«Қазақ тілі» пәнінен оқу бағдарламасы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

193

«Қазақ тілі» пәнінен оқу бағдарламасы

(қоғамдық-гуманитарлық  бағыт)

 

 

  1. Түсінік хат

 

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
  2. Қазақ тілін бейіндік бағытта тереңдеп оқытуда тілдің коммуникативті, эстетикалық және кумулятивтік қызметі назардан тыс қалмауы керек. 10-11-сыныптарда оқытылатын сөз мәдениеті және шешендік тілдің жоғарыда айтылған қызметтерін тереңдеп оқытуға бағытталған. Мұнда адамдардың өзара түсінісуі белгілі бір жағдаяттарда, нақтылы тіл бірліктерінің қызмет етуі нәтижесінде толыққанды ақпараттар жүйесі арқылы жүзеге асатынын, адамның тіл байлығы және жан дүниесі, мінез-құлқы сөйлеу барысында, тілдік қарым-қатынас үстінде көрінетіндігі зерделенеді.
  3. Сөйлесім әрекетін қарастырғанда оның өзіне тән бірліктерін, сөйлеу нормаларын, сөз мәдениетіне қатысты ұғым-түсініктерді жүйелі түрде жан-жақты оқыту қажеттігі туындайды.
  4. Түрлі стильдік жанрдағы тілдің қолданыс ерекшелігін мәтін мазмұнын құраушы мүшелердің құрылымдық-стилистикалық ерекшеліктерінен шығарып, публицистикалық, ғылыми, ауызекі сөйлеу және көркем шығармадағы лексика-семантикалық сипатты салыстыра анықтайды, мәтіннің тілдік-құрылымдық жүйесін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздейді.
  5. XXI ғасыр үдерісіндегі жаңа қоғамдағы тілдің коммуникативтік қызметін, БАҚ құралдарының тілін, ресми тілдің стильдік ерекшеліктерін, функционалдық стильдердегі өзгерістерді, тілді қолданушының тілдік-стильдік белсенділігін бейіндік бағытта оқып жүрген оқушы өз танымы мен қолданысы арқылы саралайды.
  6. Тілді тереңдеп оқытатын мектептерде оқушылар тілдің құрылымдық жүйесін, сөз мағынасын, жұмсалу ерекшеліктерін, мәтін ішіндегі сан түрлі қызметін, сөз тіркесу заңдылықтары мен сөйлем түрлерін тереңдеп оқып, ғылыми ізденістерге барады, тілдің табиғатын ғылыми тілде түсіндіреді.
  7. Пәнді оқытудың басты мақсаты – ұлттық және әлемдік құндылықтарды салыстыра түйін жасай алатын, Қазақстан Республикасы халықтары мен әлемдік қоғамдастықтың мәдениетін игерген, қоғамда қолдануын талап етілетін тілдердің коммуникативтік құзіреттіліктерін игерген Тұлғаның даралануы мен әлеуметтенуіне мүмкіндік жасайтын тілдің лексика-фразеологиялық, грамматика-стилистикалық, мәдени-этикалық және шешендік нормаларын меңгерту, жоғары деңгейде күрделендірілген түрлі жанрдағы мәтінді салыстыру, талдау, ойқорыту әрекеттерін жетілдіру, мәтін түрлеріне сай тілдік бірліктерді қолдана алу біліктілігін арттыру.
  8. Пәнді оқытудың міндеттері:

1) қазақ тілінің байырғы тіл екендігін тіл дамуындағы кезеңдерді оқыту арқылы меңгерту;

2) қазақ тілінің байлығын мәдени мұралар тілін талдату арқылы игерту;

3) сөз байлығы ұғымына енетін лексика-фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерді меңгерту;

4) жазудың тарихын оқыту арқылы қазақ халқының ежелгі мәдениетін таныту;

5) қоғам дамуындағы тілдің қызметін негіздеу;

6) тілдің табиғи қасиеттері