«Технология» білім саласы бойынша ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ (1– 4-сыныптар)

76

 

Бастауыш білім беру деңгейінің

«Технология» білім саласы бойынша  

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(1– 4-сыныптар)

 

«Еңбекке баулу» пәнінен оқу бағдарламасы

 

 

  1. Түсінік хат

 

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
  2. Пәннің негізгі ерекшелігі – адам және қоршаған әлем арасындағы өзара байланысы, қоғам дамуындағы адам қызметінің рөлі туралы түсініктерін, алғашқы технологиялық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Еңбек оқушы дамуының (адамгершілік, ақыл-ой, физикалық, эстетикалық) ең бір басты факторы болып табылады. Осы сатыда қалыптасатын дағды оқушының одан әрі дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, меңгеретін білім және білікті белсенді түрде қабылдауы мен түсінуіне мүмкіндік тудырады.
  3. Негізгі мақсаттар:

1) бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын, іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту;

2) сенсорика, қол саусақтарының кіші моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту;

3) қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту;

4) адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштігін тәрбиелеу.

  1. Міндеттер:

1) алғашқы жалпы еңбек және арнайы біліктерін, еңбек және экологиялық мәдени негізін қалыптастыру;

2) ақпаратты іздеу, қайта өзгерту, сақтау және қолдану үшін практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін пайдалану;

3) жеке гигиена ережесін сақтау, материалдар және құралдармен қауіпсіздік жұмыс тәсілін қолдану дағдысын дамыту;

4) өздігінен қажетті материалдардан түрлі бұйымдар құрастыру;

5) оқушылардың шығармашылық қабілетін, көркем сезімін, шығармашылық қиялын, кеңістік ой-өрісін, эстетикалық талғамы мен құрастырушылық қабілеттерін дамыту;

6) ұжымдық жұмыс істеуді ұйымдастыру.

  1. Типтік оқу жоспары бойынша «Еңбекке баулу» пәніне аптасына 2 сағат, бағдарламалық материалды меңгеру үшін жылына: 1-сыныпқа – 66 сағат, 2–4-сыныптарға 68 сағат қарастырылған.
  2. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру кезінде оқушылар басқа пәндерден алған біліктіліктері мен дағдыларын еңбекке баулу сабағында пайдалана алады:

1) қазақ тілі, әдебиеттік оқу. Көркем шығармаларды оқи отырып, сәндік-қолданбалы өнер туралы мәліметтермен танысу, білімін тереңдету, өз еңбегінің нәтижесін ауызекі тілде толық, нақты, жүйелі жеткізе білу;

2) математика. Бұйымдарды жасауда өлшем бірліктерін қолдану;

3) дүниетану. Табиғатқа саяхат барысында табиғи материалдармен танысу, оларды жинау, табиғи құ