«Жаратылыстану» пәнінен оқу бағдарламасы

938

«Жаратылыстану» пәнінен оқу бағдарламасы

 

 

  1. Түсінік хат

 

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы                  23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
  2. Жаратылыстану курсын оқытудың мақсаты оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, түсініктерін және саналы қоғамдастығы бар бірегей ғаламшар ретіндегі Жер туралы біртұтас көзқарастарын, табиғат пен қоғамның өзара жүйелі байланысын, жүйелі-кешенді ойлау мен функционалдық сауаттылықтарын дамытуды қалыптастыру болып табылады. Алдын-ала оза, кіріктіріп оқыту курсы болып саналады және оны негізгі орта мектепте оқыту жеке тұлғаның дамуы мен оған білім берудің, тәрбиелеудің жалпы мақсаттарына: оқушыларды функционалдық сауаттылықтың негізімен, білім және іскерлікпен жігерлендіріп, күнделікті өмірде қажетті бағыт пен мәдениеттілік, жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықты және білімқұмарлықты дамытуға қызмет ету болып саналады.
  3. Оқытудың міндеттері: курс бастауыш мектепте алған білім, біліктілік және дағдыны әрі қарай жалғастырады, сонымен қатар Отанын, туған табиғатын сүюге деген жоғары рухани ізгілікті, жеке тұлғаның жалпы мәдениеттілігін тәрбиелеуді жалғастырумен ұштастырылады.
  4. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер дамытушы және қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.
  5. Пәннің пәнаралық байланыстары:
    • географиямен, Жердің пайда болуы, оның пішіндері, картада және глобуста бейнеленуі, жердің қабықтары туралы оқығанда;

2) әдебиет және музыкамен, қазақ, қазақстандық, орыс, кеңес одағының ұлы ақындарының, жазушыларының және сазгерлерінің шығармаларын, музыкалық шығармаларды, әндерден үзінділерін қолдану барысында;

  • математикамен, табиғатты танудың ғылыми әдістерін оқу барысында,

қарапайым есептеулер жасауда;

  • астрономиямен, жұлдызды аспанды және Ғарыштық кеңістікті оқу барысында;
  • физикамен, физикалық құбылыстарды, денелер мен заттарды оқуда;
  • химиямен, химиялық құбылыстарды оқу барысында;
  • биологиямен, Жердегі өсімдік және жануарлар дүниесін оқу барысында;

8) тарихпен, жаратылыстанушыларды, олардың дүниені тануға қосқан үлестерін оқу барысында.

  1. Типтік оқу жоспарына сәйкес курсты оқуға аптасына 1 сағаттан, 34 сағат бөлінген.

 

 

  1. Оқу пәнінің базалық мазмұны

 

  1. Кіріспе (3 сағат):

жаратылыстану табиғат жайлы ғылымдардың жиынтығы ретінде, «терминдер» мен «ұғымдар» сөздерінің мағынасы, макро және микро әлем ұғымдары;

табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері (бақылау, эксперимент, тәжірибе, зерттеуге арналған құралдармен танысу);

саяхат, табиғатты оқып-үйренудің негізгі әдістерімен танысу.

  1. «Жер және Ғарыштық кеңістік» бөлімін оқуға 14 сағат бөлінген:

1) төбеміздегі аспан (3 сағат), астрономия – ғылым ретінде, жұлдызды аспан, «Ғарыштық кеңістік», «Галактика», «Жұлдыз», «Ғаламшар», «Комета – құйрықты жұлдыз», «Астероид», «Спутник» ұғымдары, негізгі жұлдыз жүйелері;

Күн және күн жүйесі, ғарыштық кеңістіктің заттық табиғаты;

ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы;

2) «Жер біздің ғаламшарымыз