —ҚЫЗЫР  (ҚЫДЫР)  АТА ……………………………………………………………………………….11.    

    —САМАРҚАННЫҢ КӨК ТАСЫ  ЖІБІГЕН……………………………………………………..     —ҚЫЗЫР ТҮНІ. …………………………………………………………………………………………………

    — НАУРЫЗДАҒЫ САЛТ – ДӘСТҮРЛЕР…………………………………………………………..

IV.«НАУРЫЗ КӨЖЕНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ПАЙДАСЫ» ТА-

ҚЫРЫБЫНДАҒЫ  ЖОБАНЫ ҚОРҒАУ  ТАЛДАМАСЫ…………………………..

V.ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………………..

 

 

                            І .   КІРІСПЕ.

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де  осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық   экономиканы дамытуды қарастырады.

Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік  алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.

Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға   деп   өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.

Ғылымның  жедел түрде дамуы,  техникалық прогресс, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан- жақты терең ойлау қабілеттіктерін арттырып отыр. Сондықтан       бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі —құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі — мәдениетттанымдық құзырет . Ол дегеніміз – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құ