Тұман


Тұман

 

 


Арманыңнан адастырар,

Жақсыменен таластырар,

Қастықпенен жарастырар,

Жаман ойлар санадағы.

 

Пәктігіңді қаралайтын,

Жүрегіңді жаралайтын,

Ұятыңды мазалайтын,

Жаман ойлар санадағы.

 

Жоятұғын талабыңды,

Қинайтұғын жан арыңды,

Жеткізбейтін ақ бағыңды,

Жаман ойлар санадағы.

 

Мақсатыңнан жаңылдырар,

Өтірікке бағындырар,

Нәпсіге де қылар құмар,

Жаман ойлар санадағы.

 

Санадағы жаман ойлар,

Тұман  сынды келіп бойлар.

Айналаңды  көрсетпейді,

Жақсы, жаман өлшетпейді.

 

Ұстан, достым, адамдықты,

Шындықпенен,  адалдықты.

Жақсылықтан құрғыз қамал,

Ізгі оймен қылып амал.