Өмір мәні

Өмір мәні


Өмір, сен өзі қандайсың,

Сүйесің, бірде алдайсың.

Бейкүнә жүрек жандарды,

Қинаудан ешбір талмайсың.

 

Қанша рет көңіл езілді,

Қаншама бақыт сезіндім.

Шаршатқан талай сынақта,

Түсіне алмадым өзіңді.

 

Өмірдің мәнін іздеумен,

Берілген үміт үзбеумен.

Бірталай жылдар келемін,

Табамын, білем, сенемін.

 

Көп ойлар өтті санамнан,

Сездім мен мұңнан таралған.

Бітердей төзім таусылып,

Жақсылық нәрден жаралған.

 

Атырдым біраз таңдарды,

Мәнісін ойлай жалғанның.

Шырмалып ойлар тоғысты,

Көңіл мен қайғы соғысып.

 

Түсінгенім  мынау, достарым,

Пәктікке өтірік қоспағын,

Бақытты тұрып тоспағын,

Ұмтыл, ізден, еңбектен,

Орындалсын десең жоспарың.

Қайғыға батырма төзімді,

Ардақтап, бағала сезімді.

Сабыр қыл, ешқашан түңілме,

Ұғын да, ұмытпа сөзімді.

 

Көмекке шақырма наданды,

Айыра біл, арам мен адалды.

Себепсіз ессіздік жасама,

Тани біл  мейірімді адамды.

 

Иман мен ақылды сақта,

Жақын мен досыңды сатпа.

Ата-ана, туғанды сыйла,

Дүние байлығын жима.

 

Әлсізді қорға әрдайым,

Түсіне біл өзгенің жағдайын.

Иланба, нәпсі құмарға,

Шындықты естен шығарма.

 

Әр уақытта бол әділ,

Мына жайды және біл.

Жала жаппа басқаға,

Күндесең, тіпті, масқара.

 

Сөз соңында айтарым,

Ел құрметтер адам бол.

Жақсымен қыл қайтарым,

Бар жақсыға адал бол.


                                                Біліп жүр, достым, осыны,

                                                Біздерге берілген өмір сынақ.

                                               Иман мен махаббат қосылып,

                                               Қалай қарайсың, көрсек шыдап.

52