Наурыз

41

Сабақтың тақырыбы: Наурыз

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың наурыз өлеңі және ақынның М.Дулатовтың өмірі туралы мәлімет беру. Қазақ халқының салт дәстүрін бағалай білуге тәрбиелеу.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын

молайтып, көркем жазуға, әдеби көркем сөздердің мәнін

түсініп, сөйлей білуін қалыптастыру.

  1. Тәрбиелік мақсат: Табиғатты, жануарларды, құстарды

қоршаған ортаны аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.

 

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО, УОӘ

Сабақтың көрнекілігі: Электронды ақпараттық құралдар.

Болжамдап отырған нәтиже: Өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Оқулықпен жұмыс

б) Мәтін бойынша сурет салу

 

Қорытындылау.

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

а) Мұғалімнің түсіндірмесі

б) Оқулықпен жұмыс

с) Түртіп алу жүйесі, сөздікпен жұмыс

 

ІV. Сергіту сәті.

 

V.Сабақты бекіту.

а) Кім жылдам?

б) Ой шақыру

с) Наурыз өлеңінің жалғасын тап

 

Қорытындылау.

 

VІ. Үйге тапсырма.

                           

VІІ. Бағалау.

 

 

 

 

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды тынышталдырып назарын сабаққа аудару. Сыныпты үш топқа бөлемін.   І – топ «Қызғалдақ»

ІІ – топ «Бәйшешек»

ІІІ – топ «Жауқазын»

Әр топтан есепші таңдап аламын. Сол есепші берілген ұпай сандарын есептеп отырады

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Таныш Дәуренбековтың «Ақ бота» әңгімесін оқу.

б) Түсінік айту

с) Мәтін бойынша сурет салу.

 

ІІІ. Сергіту сәті.

Аспанға қарадым ай көрдім,

Төменге қарадым жер көрдім.

Оңға, солға бұрылдым,

Егеменді ел көрдім.

 

ІV. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты бастамас бұрын мына суретте не көріп тұрғанымызды айтайық.

— Оқушылар суретте не көріп тұрғандарын айтады.

— Бұл қай мезгіл?

— Көктем.

— Дұрыс, балалар. Ал, енді, біздің жаңа тақырыбымыздың аты «Наурыз»

 

Бұл өлеңнің авторы М. Дулатов. М. Дулатов Торғай облысындағы Сарықопа деген жерде дүниеге келген. Ол – ақын, жазушы және педагог. Ақын жастарды оқу білімге, ғылымға шақырған, шығармалар жазған. М. Дулатов ұлтшыл деген жаламен жазықсыз жазаға ұшыраған.

Ал, енді, балалар ман «Наурыз» деген өлеңді мәнерлеп оқимын сендер кітапқа қарап қол жүгіртіп отырыңдар. Оқып болған соң өлеңді қарапайым сөзбен әр шумақты түсіндіріп шығамын. Оқушыларға кезектестіріп оқытамын.

 

Ал, енді, Түртіп алу жүйесі, сөздік пен жұмыс.

   +  –   білемін

–  –   білмеймін

  мен үшін жаңалық

?      мені таң қалдырды

 

Оқушылардан түсінбеген сөздерін сұрап, ол сөздің мағынасынбасқа оқушылардансұрау.

 

  1. Сабақты бекіту.

     «Тапқыр достар» ойыны. Наурыз сөзінен сөздер құрастыру.

 

І – топ.                          ІІ – топ.                       ІІІ – топ.

 

«Кім жылдам?» ойыны.

 

Бес жолды өлең.

  1. Не?
  2. Қандай?
  3. Не істеді?
  4. Не үшін?
  5. Жалпы ой түйіндеу.

 

       І – топқа «төрт түлік мал» туралы

       ІІ – топқа «құстар» туралы

       ІІІ – топқа «гүл» туралы

 

Ой шақыру.

Жұмбақтың ұйқасын тап.

 

Ұнатады шуды                                                Екі күшті сіресті

Бұл бір ойын шулы.                                       Бір бірімен тіресті

Атқа мініп жігіт                                                        Сайыстың ең қызығы

Ару қызды қуды.                                           Кім білмейді күресті.

 

Ас үстінде көп бар                                          Текке кетпей еңбегі

Қолға алмайды шоқпарды                             Мұнда керек жеңбегі

Ешкі терісін өңгеріп                                       Ат үстінде еңкейіп

Тартады ол көкпар                                        Алу керек теңгені

 

Шалғайыңды басып                                        «Шу» де мейлі «Әй» де

Қалып жүрме сасып                                       Тұлпар, құнан, тайда

Көздеп, дәлдеп ататын                                   Баптап қосар жарысқа

Ойын аты асық.                                              Жарыс аты бәйге.

 

 

Наурыз өлеңінің жалғасын тап.

 

Наурыз өлеңін екі жолдан әр топқа бөліп беремін. Кітапты жауып, өлеңнің жалғасын табады.

Наурыз.

 

Аспанда күннің нұры                                     Ойнаған анау бала

Мақпалдай жердің түрі                         Көк орай жалын дала

Қуаныш мал мен жанда                        Егіндік егін еккен

Қыс шыққан өлмей тірі                         Ұзамай болар жаңа

 

 

Бай, жарлы келген күй                          Келіпті жылдың құсы

Ойын-той ауыл, үйі                               Күнде шу көлдің тұсы

Қой сойып, қонақ асы –                        Күн жылы, ызғары жоқ

Мырзалық еткен сыйы                          Жаз шығып, кеткен қысы

 

 

Боздаған анау түйе

Құлындап жатыр бие

Гүлдеуге бет алып тұр

Қызарып қызыл шие.

 

VІ. Топтарды бағалау.

 

Топтың аты Топтың жалпы ұпай саны
І «Қызғалдақ» тобы
ІІ «Бәйшешек» тобы
ІІ «Жауқазын» тобы

 

 

 

 

 

 

 

VІІ.  Үйге тапсырма .

 

Өлеңді мәнерлеп оқу, көктем мезгіліне әңгіме зазып келу.