Халқымның ажалсыз ұлдары

 Халқымның ажалсыз   ұлдары


 

Халқымның ажалсыз ұлдары,

Ар менен пәктіктің құлдары.

Қоңырлау, қатыгез тағдырдың,

Қастық пен жаланың құрбаны.

 

Халқымның ажалсыз ұлдары,

Ақындар – қалдырған жырларын.

Батырлар көрсеткен ерлікті,

Шешендер – ақтарған сырларын.

 

Халқымның ажалсыз ұлдары,

Тарландар жырлаған мұң-зарды.

Қырандар самғаған биікке,

Өнермен тербетіп қырларды.

 

Халқымның ажалсыз ұлдары,

Біздерге бостандық қалдырған.

Әрбірің қол жетпес шыңдарым,

Қазақтың тарихын салдырған.