Есте сақта

 

 Есте сақта

Табыла ма іздесем,

Ару арман көктегі.

Орала ма қаласам,

Махаббаттың көктемі.

 

Өтеді ме жас күнім,

Сайрандаған шаттығым.

Ертеректеу өкінсем,

Ағара ма пәктігім.

 

Сезімдерім жана ма,

Құдіретті тудырып,

Ойлар келер санама,

Күнәларды жудырып.

 

Сынады ма сабырым,

Ортасында сапардың.

Ар-ұятым қалмаса,

Барымды да сатармын.

 

Күштілермен теңесер,

Әлім, мүмкін, жоқ шығар,

Мен емеспін есалаң,

Көрінгенге соқтығар.

 

Есте сақта достарым,

Дүние ертең өтеді.

Қорқынышты кейіпте,

Ажал бізге жетеді.

 

Көміледі тәніміз,

Көкке ұшар жанымыз.

Қорқынышты түстердей,

Қатады әлі қанымыз.