баяндама. Тақырыбы «Табиғат пен тағам арасындағы байланыс»

— баяндама. Тақырыбы «Табиғат пен тағам арасындағы байланыс»

Мақсаты: Табиғат  пен тағам  арасындағы байланысты  ашу  арқылы Наурыз көженің қасиеттерін көрсету.

Халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге балап айтады екен.

Олар :

1.КӨК.-көктемде тасыған су жер- дүниені көк толқын етеді.

 

2.ҚЫЗЫЛ.-қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше барлық ет тағамын қызылға балайды.

 

3.ЖАСЫЛ.- жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз.

 

4.АҚ-барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.

5.САРЫ-май өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған.

 

6.ҚОҢЫР-бидайдың,тарының талқанын көжеге умаждап қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді.

7.ҚАРА-тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.

Осы жеті түс белгілі тәртіппен орналастырылғанда, қайтадан ақ сәуле түзеді.