Ешқашан кеш емес өзгеруге

44

Ешқашан кеш емес өзгеруге

 


Көңілім қандай білмеймін,

 Кейде солған гүлдеймін.

Сезімім толқып бір кезде,

 Өмірден  бақыт іздеймін.

 

Қиындық бізге келеді де кетеді,

Бар өмірің арпалыспен өтеді.

Егер де сен шын ниетпен тілесең,

Бақыт саған көп ұзамай жетеді.

 

Аспан да берер егер жауын тілесең,

Сүрінгеннің қолтығынан демесең.

Ар-ұятың сонда таза болады.

Ұялудың қажеті жоқ өзгеден.

 

Ешқашанда кеш емес өзгеруге,

Шынайылықты сезініп, көз көруге.

Қиындықты өткеріп сан алуан,

Уәдеңде тұр, ешқашан сөзге ерме.

 

Өмірге нық сеніммен  қадам бас,

Қайталама әдеттерді қағынды.

Ойлан, достым, неліктен осы адамдар,

Өзгелерге ор қазып, өзі соған ұрынды.

 

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаЖаңа өмір
Келесі жазбаШын мұратқа жету