«Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптар)

150

Жалпы орта білім беру деңгейінің

«Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(қоғамдық-гуманитарлық  және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптар)

 

 

 

«Қазақстан тарихы» пәнінен оқу бағдарламасы

(қоғамдық-гуманитарлық және

жаратылыстану-математикалық бағыттары)

 

  1. Түсінік хат

 

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
  2. Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.
  3. Пәнді оқытудың міндеттері:
  • әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;
  • оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;
  • тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;
  • жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;
  • еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;
  • қазақстандық діл (менталитет) негізінде тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ету.
  1. Қазақстан тарихын оқыту барысында төмендегі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
  • «Дүние жүзі тарихымен», Қазақстан тарихы дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі, біртұтас тарихи үдеріс ретіндегі адамзат тарихы туралы білу;
  • «Географиямен», қазіргі Қазақстан Республикасы территориясы мен шекарасының анықталуы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық реформалардың жүргізілуі, Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық дамуы.
  • «Қазақ әдебиетімен», Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының шығармаларының тарихы, қазақстандық әдебиетшілер, ақындар және драматургтердің шығармалары, шығармашыл зиялы қауым өкілдері туралы білім.
  1. Оқу жүктемесінің көлемі

қоғамдық-гуманитарлық бағыт

  • 10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
  • 11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат

жаратылыстану-математикалық бағыт

  • 10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
  • 11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.

 

  1. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны

 

  1. Кiрiспе (1 сағат).
  2. Қазақстан тас ғасырында (4 сағат):

тас ғасырын дәуiрлерге бөлу, адамның пайда болуы және оның даму эволюциясы, төменгi, орта және кейiнгi палеолит, алғашқы адамдардың еңбек құралдары, әлеуметтiк ұйым;

мезолит дәуiрi, Қазақстан неолит кезеңінде, неолиттік төңкеріс, тоқымашылық, қыш ыдыс жасау өнері, энеолит, бтай мәдениеті, тас дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық ескерткіштері.

  1. Қазақстан қола дәуiрiнде (3 сағат):