«Біз осындай баламыз» атты сайыста дайындаған топтық таныстыру(өз бойларындағы жақсы қасиеттерін көрсете білу керек)

 

Құлманова Злиха Санаққызы

Қ.Жазықов атындағы  орта мектептің

тәрбие ісінің орынбасары,өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Кемерши селосы

 

 

Өзін – өзі тану пәнінен өткізілген  «Біз осындай баламыз» атты сайыста дайындаған   топтық таныстыру(өз  бойларындағы жақсы қасиеттерін көрсете білу керек)

Сәлеметпе , ағайын

Тобымды таныстырып алайын

Әдемі әрі ақылды таңқалдырған талайын

Таңбаева Айдана  мен боламын топ басшысы

«Жақсылық» деп қойдық тобымызды

Жақсы болсын әрдайым ойымызда

Биіктерден көрсеткен талай озған

Әбілов Жарас бар топ мүшесі

Сыпайы әрі салмақты

Сәлиева Ақнұр бар топ мүшесі

Біз осындай баламыз топтан озған

«Жақсылық» тобының топ басшысы

                                                    Таңбаева  Айдана Бекболатқызы

                                                                  4 – класс оқушысы

 

 

 

 

 

 

Құлманова Злиха Санаққызы

Қ.Жазықов атындағы  орта мектептің

тәрбие ісінің орынбасары,өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Кемерши селосы

 

Өзін – өзі тану пәнінен өткізілген  «Біз осындай баламыз» атты сайыста дайындаған   топтық таныстыру (өз  бойларындағы жақсы қасиеттерін көрсете білу керек)

 

 

Армысыздар көрермен,

Бармысыздар көрермен

Әділетті тілеймін

Әділқазы қауымым .

Таныстыра кетейін,

Әдептілік тобымен

Дарындылық, даналықты,

Табандылық, қайсарлықты,

Сыпайлылық, сыйластықты

Көрсетеді белсенді

Мадақтаймын мақтаймын

 

 

 

 

Ұлыбекқызы Ақжол

 4 –класс оқушысы

«Әдептілік» тобының топ басшысы

Топ мүшесі Жаннұрды

Әдептілік, адалдықты,

Білімділік, батырлықты,

Қайырымдылық,  тазалықты

Міне, осылай мақтаймын

Топ мүшесі Таңбаев Мадиярды

Таныстыра кетейін мен өзімді

Жақсылықты сүйемін адалдықты

Ұлықбекқызы Ақжолмын топ басшысы

Әдептілік тобымыз біз дарынды

 

 

Құлманова Злиха Санаққызы

Қ.Жазықов атындағы  орта мектептің

тәрбие ісінің орынбасары,өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Кемерши селосы

 

Өзін – өзі тану пәнінен өткізілген  «Біз осындай баламыз» атты сайыста дайындаған   топтық таныстыру

 

Сайыс  өтсе жүйріктерді жарыстырып

Сөйлетіп шешен тілде қағыстырып

Өлеңдетіп бұл сайыста  алдыменен

Өтейін тобымызды таныстырып

Күн нұрындай көңілі

Даладай кең пейілі.

Таныстырып өтейін, тобымыздың мүшесі

Дәулетқалиева Елнұрды

Көрсетіп көмек кішіге

Үлкенге сәлем береді

Таудай болсын талабың

Ғабитқызы Ұлболсын

Мейірімді боп жүреміз біз әрдайым,

Досымызға көмектесіп қолдаймыз.

Тобымызды мейірімділік деп қойып,

Әрқашанда біз сәттілік жолдаймыз

Досымызға көмектесіп жүреміз,

Әр нәрсені біз кешіре білеміз.

Бірге оқитын сыныптастар бір жүріп,

Бірлік, достық, сыйластықты тілейміз.

Бізді көріп бастан аяқ бақылаңыз

Бұл сайысты ең алдында

Мейірімділік деп қойған мақсатымыз

Барлық топты мейірімге шақырамыз

 

«Мейірімділік» тобының топ басшысы

Дәулетова Дилназ Жандарбекқызы

4 – класс оқушысы