ҚОЗҒАЛМАЛЫ- КӨТЕРГІШ РОБОТ

ҚОЗҒАЛМАЛЫ- КӨТЕРГІШ РОБОТ

Роботтар өнеркәсіпте   технологиялық және  жабдықтарды бақылау- өлшеу  құралдарының  негізгі  бөлігі   болумен  қатар, қосымша  операцияларды автоматтандыру,  ауыр және  зиянды   да  қауіпті  жұмыстарды   орындау  үшін  қолданылады.

Өндірістік  процестердегі  роботтың  негізгі  функциясы — заттарды   қысып  ұстау, көтеру- түсіру, белгілі  бұрыштарға  бұру,  тасымалдау  болып  табылады.  Роботтардың   кәдімгі  механизмдерден  негізгі  айырмашылығы бір  немесе  бірнеше   манипулятордың  болуында. Манипулятор  дегенімізді  айтып  кетейін.  Бұл  көп звенолы механизмдермен  жабдықталған  роботтың  жұмыс органы /«схват» қапсырып  ұстау/  ол  арқылы  манипулятордың  сыртқы  ортамен байланысы    /объектімен /  жүзеге  асады.

Менің, өз  қолыммен   жинақтап жасаған  конструкцияма  «қозғалмалы- көтергіш  робот»  деп  ат  қойдым.

Бұл  мынандай  негізгі  бөліктерден   тұрады.

  1. Басқару құрылғысы
  2. Орындаушы құрылғы – манипулятор
  3. Қозғалту құрылғысы.

 

Енді   әр  бөлікке  жеке- жеке  тоқталып,  қандай  механизмдерді, детальдарды  пайдаланғанымды  және  жұмыс  принципіне   тоқталып  өтейін.

1.Басқару  құрылғысының  қызметін  басқару  пульті  атқарады. Ол орындаушы  механизммен   қашықтықта     орналасып,  байланыс     каналы / кәдімгі  кабель /  арқылы   қосылады. Оның  қызметі  тапсырманы  енгізу  және   орындалуына     басшылық  жасау    болып  табылады.

Басқару  пульті мынандай  элементтерден  тұрады:

  1. Роботтың қысыммен істейтін бөлігін басқаратын /кнопка, тумблер/ перне
  2. светодиод /индикатор/
  3. Роботтың функцияларын басқаратын /алға, артқа қозғалуды  /басқаратын  перне
  4. қозғалыс қызметін басқаратын перне
  5. Оң және сол бағытқа  бұруды басқаратын  перне
  6. Орындаушы механизмнің  қозғалыстарын басқаратын  перне

а/ орындаушы  механизмнің  көтерілуін   басқаратын перне

б/  орынлаушы  механизмнің  өз осінен  айналуын басқаратын  перне

  1. Гидравликалық шлангілердің  қосатын  орын
  2. Жүру мен  бұрылу  функцияларын  қосатын  орын
  3. Жалпы ток көзін  қосатын   орын
  4. Роботтың қызмет функцияларын  қосатын орын
  5. Масса   /-/
  6. Роботтың қызмет функцияларының тетіктері
  7. Негізгі корпус
  8. Орындаушы механизмнің  қозғалыстарын қосатын орын

 

Енді  роботтың  құрылысына тоқталып  өтейін:

 

  1. Ойыншық машинаның  корпусы
  2. Пластмассадын жасалған білек/ стойка/
  3. Жел үретін құралдың корпусы  / насос/
  4. Орындаушы механизм  /затты  қысып ұстаушы,  схват/

 

Робатта  қолданылған  двигательдер:

 

  1. Автомобильдің әйнек  көтергіш двигателі
  2. Автомобильдің әйнек  сүрткіш двигателі /дворник/
  3. DVD құрылысындағы  дискіні   енгізгіш  / дисковод/
  4. Бейне магнитафонның двигателі
  5. Айналмалы антенаның  двигателі
  6. Ойыншық  машинаның  двигателі
  7. Ойыншық машинаның двигателі

 

Роботтың  жұмыс  істеу  принципі:

Автомобильдің  әйнек  көтергіш двинателі   роботтың  «білек» қызметін  орындайды. Жалпы  көтеру  функциясын  басқарады. Әйнек  сүрткіш  двигатель роботтың  «қолының»  оңға- солға бұрылуын басқарады. Бейнемагнитафонның   двигателі «қолдың  буынын» басқарады. Айналмалы  антенаның  двигателі  «қолдың  білегінің» айналуын  басқарады. Ойыншық   машинаның  двигателі  орындаушы механизмнің  360 градусқа  айналуын  басқарады.  Ойыншық  машинаның  двигателі  затты  қысып ұстау  «схват»   қызметін  басқарып   200  грамм салмақты көтереді.   Басқару  пульті  арқылы  орындалатын  «гидравликалық  насостың» қызметі  «қолдың алақан буынын»  басқарады. Қолданылған   барлық  двигательдердің    кернеуі 12 вольт  400 mA.

Қорытынды

Менің  жасаған  «қозғалмалы – көтергіш  роботты»  өндірістік  процесстерді  автоматтандыруға  пайдаланылатын  роботтардың  макеті.  Өндірістік  процестердегі  роботтың  негізгі  функциясы — заттарды   қысып  ұстау, көтеру- түсіру, белгілі  бұрыштарға  бұру,  тасымалдау  болып  табылады.  Өнеркәсіпте  бірнеше  технологиялық  процестерді /арту, түсіру, көтеру, сырлау, детальдарды  өңдеу және  тағы  басқа  операцияларды  орындайды.  Келешекте  осы  үлгіде  қуатты  көтергіші  бар,  өндірісте  толық  пайдалануға   болатын   робот жасаймын.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Автомобильдің құрылысы және пайдалануы П.Ж.Жүнісбеков

Астана. 2007 ж

  1. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет

М. Жетпейісов Астана. 2007ж

  1. Село электригінің серігі Ө.Өтешев. Алматы.1986 ж
  2. Гибкие производственные системы электронный техники

А.Т.Александрова. Москва.1989ж

  1. Газ және электрмен дәнекерлеу Т.И.Шакиров. Астана.2007ж
  2. Элементарная электротехника Н.Д.Пасечник Киев. 1964ж

 

 

 

Пікір

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында атап  көрсеткеніндей, кәсіптік  және техникалық білім берудің мазмұнын арттыру белгіленді. Осыған байланысты оқушылардың ізденісі барысында  инновациялық моделі қалыптасты­ры­лу заман талабы.                        Сондықтан, І курс, №176 оқу тобының оқушысы Әуелбекұлы Нұрсұлтанның жасаған «Қозғалмалы, көтергіш робот» шығармашылық жұмысы  бүгінгі күннің талабына сай өзекті мәселені көтеріп отыр.                     Мамандығы «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру» І курста оқитын, №176 оқу тобының оқушысы Әуелбекұлы Нұрсұлтанның жасаған «Қозғалмалы- көтергіш робот» шығармашылық жұмысы кез- келген орында пайдалануға ыңғайлы. Күнделікті қолданылып жүрген тұрмыстық техникалардың бөлшектерінен құрастырылған. Жұмыс істеу принципі мен жасалу  жолдары өте қарапайым.Робот  білгілі бір салмақ мөлшеріндегі жүкті  көтеру  және  тасымалдау  кезіндегі  жұмыс  түрлерін  еш  ақаусыз,  сенімді түрде орындайды.                                                                                        Әуелбекұлы Нұрсұлтан өз  қолымен   жинақтап жасаған «Қозғалмалы- көтергіш робот» шығармашылық жұмысын 15 күн ішінде  өз бетінше ізденіп, ерінбей еңбектеніп, өзінің техникаға құмарлығы мен икемдігінің арқасында жасап шығарды.  Қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Сол себепті бұл «қозғалмалы- көтергіш робот» шығармашылық жұмысын «Өте жақсы» деп бағалаймын.