Ана тілін терең білгіштер

601

Ана тілін терең білгіштер

Мақсаты:   Ана тілі бойынша алған білімдерін тексеру. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниемтанымын кеңейту, тіл байлығын арттыру. Шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Туған тілді сүюге, қадір тұтуға баулу.

 

Көрнекілігі:  айналым аттары, тапсырмалар жазылған  форматтар, сұрақтар жинағы, ұлағатты сөздер жазылған кестелер, асықтар, қоржын, т.б.

 

Түрі:  Интеллектуалды сайыс сабақ

 

Әдіс –тәсілі:  сұрақ- жауап, шығармашылық

 

 

Сайыс барысы.

Армысыздар, ұстаздарым , ардақты,

Жас бүлдіршін білім қуған жан –жақты.

 Бүгінгі ана тілі пәні бойынша «Ана тілін терең білгіштер» атты білімділер сайысына  қош келіпсіздер!

Жан-жақты білімдерімен, шеберлігі, ақылдылығымен, сөз өнерлерін  сарапқа салатын, сайысқа қатысатын топтар өздерін таныстырып өтсе.

(Топ капитандары  топтың аты мен, қатысушыларымен таныстырады, хормен ұранын айтады)

Зерделілер тобы

Топтың  ұраны:  «Жарыс десе жанамыз,

  Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз»

Зеректілер тобы.

Топтың ұраны: «Қандай сынақ болсадағы беріспе,

 Әрқашанда үміткерміз жеңіске.»

Білімділер тобы

Топтың ұраны: «Білімдіге дүние жарық,

                              Білімсіздің күні кәріп»

Ойшылдар  тобы

Топтың ұраны: «Сайыстан қалмаймыз, келеміз

                              Жарыста өзгені жеңеміз

 

Ашық жарқын жүзді

Әділ-қазылар біздің

Талапты оқушылардың білімін таразылап, әділ бағасын берер әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

 

 

 

 

Сайыс кезеңдері

 

  1. «Сиқырлы сандық» (Сұрақтарға жауап береді)
  2. «Ойлан, тап» (Жұмбақтар шешу)
  3. «Білгенге маржан» (Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді)
  4. «Жаңылмай айт» (Капитандар жаңылтпашты жатқа айтады)
  5. «Орны ауысқан сөздер» (Мақалдың орындарын тауып құрайды)

Сайысты бастамас бұрын жеребе арқылы топтардың ретін анықтайық.

 

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Мақтанышы мектептің деп жүрейікші.

Әділ- қазыларға тек әділдікті,

Ал, топтарға сәттілік тілейікші.

-деп, сайысымызды бастаймыз.

 

Сайыстың алғашқы кезеңі «Сиқырлы сандық». Сайыскелер сандық ішінен тосын сый алып,сол санға сәйкес сұрақтарға жауап береді. Ойлануға 1минут уақыт беріледі. Сұраққа дайын топ жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Жауап бере алмаған топтың сұрағына  келесі топтар қолдарындағы белгілерді бірінші көтеру арқылы жауап бере алады.

  1. «Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

            Күз болып дымқыл тұман жерді басқан» — деген өлең жолдарын қай ақын жырлаған?(Абай Құнанбаев)

  1. Кезекші Рақила, Боранбай, Дәуіт, Әтіргүл ұстаз қай шығармадан алынған?(Күмән. Машқар Гумеров)
  2. «Оның жүні қалыңдап, ақ сұр түске айналыпты. Бұл жүн біртіндеп қыста мүлде ағарады. Ақ түс оған қыстыгүні жауларынан қорғану үшін қажет». Мәтінде қай аң туралы суреттелген?
  3. Рейхстагқа ту тіккен қазақ жауынгері (Рақымжан Қошқарбаев)
  4. Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтан ба» өлеңіндегі бес асыл істі ата?(Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
  5. Қазақтың атақты палуаны (Қажымұқан)
  6. ҚР -ның туындағы еркіндіктің, бостандықтың, қырағылықтың белгісі не? (Қыран )
  7. Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтан ба» өлеңіндегі бес дұшпан істі ата?(Өсек, өтірік,мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
  8. 1925жылы Парижді таң қалдырған  атақты әнші? (Әміре Қашаубаев)
  9. «Бала,бала бала!» деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған. Бұл кім?(Ана.) Ы.Алтынсарин

  1. Шоқан Уәлиханов кім? (ғалым, саяхатшы)
  2. Өнер –білім бар жұрттар–өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

Кезеңнің ұпайларын анықтау.

 

 

 

Оймен кәне көк теңізін кешіңдер

Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер

Айтылғанда алуан түрлі жұмбақтар

Зейін салып зердеменен шешіңдер

Кезең «Ойлан, тап»  деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа жұмбақтар жасырылады. Жұмбақ дұрыс шешілсе  5 ұпай беріледі.

  1. Жалт-жұлт етер,

Жер бетіне жетер (Найзағай)

  1. Бір орында тұрмайды,

Сақтамасаң қорын тек

Барша тіршілік қурайды.(Су)

  1. Талдың басында,

Жемі бар қасында,

Үй тұр саялы,

Құстарға аялы (Ұя)

  1. Қақпан емес, қабады,

Суға басын малады. (Қармақ)

  1. Жауын жауса тысқа шығады,

Жаумаса оны бұрышқа тығады (Қол шатыр)

  1. Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (Түлкі)

  1. Ұшып жүрген гүл көрдім,

Қонғанда ұстап үлгердім. (Көбелек)

  1. Болсада көкте мекені,

Кездеспейді екеуі. (Ай мен күн)

Кезеңнің ұпайларын анықтау.

 

Келесі кезең «Білгенге маржан».  Бұл кезеңде бес тақырып берілген. Әр тақырыпқа бес ұяшық  берілген. Ұяшықтардағы сандар ұпайлар. 10 ұпай жеңіл, 20 ұпай орташа, 30 ұпай қиын сұрақтар ұпайлары.  Бұл кезеңді ұпай саны аз топ бастайды.

Шешендік өнер
Қазақтың әндері

 

 

 

 

 

Салт -дәстүр
Ертегілер

 

 

 

 

 

Киелі сандар

 

 

Төрт түлік
Ұлы адамдар

 

 

 

 

 

 

 

Сайыстың 4 кезеңі  «Жаңылмай айт»  Бұл сайыста әр топтың  басшылары жаңылтпашты жаттап, жаңылмай айтуы тиіс. Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін шығарады, яғни жақсы айтқан топ басшысына 1-10-ға дейінгі ұпай сандарын қоя алады.

1.Үміт түбіт түтті

   Түбітті түтіп бітті.

2.Шалабай саба пісті,

   Шамалап  шала пісті

3.Есет ағам ет асатар,

   Ет асатса бес асатар.

  1. Ізшілер іздесті

   Түз кезді, із кесті.

 

Оқысақ қазақтың мақалдарын

Әр мақалда байқадым зор мән барын,

Не деген дана болған ата бабам

Ойының жүйрігіне қайран қалдым

 

Соңғы кезең  «Орны ауысқан мақалдар»  деп аталады. Әр  топқа сөздер беріледі. Сол сөздерден  жылдам, әрі шатаспай мақал –мәтел құрау керек. Ойыншыларға сәттілік.                                                                

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді

Ашу – дұшпан, ақыл –дос

Бірлік болмай, тірлік болмас

 

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік

Сөз кезегін қазыларға берелік.

Арамызда білімді достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрелік

 

Қай топтың жеңіске жеткенін білу үшін қазылар алқасына сөз берелік.

Жеңіске жеткен топтарды марапаттау.