«Алғашқы әскери дайындық»пәнінен оқу бағдарламасы (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары)

452

«Алғашқы әскери дайындық»пәнінен оқу бағдарламасы

(қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары)

 

 

  1. Түсінік хат

 

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
  2. Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы әскери дайындауға негіз болып табылған құжаттар:

1) 2012 жылдың 16 ақпан айындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» атты Қазақстан Республикасының Заңы;

2) 2013 жылдың 11 ақпан айындағы «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №118 шешімі.

  1. Алғашқы әскери дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады:

1) теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі;

2) практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.

  1. Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен тұрады.
  2. Әрбір оқу орнында алғашқы әскери дайындықты оқытудың оқу жылына есептелген күнтізбе-тақырыптық жоспары құрылады.
  3. Әрбір оқу орнында меншіктік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады:

1) қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдармен және АӘД оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған оқу бөлмесі;

2) алғашқы әскери дайындық, өмір қауіпсіздігінің негіздері және азаматтық қорғаныс бойынша арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме;

3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;

4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын;

5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;

6) тактикалық алаң;

7) кедергілерден өту жолының кешені;

8) ату тирі;

9) әскери және еңбек даңқының бұрышы.

  1. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.
  2. Барлығы 68 сағат берілген: 10 сыныпта 1 жылға 34 сағат және 11 сыныпта 34 сағат, сондай-ақ далалық оқу жиынына 30 сағат қарастырылған.

9. Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спортты