Өрттен құтқарушы иттер

66

№107-3.                        Күні:

Сабақтың тақырыбы: Өрттен құтқарушы иттер

Мақсаты:

Білімділік: Жаңа материалды меңгерту.

Дамытушылық: оқу техникасын жақсарту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу.

Типі: аралас 

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Найзағай» мәтінінің мазмұнын сұрау.

 

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: а) Сұрақ-жауап; ә) Қорытындылау.

 

ІV. Мақсат қою кезеңі. Өрттен құтқарушы иттер.

  • Өрт деген не?
  • Өрттен құтқарушы деген ше?
  • Өрттен құтқарушы иттер дегенді қалай түсінесіңдер?

 

  1. Жаңа сабақ:

а) Ребусты шешіп, шешуіндегі сөздің мағынасын ашу. /Табиғат апаты/

ә) Автордың өмірбаянымен таныстыру.

Лев Никола́евич Толсто́й 1828 жылы Ясная Поляна, Тула губерниясында туған —1910 жылы Астапово станциясы, Тамбов губерниясында қайтыс болған. Лев Никола́евич Толсто́й  — орыс жазушысы, ойшылы. Граф. Севастополь қорғанысының қатысушысы, ағартушы, публицист.

б) «Өрттен құтқарушы иттер» әңгімесін мұғалімнің оқып беріп, талдауы.

в) Сергіту сәті.

 

VІ. Бекіту кезеңі: а) Суретпен жұмыс:

  • Әңгімеде қандай оқиға болған?
  • Суреттегі итке ат қойыңдар.
  • Ол не істеп жүр?
  • Өртке оранған үй туралы әңгімелеңдер.
  • Өрт неден шығуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
  • «Өрт-тілсіз жау» дегенді қалай түсінесіңдер?

ә) Дәптермен жұмыс:

-Ереже құрастырып жазу.

Өртті болдырмау шаралары Өрттен сақтану шаралары
Үйден шығарда тоқты, газды сөндіріп шығу  керек. Өрт сөндірушілерді шақыру керек (телефон нөмірі-103)

VІІ. Қорыту кезеңі:

1.Үйге тапсырма: «Өрттен құтқарушы иттер» мәтінін оқу, мазмұндау.

  1. Бағалау.