Visual Basic ортасында тест программасының қосымшасын жасау

 

Тақырыбы Visual Basic  ортасында тест программасының  қосымшасын жасау

 

Мақсаты : Қазіргі  ақпараттық және телекоммуни-кациялық технологияның кеңінен

пайдалануға негізделген оқу курстарын дайындау және жүзеге асыру

әдістері туралы білімді қалыптастыру.

 

    Өзектілігі : Бүгінгі уақытта ақпараттық технология бүкіл әлемде қарқынды дамуда. Ақпараттық техногияның дамуы біздің мемлекетіміз үшін өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Себебі, еліміз алдыңғы қатарлы 50 мемлекетке кіретін бағдарламысында компьютерлік сауатқа көңіл бөлінген. Сондықтан мен бұл бағдарламаға өз үлесімді қосамын деп үміттенемін.

Ақпараттандыру үрдісінің әсерімен жаңа қоғамдық құрылым қалыптасуда. Қоғамды ақпараттандырудың маңызды бағытының бірі – білім беру ісін ақпараттандыру; бұл жаңа ақпарат құралдары мен әдістерін, дамыта оқытудың идеяларын жүзеге асыруға оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір – бірімен тығыз байланысты өрістетуге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану деген сөз.

Сондықтанда білім беруде жаңа технологияларды пайдалану оқу ісі сапасын жоғарлатады деп сенеміз және оқушының дайындалу процесіндегі ең керекті құралы болады деп ойлаймын.

Білімгерлермен оқытушылардың жұмысын жеңілдетуге осы жұмысты жазуға ұйғардым.

 

Тесті Visual Basic- те қалай жасағанымды   айтып өтейін.

  1. Форманың Caption қасиетіне Тест мәнін беріңіз, Font комплексті қасиетін ашып, шрифт өлшемін 12 етіп орнатыңыз.
  2. Формаға Command 1, Command 2, Command 3 обьектілерін түсіріңіз. Олардың Caption қасиеттеріне ретімен Бастау, Тоқтау және Шығу мәндерін орнатыңыз.

 

  1. Формаға Frame 1 обьектісін орнатып, Visible қасиетіне False мәнін орнатыңыз.

 

  1. Frame 1 обьектісінің ішіне Text 1 обьектісін орнатып, Locked және MultiLine қасиеттеріне True мәнін орнатыңыз.

 

  1. Frame 1 обьектісінің ішіне Option 1 обьектісін түсіріңіз, оның екі көшірмесін алып қойыңыз. Нәтижесінде Frame 1 обьектісінің ішінде үш элементтен тұратын Option1 массиві жасалады.

 

  1. Frame 1 обьектісінің ішіне Command 4 обьектісін орнатып, Caption қасиетіне Келесі сұраққа өту мәнін жазыңыз.

 

  1. Код терезесінің General бөлігіне өтіп, бірнеше процедураларда жұмыс жасайтын айнымалыларды сипаттаңыз.

 

А- тестілеуге қатысушылардың аты-жөнінен құралатын массив,

Surak — 10 сұрақтан тұратын  массив,

Jauap1, Jauap2,  Jauap3, жауап варианттарынан  тұратын массив,

Kilt- дұрыс жауаптардан тұратын массив (кілттер),

J- тестілеуге қатысушының берген жауабы,

Num-сұрақ нөмірлері,

i-тестілеуге қатысушының реттік нөмірі,

Durus-дұрыс жауаптар саны.

 

Dim A (100) As String

Dim Surak  (50), Jauap1 (50), Jauap2 (50), Jauap3 (50), As String

Dim Kilt (50) As Integer

Dim J As Integer

Dim Num, I As String

Dim Durus As Integer

 

 

 

 

  1. Form_Load процедурасына өтіп, сұрақтар және жауаптар массивін жасау поцедурасын жазыңыз.

Private Sub Form_Load ()

i=0                             і айнымалысының алғашқы мәні

Сұрақтар мен жауаптар массивтерін жасау блоктары

  • block

Surak (1) = “АҚШ астанасын көрсет.”

Jauap1 (1) =” Лас-Вегас”

Jauap2 (1) =” Вашингтон”

Jauap3 (1) =”Нью-Йорк ”

Kilt(1) =2

 

 

  • block

 

Surak (2) =”Алматының шығысында орналасқан тау. ”

Jauap1 (2) =” Жоңғар Алатауы”

Jauap2 (2) =”Мұғалжар ”

Jauap3 (2) =”Тянь- Шань”

Kilt(2) =1

  • block

 

Surak (3) =”Төменде көрсетілген халықтардың қайсысы көп? ”

Jauap1 (3) =”Орыстар ”

Jauap2 (3) =”Ағылшындар ”

Jauap3 (3) =”Қытайлар ”

Kilt(3) =3

  • block

 

Surak (4) =” Қай мұхитта ең ірі арал доғалары орналасқан?”

Jauap1 (4) =” Үнді”

Jauap2 (4) =”Тынық ”

Jauap3 (4) =”Атлант ”

Kilt(4) =2

  • block

 

Surak (5) =”Жер бетінің көрінісі қалайа талады? ”

Jauap1 (5) =” Таулар”

Jauap2 (5) =”Қыраттар ”

Jauap3 (5) =” Жер бедері”

Kilt(5) =3

  • block

 

Surak (6) =”Жердің ортасынан экваторға дейінгі қашықтық. ”

Jauap1 (6) =”6356 ”

Jauap2 (6) =” 6378”

Jauap3 (6) =” 6359”

Kilt(6) =2

  • block

 

Surak (7) =”Дүниежүзілік мұхит  түбінің 70 пайызын алып жатқан: ”

Jauap1 (7) =”мұхит жазығы ”

Jauap2 (7) =”материктік беткей ”

Jauap3 (7) =”мұхиттық жота ”

Kilt(7) =1

  • block

 

Surak (8) =”Халқының көбі ауылдық жерде тұратын елдер. ”

Jauap1 (8) =”Еуропа ”

Jauap2 (8) =”Солтүстік Америка ”

Jauap3 (8) =”Азия ”

Kilt(8) =3

  • block

 

Surak (9) =”Африка  қанша мұхитпен шектелседі? ”

Jauap1 (9) =”1 ”

Jauap2 (9) =” 2”

Jauap3 (9) =”3 ”

Kilt(9) =2

  • block

 

Surak (10) =”Орыс Америкасының бірінші билеушісі. ”

Jauap1 (10) =”Г.Дежнев ”

Jauap2 (10 =”В.Берингов ”

Jauap3 (10) =”Г.Шелехов ”

Kilt(10) =3

End Sub

 

  1. Command1_Click процедурасына өтіп, танысу және 1-сұрақты шығару процедурасын жазыңыз.

Private Sub Command1_Click  ()

Танысу блогы

i =i+1

 

A(i)=InputBox (“Аты- жөніңізді еңгізіңіз”,”Географиядан тест”)

Durus=0

  • сұрақты шығару блогы

Command1. Enabled=False                      батырманы ажырату

Frame 1.Visible=True                               обьектіні көрсету

Num=1

Frame 1.Caption=Str(Num)+”сұрақ”

Text1.Text =Surak (Num)

Option1(0).Caption = Jauap 1(Num)

Option1(1).Caption = Jauap 2(Num)

Option1(2).Caption = Jauap 3(Num)

 

Option1 обьектілерінен нүктелерді алып тастау циклі

For k =0 To 2

Option1 (k). Value = False

Next k

End Sub

  1. Command2_Click процедурасына өтіп, тестілеуді тоқтату және Бастау батырмасын іске қосу процедурасын жазыңыз.

 

Private Sub Command2_Click ()

Frame1.Visible = False

Command1. Enabled=True

End Sub

 

  1. Command3_Click процедурасына өтіп, програмадан шығу процедурасын жазыңыз.

Private Sub Command3_Click ()

End

End Sub

 

 

 

  1. Option1_Click процедурасына өтіп, тестілеуге қатысушының белгілеген жауабын қабылдау процедурасын жазыңыз.

Private Sub Option1_ _Click (Index As Integer)

J=Index+1

End Sub

 

 

  1. Command4_Click процедурасына өтіп, салыстыру, келесі сұрақты шығару және тестілеуді тоқтату процедурасын жасаңыз.

Private Sub Command4_Click  ()

Жауаптарды салыстыру блогы

If J = Kilt(Num) Then Durus = Durus + 1

Келесі сұрақты шығару блогы

Num = Num + 1

Frame1. Caption = Str (Num) + “сұрақ ”

Text1.Text =Surak (Num)

Option1(0).Caption = Jauap 1(Num)

Option1(1).Caption = Jauap 2(Num)

Option1(2).Caption = Jauap 3(Num)

Option1 обьектілерінен нүктелерді алып тастау циклі

For k =0 To 2

Option1 (k). Value = False

Next k

Тестілеуді тоқтату және баға қою блогы

If Num = 11 Then

Frame1.Visible = False

Дұрыс жауаптар пайызы

m = 100*Durus/ 10

баға шығару

If m >= 90 Then Ball = 5

If m <90 And m >=60 Then Ball =4

If m <60 And m >=40 Then Ball =3

If m >= 40 Then Ball = 2

MsgBox A(i) + “тестілеу аяқталды.Сіздің бағаңыз:”+ Str(Ball),64, “НӘТИЖЕ”

Command1. Enabled=True

End If

End Sub

 

 

  1. Қосымшаны іске қосып, орындап көріңіз.

Қорытынды

 

Бұл оқытушыларға материалды түсіндіргенде және берілген тақырып бойынша білім тексергенде көмекші болуға тиіс. Бұл жұмыс оқытушылардың еңбегін жеңілдетуге, білімгерге материалды менгеруді жеңілдетуге, бұдан да ыңғайлы, кең тармақты, жетілдірілген оқытушы автоматтандыралған жүйелерді құрастырудың іргетасы болуы тиіс. Білімгерлер толығымен қандай тақырыптар өтетінін және бағалау тәсілдерімен толық таныса алады. Жазылған ғылыми жұмысымды әрі қарай білімгерлер мен оқытушылар қолданып, оларға үлкен үлесін тигізеді деген ойдамын.