Халық әні және опера

103

 

Сабақтың тақырыбы: Халық әні және опера

 

1Опералық музыкаға қызығулышықты тәрбиелеу;

2 Тыңдау мәдениетін тәрбиелеу;

3 Ғасырлау бойы мұра болып келе жатқан халық музыкасын қадірлеуге үйрету;

4 Классикалық музыканы тыңдай білуге дағдыландыру;

5 Халық музыкасы мен кәсіби музыка арасындағы байланысты сезіндіру.

 

Көрнекіліктер: Е.Г. Брусиловский «Қыз Жібек» (видео), Ы:Сандыбайұлы «Гәкку», слайд «әнші-ақындар шығармашылығы»,

«халықтың әнші – композиторларының шығармашылығы»  — презентация

Сабақтың барысы:

 

I Кіріспе: Ақан сері «Қараторғай» (үзінді) — тыңдау

 

1 Не байқадыңдар?

2 Бұл кімнің әні? Композиторы кім?

3 Халық музыкасын жазған қандай композиторларды білеміз?

 

Слайд («әнші- ақындар» )

Тапсырма: Сурет бойынша қандай композиторларды танисыздар?

Слайд «әнші-ақындар шығармашылығы» — көрсету

— Олардың шығармашылығын қайталайық

«Халықтың әнші – композиторларының шығармашылығы»  — презентация көрсету

Слайд «Ы. Сандыбайұлы»

Ы. Сандыбайұлы туралы не білеміз?

«Гәкку» әнін шығу тарихы қандай?

«Гәкку» — тыңдау

 

Қазақ халқы — ән мен жырға бай халық. Батырлар жырымен қатар оқиғалары махаббат тақырыбына құрылған «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»сияқты лиро-эпостық жырлар кең тараған. Көптеген жазушылар мен композиторлар бұл жырларды негізге ала отырып, әдеби-музыкалық шығармалар жазған.

— Е.Г.Брусиловский туралы не білеміз? (слайд)

Композитор Е.Г.Ьрусиловский «Қыз Жібек» жырының негізінде «Қыз Жібек» операсын жазса, оның либреттосын атақты жазушы Ғ.Мүсірепов жазған.

Слайд «Ғ.Мүсірепов»

 

Опера алғаш рет 1934 жылы қойылды. Онда еркіндік аңсап, өзінің шынайы махаббаты үшін күрескен Жібек пен Төлеген бейнесі көрсетіледі. Бұл опера 4 бөлімнен тұрады.

Операдағы Жібек партиясын тұнғыш рет атақты әншіміз Күләш Байсейітова орындады. – (слайд)

 

Қайталау:

— Опера дегеніміз не?

— Операға неден тұрады??

(симфониялық оркестр, жеке әншілер, хор, увертюра)

  • Увертюра – операның алдында ойналатын оркестрлік шығарма.
  • Увертюра – тыңдау (үзінді) видео көрсету – 1 акт
  • Хор?
  • Хор – тыңдау (видео) – үзінді – 2 акт (аралас хор)
  • Ария? Ариозо?
  • Брусиловский қандай халық әнін операға енгізді?
  • Е.Брусиловский операның негізгі әуені, басты ариясы ретіде халық ақыны Ыбырайдың «Гәкку» әні алған.
  • «Гәкку» — тыңдау (видео)
  • 1 Не байқадыңдар?
  • 2 көңіл күйі?3 Қандай байланыс бар?

 

  • Әннен қоңыр қаздың қанқылы естілгендей болады. Жібектің жан дүниесі, сұлулығы, мөлдір махаббаты нәзік сарынды «Гәкку» әнімен берілген.

 

Келесі тыңдайтын әніміз Біржан салдың әні Төлегеннің орындаунда «Алқарай-көк»:

Сүмбіл шаш

Қиылған қас, құралай көз

 

«Алқарай-көк» — тыңдау — видео

 

  • Төлеген өзінің әнінде Жібектің сұлулығына сүйсінеді.
  • Брусиловский Біржан салдың «алқарай көк» әні арқылы Төлегеннің Қыз Жібектің көркіне деген сүйіспеншілігін көрсетеді.
  • Халық әндер:

 

  • Мұхит әДүние-ай» — Жібек

 

  • Біржан «Алқарай –ай көк», «Қос барабан» — Төлеген

 

  • Қ.х.ә. «Аққұм» — Бекежан

 

  • Терме – Шеге – тыңдау – видео

Шеге Жібекке өзінің ризашылығын терме арқылы білдіреді. Бұл жердеде опералық музыкамен халық музыкасымен бірлестігі байқалады.

 

  • Қандай байланыс бар? Халық музыка және опера?

 

Сонымен, Брусиловский Шеге, Төлеген, Жібек сияқты кейіпкерлердің бейнелерін ашу мақсатында халық әндерін қолданған. Халық музыкасының күші осында жатыр. Халық музыкасымен опера тығыз байланыста.

 

  • Қорытынды – Осы сабақты нақыл сөздерімен аяқтауға болады:
  • Слайд «Әрбір халықтын саналы өмір сүруі ұлттық өнерімен танылады. Өнері жоқ халық ұлттық рухын жоғалтады, ал өнерсіз ел болуы мүмкін емес.»

 

  • II — Распевка:

 

  • Әндер орындау

Қорытынды сөздер:  слайд «Шебер өлмес — өнер сөнбес»

 

  • IV Сабақты талдау