Қызылсая кештері

28

 

 Қызылсая кештері

 


Айлы кештер, сәнді кештер,

Қызылсая кештері.

Жас күлкілер, сауық істер,

Әлі естен кетпеді.

 

Жұлдызды аспан, құшақ ашқан,

Қызылсая кештері.

Достарменен көңіл қосқан,

Жүректен күндер өшпеді.

 

Қызық қуған, той мен думан,

Қызылсая кештері.

Сан алуан арман туған,

Ойлар ою кестелі.

 

Сатпас арын, жастық жалын,

Қызылсая кештері.

Сезім үшін берген барын,

Болар мәңгі естелік.


БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаЖақсымын деймін
Келесі жазбаБәрі де ақ