Қ. Мырзалиев «Қазақ осы» өлеңі

275

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

«Оқушылар сарайы» ММ

«Ән- терме» үйірмесінің жетекшісі

Жылтырова Мейрамгүл Сәрсенқызы

Сабақтың тақырыбы:  Қ. Мырзалиев «Қазақ осы» өлеңі

Мақсаты:

Білімділігі:   Қ.Мырза — Әлінің өмірбаяны мен  шығармашылығы туралы жан-жақты баяндау. «Қазақ осы» өлеңін үйрету

Дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылық ізденіске бағыттау ән айтудағы шеберліктерін арттыру.

Тәрбиелілігі: Ақынның өлеңін тыңдай отырып,өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Музыка аспабы домбыра,магнитафон,кітаптар

Сабақтың барысы:

 I.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу.

Бөлме ауасын тазалау.

Сабаққа назарын аудару

Дауысқа жаттығу жасау.

II.Үй тапсырмасын тексеру

-Сәлеметсіздер ме?

Оқушылар бүгінгі  сабағымыз әдеттегіден өзгеше.Апайлар қатысқалы отыр.Сабағымызды  үй тапсырмасын сұрау арқылы бастаймыз.Өткен сабақта әнші,жырау, термешілерді айтқанбыз.Бірнеше әндерді  таспалардан тыңдадық.Өздеріңе ұнаған ән, термелер туралы,олардың айтылу шеберліктері жайлы сөз болған.Сол тыңдаған әндердің ішінде Қайыптың әні «Жадау көк» әні еді.

-Енді осы ән туралы  толықтырып айтатын болсақ, қз беттерінше әннің  авторы туралы мәлімет іздестіріп танысуға бергенмін.

Қайыптың әндерінің мазмұны қандай?

Қандай әндерін тыңдап көрдіңіз?

«Жадау көк » әнінің мазмұнын ашып айтасыз ба?

Әннің орындалуы ұнады ма?

-Ал,енді дауысымызды шынықтыру үшін әнді төгілте орындап көрелік. (бірнеше қайталау)

Өнер-білім қуған жан ізденумен жетіледі.Сондықтан әрдайым тынымсыз іздену керек.

Актуальдау.

Көптеген ақын,сазгер әншілеріміз әр түрлі тақырыпта әндер,жырлар,жазып жырлаған.Бұл ақын арманына жете алмаған ғашық жандардың асыл сезіміне арнаған болса,басқа да ақындарымыз табиғат әлеміне,патриоттық сезімге,жасөспірімдерге арнаған. Жаңылтпаш, жұмбақ, мысал өлеңдер жазған. Осындай оқырман жандарды тәнті қылған ақынымыз, соның дәлелі бүгінгі сабағымыз Қадыр Мырза — Әлінің «Қазақ осы» өлеңі.

 

III. Жаңа сабақ (әңгіме әдісі бойынша)

Қадір Мырза — Әлі ақын 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымышты кентінде туған. Көп жыодар бойы бірнеше жүлделерге ие болған.

Қадір біздің  дәуіріміздегі әлемдік аренаға шыққан қазақ поэзиясының көкпенегін кеңейтіп, мазмұнын сапаландыруға, көркемдік деңгейін биіктетіп,мәртебесін көтеруге айрықша еңбек сіңірген, «Қазақтың Қадірі» деп танылып, халқы ардақтаған бірегей тұлға, ерекше дарын иесі еді. Қырықтан  аса кітаптары, таңдамалы шығармаларының бес томдығы, 2001жылы 15 томдығы жарық кқрген. Екі жүзге жуық ән мәтіндерін жазған. Ақынның бірнеше пьесасы сахнада қойылған.

Балалар әдебиетін дамытуда да үлкен үлес қосқан, қлеңдері әлемнің кқптеген тілдеріне аударылған. «Асыо әжем», «Тамаша», «Ару қала-Алматы», «Махаббат мұңы», «Қыз Жібек», «Атамекен», тб өлеңдері Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы әнұранының жаңа мәтінін  жазған автордың бірі болды.. Ол 2001жылы  «Тарлан» сыйлығын иеленді. «I дәрежелі Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері. Көптеген композиторлармен қлян қолтық жұмыс жасаған. 22 қаңтарда 76 жасқа толған шағында аса кқрнекті қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадір аға  ауыр науқастан дүние салды.

-Дәптерімізді ашып, өлеңнің сқзін жазамыз. (үн таспадан тыңдату)

-Домбырада ойнау: (оқушы және мұғалім)

— «Хор және вокал» үйірмесінің оқушылары қонақта. Қадыр ақынның  өлеңдерін орындап береді  (Сергіту сәті)

-Міне бүгін біз сабақта Қадыр Мырза Әлі туралы біраз мағлұмат алдық. Енді білімімізді саралап кқрелік.

 

  1. Бекіту сұрақтары

 

1.Ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтыңыз?

  1. Қандай орденнің иегері, атаңыз?
  2. Өлеңдерінен үзінді айта аласыз ба?
  3. Ақынның әндерінен алған әсерлеріңіз бар ма?

 

V.Қорытынды

«Ақынның озық үлгілі туындылары» қазақ әдебиетінің алтан қорын байытқан жаухарлар қатарынан орын алып, болашақта да ұлтымыздың рухани қазынасына айнала бермек.

«Күлетін жерде күлген жөн

Не істеуді дұрыс білген жөн.

Түнеріп тірлік кешкенде,

Жарқылдап қле білген жөн »-деген өлең жолдарымен сабағымды аяқтаймын.

 

VI.Үйге тапсырма

  1. Ақынның өмірбаянымен шығармашылығы.
  2. «Қазақ осы» өлеңінің сөзін жаттау.