Достарыма арнадым

35

Достарыма арнадым

 

Достарым, достарым, достарым,

Доспын деп әнімді бастадым.

Өздерің болғанда жанымда,

Ақ болып көрінер аспаным.

 

Достарым, достарым, достарым,

Сағынам сендерді көрмесем.

Алаңдай қаламын мұң басып,

Жағдайың, халіңді білмесем.

 

Достарым, достарым, достарым,

Аман бол, әрқашан түңілме.

Қайғы мен қасірет күйіне,

Салынып еш уақыт үңілме.

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаЖоғалту
Келесі жазбаТілім менің