«Қытай ойыншықтарының зияны» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы

120

«Қытай ойыншықтарының зияны»

тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы

Ғылыми жетекшісі:

бастауыш сынып мұғалімі

Шутикова Дәмелі Мұратқызы                                                                                                                                                                                                 

Мақсаты: Қытайдан әкелініп жатқан ойыншықтардың жас ұрпақтың ағзасына тигізетін зиянын түсіндіру.

Міндеттері:

  1. Ойыншықтың бала өміріндегі алатын орны туралы мағлұмат беру
  2. Қытай ойыншықтарының құрамындағы улы заттардың бала ағзасына зиянды жақтарын көрсету.
  3. Қазақстанда ойыншық индустриясын дамытудың қажеттілігін айқындау.

Өзектілігі:

Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана жалықпайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда кейбір ата-ана осы ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенінен хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді  немесе білсе де немқұрайлық танытады. Соның салдарынан бала азап шегеді.

Сондықтан мен өз құрбыларымды, ата-аналарды ойыншық таңдауда абай болуға шақыра отырып, қазақ елінің болашағы балалардың денсаулықтарын қорғауда аз да болса өз үлесімді қосқым келеді.

Ойын бала үшін — нағыз өмір.Ойын арқылы бала өмірге әзірленеді. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ал ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы. Бала  ойыншықпен ойнай  отырып, дүниетанымы қалыптасады. Қимылы дамиды. Қолдарымен, саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың  миы да дамиды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.

Ертеректе, заманның қысылтаяң кезеңінде аталарымыз  ағаштан жасалған әр түрлі жануарлармен,  ал әжелеріміз сабаннан жасалған ойыншықтармен ойнаған. Қазірде тәуелсіздігін алған Қазақстан  ұрпақтары үшін ойыншық қол жетімді дүние. Қазіргі таңда, базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдас бермей, әп-сәтте «істен» шығады. Сондай-ақ Қытайдан жеткізілген қауіпті ойыншықтардың қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың бар екенін айтып,  бүкіл әлем дабыл қағуда. Дабыл қағып қана қойған жоқ, оған қарсы шаралар қолданылып жатыр. Мәселен, бүгінде аспан асты елінде шығарылған ойыншықтардың Солтүстік Америка мен Австралияның дүкендерінде сатылуына тыйым салынған. Сол сияқты, Ресей  Қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң, дайын өнімдерді кері қайтарып, тіпті осыған байланысты арнайы заң қабылдаған. Өкінішке қарай, басқаларға керексіз болып қалған осы ойыншықтар біздің елімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Қолда бар деректерге сүйенсек, сауда нүктелеріне шығатын ойыншықтардың 80-90 пайызы қытайдікі көрінеді.

  1. Қытай ойыншықтары Қазақстанда

Қазір еліміздегі базар, дүкен сөрелерін қытай тауарларының жаулап алғанына біраз уақыт болды. Ол тек ойыншыққа ғана қатысты емес. Бұл елдің азық-түлігі, жеміс-жидегі, киім-кешегі де мемлекетімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Отандық мамандар қытайдың тек ойыншығы ғана емес, тамағы, тіпті балалардың киім-кешегіне дейін қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына кері әсерін тигізетін улы химиялық заттардың бар екенін айтып келеді. Әлемдік брендтердің өнімдерін «көшірумен» белсенді түрде айналысып отырған қытай кәсіпорындары ақшаға құныққандықтан, сапаға емес, санға мән береді. Сырт көзге сүп-сүйкімді көрінетін өнімдерге алданып, онда қандай қатер бұғып жатқанына мән бере бермейміз.

Қытай тауарлары тек Қазақстан нарығын ғана емес, бүкіл әлем елдерін жаулап алғаны аян. Бірақ та кейінгі жылдары Америка, Ресей елдері қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң ойыншықтарды кері қайтарып, тіпті, осыған байланысты арнайы заң қабылдаған болатын. Мәселен, жақында Ресейде «Балалар ойыншықтарын шығару және тарату өндірісінде бақылау мен қадағалау тиімділігін арттыру туралы» жаңа заң қабылданып, күшіне енді. Яғни, бұл құжат бойынша ойыншықтар нарығындағы қауіпсіздік ережелерін нығайтуға күш салынады.

Қытайдан келетін тауардың, соның ішінде ойыншықтардың бәрі қауіпті деп айта алмаймын. Қытай ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі — зауытта жасалып, елімізге ресми түрде әкелініп, тексеруден өтіп, сапасы жөнінде сертификаты бар тауар. Олар негізінен жүк түрінде әкелініп, сертификация органына зерттеуге жіберіледі.

Бұл ойыншықтардың құжаты болғандықтан кез-келген дүкенге қиындықсыз алады. Ал заңсыз әкелінген ойыншықтардың сапасы жайлы сертификаты болмағандықтан, оларды ешқандай дүкен алмайды. Сондықтан ондай тауарлар базарда сатылады. Ал әрбір өнімнің сапасы, қауіпсіздігі жайлы сертификаты не болмаса санитарлық қорытындысы болуы қажет. Бірақ та қара базардағы өнімдерде ондай сертификат болмайды. Арзан болғасын сапасы да нашар. Әрбір ойыншықта маркасы, шығарған зауыт аты, ел коды, мекенжайы туралы ақпарат болу керек. Ал базардағы ойыншықтарда ондай құжат жоқ.

 

Б

  1. Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды

химиялық заттар

Ересектер балаларға жылтыраған қытай ойыншықтарын әперуге құштар. Бірақ та оның негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан жасалынатындықтан баланың миын зақымдап, көру қабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан көп жағдайда хабарсыз.

Енді белгілі деректерге сүйенсек, осыдан екі жыл бұрын америкалық «Mattel» компаниясы өздерінің Қытайда жасатқан 18 миллионға жуық ойыншығын дүкен сөрелерінен сыпырып алып тастады. Себебіне келсек, америкалық кәсіпорынның тапсырысын орындаған қытайлық «Dong Lian» және «Yip Sing» компаниялары ойыншықтар өндірісінде құрамына белгіленген мөлшерден бірнеше есе көп мырыш бар бояуларды қосып, пайдаланғаны анықталды. Міне сондықтан да «Mattel» компаниясы әлемдік деңгейдегі шуға қалып, Таяу Шығыс пен Африкаға жөнелтілген тауарларын кері қайтарып, тұтынушыларға өтемақы төлеп, құтылған. Ал мырыш әсіресе нәрестелер үшін аса қауіпті. Яғни, ағзаға түскен мырыш миды зақымдап, сәбиді мүгедек қылады. Ал кішкентай бүлдіршіндердің кез келген затты ауызға салып, иіскеуге құштар екендігі ешкімге де жасырын емес. Осылай зиянды, улы заттар бала ағзасына түсіп, түрлі ауруға ұшыратады. Қытайдан келген ойыншықтар құрамындағы формальдегид әдеттегіден 10-15 есе көп екен. Сонымен қатар қытайлық ойыншықтар құрамында ася зиянды улы зат — фенолдың көрсеткіші де бірнеше есе көп екендігі және шығатын дыбыстардың талаптан асып түсетіні де белгілі болды. Тіпті нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың келешекте баланы керең, саңырау қылатыны да анықталып отыр. Жұмсақ резеңке ойыншықтарын бояйтын заттар құрамындағы кадмий мен қорғасын мөлшері де қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен. Мұндай улы ойыншықтар баланы тек қана аллергиялық ауруға ұшыратып қоймайды, онымен қоса асқазан, ішек дерттеріне де ұшыратады екен.

 

 

  1. Отандық ойыншықтар зауытын ашуөзекті мәселе

Еліміздегі базарлар мен дүкен сөрелерін арзан әрі сапасыз ойыншықтардың жаулап алуының нәтижесінде омыртқасы қисық, керең, иіс сезу мүшесі әлсіз ауру буын өсіп келеді. Әрине, жас балғын сәби мына әлемді ойыншық арқылы таниды. Осы жансыз бейнемен сырласады. Қазіргі уақытта еліміздің нарығындағы киетін киім-кешек те, күнделікті тұтынатын тағам, сусындарымыздың, тіпті балалар ойнайтын ойыншықтардың өзі шетелден әкелінеді. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда ойыншық өндіретін отандық зауыт ашқанның өзінде көп ұзамай ол өзін ақтай алмай жабылып қалады. Қытайдан ағылған арзан ойыншықтар отандық өнімді дамытуға мүмкіндік бермейді. Ал балалардың күнделікті құшақтап, тіпті бірге ұйықтайтын серігі — ойыншықтың берер тәрбиесі де зор. Балалардың ертегілерді ұйып тыңдайтыны белгілі. Ондай болса, қазақ ертегілерінің желісімен Алдар көсе, Тазша бала, батырлар тәрізді ұлттық кейіпкерлер бейнесінде ойыншықтар жасалса, бұл бала үшін баға жетпес сый болар еді. Әрине, бұл — отандық кәсіпкерлерге қатысты мәселе. Тек қалтасын толтырумен ғана айналыспай, жас ұрпақтың дені сау да, ақылды, өз елінің патриот азаматы болып өсуі үшін қамқорлық көрсетіп, ойыншықтар өндірісін қолға алуға болады емес пе?

 

Қорытынды

Осы күні қазақ баласы ойнап жүрген қытай ойыншықтарының қауіп-қатерге толы екені ақиқат. Көбінде ата-ана баласына бір сәттік қуаныш сыйлау үшін оның сапасының сын көтермейтінін біле тұра, мән бермейді. Әрине, дүкендердегі бағасы шарықтаған ойыншықтарды сәбиіне алып беруге бәрінің қалтасы көтере бермейді. Дегенмен де баланың қауіпсіздігі үшін қара базардағы қаптаған арзан ойыншықтардан гөрі, дүкендерден сертификаты бар ойыншықтарды алған жөн. Осы мәселелерді қолға алып, сырттан келетін ойыншықтың сапасына тиісті орындар ай– қатаң қадағаланатын мәселе. Өйткені ойыншық – ұлттық қауіпсіздіктің басты мәселесі. Ойыншық мәселесіне жеңіл-желпі қарауға болмайды. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілеті артады, сол арқылы өмірге бейімделеді. Сондықтан ұлт боламын деген, ұрпағын ойлаған ел балалар ойыншығына, әсіресе, сырттан әкелінетін ойыншықтың сапасына, зиянсыздығына ерекше көңіл бөлуге, қатердің алдын алуға міндетті.
Қазақтың баласы тамырынан қол үзіп қалмасын десек, ұлттық нақыштағы, бүлдіршіндерді қызықтыра білетін, бір көргенде елітіп әкететін ойыншықтарды, мультфильмдерді түсіру керек. Өскелең ұрпақтың қоғамның толыққанды, парасатты тұлға болып қалыптасуына оның қолындағы ойыншықтары мен көгілдір экранның тигізетін әсері мол.

Ұсыныс:  Келешекте Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» жобасы сияқты, Отандық ойыншық өндіретін зауаттар ашылып, ойыншықтың  бағасы барлық балалар сатып алатындай қол жетімді болса екен.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ол кім, бұл не?
  2. Қытайдың зиянды ойыншықтарына қашан тосқауыл қойылады? — Ж. Сүлейменов АСТАНА.
  3. «Арзан ойыншық – қымбат дерт» Автор: Сандуғаш Әлімжанова
  4. «Сапасыз ойыншықтар бала болашағын бұлыңғырлатады» мақала 14.09 2013
  5. Балаларды арбаған «Сиқыр ойыншықтар» оның денсаулыққа зияны қандай? Мақала 04.2012
  6. «Қуыршақтарды күлімдетіп, сәбилерді сергелдеңге түсірген қайран Қытай» мақала 29 шілде, 2011
  7. «4 миллион баламыз Қытай тауарына телміріп отыр» Автор: Жанар Келменбетова, Қарағанды

 

 

 

 

 

Ойыншықты таңдай біліңіз

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті басқармасының бастығы Айгүл Қасымованың хабарлауынша, базар сөрелеріндегі ойыншықтардың 80 пайызы қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламентке сәйкес емес

Қазір ойыншықтың түр-түрі көрінген жерде сатыла береді. Сол себепті ойыншық алар кезде қауіпсіз ойыншықты ажырата білуге тырысыңыз. Ең алдымен, сатушыдан өнімнің санитарлық анықтамасын сұраңыз. Одан кейін бағасы тым арзан ойыншықты алмауға тырысыңыз. Сонымен қатар, ойыншықты алдымен иіскеп көруге де болады, егер иісі тым өткір, немесе «химияның» белгілері байқалса, мұндай ойыншықты алудан бас тартыңыз.
Айтпақшы, елімізде «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» заң бар екенін біреулер білсе, біреулер білмейді. Бұл заңда ойыншық баланы агрессиялық әрекетке, қатыгездікке, тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылыққа итермелемеуі керек деп жазылған.

Мамандардың айтуынша, Қытайдан келген ойыншықтар халықаралық стан­дарт­тарға сәйкес келмейді. Олардың құра­мын­дағы зиянды химиялық заттар: фенол – бекiтiлген нормадан 1,2-1,4 есе; қор­ғасын – 1,7; кадмий – 1,6-4,0; фор­маль­дегид 1,2-4,1 есе артық. Химиялық зиянды зат­тар фенол, формальдегид бала жүйкесiне әсер етедi, терiге тез сiңедi. Ауыр металл тұздары: кадмий, қорғасын улы химия­лық заттардың құрамына кiредi. Мәселен, кадмий тыныс алу жолдары мен асқазанға зиянды әсер етсе, қорғасын ағзада жина­лып, созылмалы улануға себеп болады екен. Ал осындағы фенолды алайық. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы №201 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіп­сіздігіне қойылатын талаптар» тех­ни­ка­лық регламентінде фенолдың мөлшері 0,05-тен аспауы керек деп нақты көр­сетілген. Формальдегид 0,003-тен ар­тық болмауы тиіс. Кадмий қаулы-қарармен бе­кітілген тізімде атымен жоқ. Өйткені ол – жоғары улы металл, батарейкаға пай­да­ла­нылады. Алайда тізімде болмаса да, ол ойыншықтардың құрамында бар. Фор­маль­дегид те жетісіп тұрған жоқ, өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады. Бірақ сөйте тұра, осындай улы заттардың жиын­ты­ғы­мен сәбилер күнде ойнайды. Дәрігерлер сәбилер арасында бұл күнде әртүрлі ал­лергия ауруының да күрт көбейіп отыр­ғанын жасырмайды. Оның бір себебін қытайлық ойыншықтардан іздесек, адас­пай­мыз. Алдағы уақытта әлемдегі ойын­шық индустриясының 75 пайызын қы­тай­лықтар шығаруы мүмкін деген мәлімет тағы бар.