Тілім менің

                                   Тілім менің

 


Тілім менің – тірегім,

Кеудеде соққан жүрегім.

Тілім менің – намысым,

Алты алаштай арысым.

 

Тілім менің – тарихым,

Көңілді сөзсіз қаритын.

Тілім менің – дәстүрім,

Шаттыққа  толы бәс күнім.

 

Тілім менің – асылым,

Өткерген қайғы-мұң ғасырын.

Тілім менің – паңдығым,

Жақсының сөзін аңдыдым.

 

Тілім менің – ұраным,

Жетелеген алға ұланын.

Тілім менің – шындығым,

Жырлаған дүние құндығын.