Концерт залына саяхат

68

 

Сабақтың тақырыбы: Концерт залына саяхат

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Концерт залымен танысу және концерт залы жайлы оқып білу

Дамытушылық:Ойлау,ақыл ойын арттырып,музыкаға деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: Музыка арқылы сыпайы,онерлі болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: Әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: сурет,домбыра

Сабақтың барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу

                                         ә) Оқушылар тізімін тексеру

                                         б) Сабақтың мақсатын нұсқау

                                         г)Үй тапсырмасын сұрау

 

  1. Жаңа тақырыпты меңгеру: Театр және концерт залына барып көрдіңбе?

Театр мен концерт залдары – қаладағы ең сәулетті ғимараттардың бірі.Егер сен театрға барар болсаң,оған мұхият дайындалуың қажет болады.

  Театрдың өзіне тән бірнеше ережесі бар.

  Бірінші ереже: Кешікпей келу керек.Гардеробқа сырт киіміңді шешіп қоясың.Өйткені театрда сырт киммен жүруге қатаң тыйым салынған.

  Екінші ереже: Өте сыпайы болу керек.Егер театрға уақытынан кешігіп қалсаң,орныңды іздеп,көрерменді мазаламағаның дұрыс болады.Ең дұрысы,бос орындардың біріне немесе балконға жайғасып отырғаның жөн.

  Үшінші ереже: Шулауға болмайды.Театрға кіргенде ұялы телефонды сөндіріп қою қажет.

  Спектакль немесе концерт өтіп жатқанда сусын ішіп,балмұздақ жеуге болмайды.Бұл үлкен әдепсіздік болып саналады.

  Төртінші ереже: Әртістер мен музыканттар сахынадан кеткенше күту керек.Көрермендер қол шапалақтап,алғыстарын білдіреді.Сонан соң залдан шыққан жөн.

Театрға алғаш барған күнің сен үшін ұмытылмастай үлкен мерекеге айналсын!

Музыка тыңдайық: Ж.Бизенің «Кармен»операсынан үзінді.

 

Сабақты қорытындылау: Сұрақ-жауап

-Театр мен концерт залдарына барғанда өзіңді қалай қстауың керек?

-Теартға барудың қандай ережелерін білесің?

-Театрға барып көрдіңбе?

-Қандай театрлар білесің?

 

Үй тапсырмасы:Концерт залына саяхат тақырыбын оқу мазмұнын айту.Қазақстанда қандай театрлар бар ізденіп біліп келу.