Өлеңдерім өмірім

50

Өлеңдерім өмірім

 

Өлеңдерім — өмірім, білдіретін көңілім,

Сезінетін сезімім, айтатұғын төзімім.

Шығаратын өз үнім, шағатұғын өз мұңым,

Кемшілігім, кемдігім, теңесетін теңдігім.

Шығатұғын шыңдарым, тағдырымды тыңдадым,

Өмірдегі белестер, кешегі күн елестер.

Өлеңдерім — өмірім, ұйқысыз өткен түндерім.

Бейқам жүрген күндерім,

                                     шумақтарым шырағым,

Самғайтұғын пырағым.