Осы ма заманың

Осы ма заманың

Осы ма заманың,

Қор болған адамың.

Жекіріп жендеттер,

Семірген арамың.

 

Осы ма заманың,

Құтырған жаманың.

Жақсының кес-кестеп,

Әр басқан қадамын.

 

Осы ма заманың,

Тигізген залалын.

Барлардың жоқтарға,

Қойғызған талабын.

 

Заманың осы ма,

Қас қылған досыма.

Қолы ұзын зұлымды,

Көтерген басына.