«Қош келдің наурыз!»

66

Мухамбеткереева Сауле Амангелдіқызы

БҚО, Орал қаласы, №1 жалпы орта білім беретін мектеп, саз пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Қош келдің наурыз!»

Мақсаты:Оқушыларды ерте кезден келе жатқан халық дәстүрін,мейрамдарын жалғастыруға баулу.

Қазақ халық дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Міндеті:Қазақ халық дәстүрін дамыту.Ойын арқылы халықтың салт-дәстүрлеріне балалардың қызығушылықтарын ояту.

Корнекілік:Сабаққа пайдаланатын плакаттар( композитордың суреті,скрипка кілті,ноталар),слайд,интер-ті тақта,асық,музыкалық аспаптар(сырнай,шаңқобыз).

Жоспар :1)Ұйымдастыру.

2)Үй тапсырмасын тексеру.

3)Жаңа сабақ «Қош келдің Наурыз!»

4)Тыңдау: Құрманғазының   «Сарыарқа» күйі.

5)Дауыс жаттығуы: «Жоғарға міндім ,төменге түстім.»

6)Ән үйрету: «Қош келдің Наурыз!»

7)Ойын ойнау: «Кім күшті.»

8)Үйге тапсырма.

9)Қортынды.

Сабақтың барысы: Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ойналып тұрады ,оқушылар күйді тыңдап сыныпқа кіреді.Мұғалім: Саләматсыңдарма  балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ себебі бізге көп  қонақтар келіп отыр.Кәне барлығымыз орнымыздан тұрып «Сәлем тәжім» би қимылымен амандасады.Ал енді балалар мына тақтаға көңіл аударайық.(тақтада жан-жаққа шашылып тұрған ноталар)Мүғалім: Балалар бұлар не екенін  білеміз бе?Оқүшылар: Ноталар.(деп жауап береді)Мүғалім:Ал бұл ноталар дұрыс тұрма?Оқушылар: Жоқ.(деп жауап береді)Мүғалім:Дұрыс айтасындар балалар,біздер бұл ноталарды дұрыс қалпына әкеліп қоюымыз керек ол үшін мынадай сұрақтарға жауап беруіміз керек.Бұлар сиқырлы ноталар,бәріміз атсалысып  сабаққа түгелдей қатысып отырайық себебі бұл ноталар сиқырлы,сабақ соңында скрипка кілті мен ноталар сіздердің берген жауаптарыңды бағалайды. Мен сендерге ноталарды үлестіріп отырамын.

Сұрақтар:

1)Тілшікті аспап , қобызды асқақ, ерекше үні  бар,

Бұл қандай аспап?(шаңқобыз -деп жауап береді).

2)Шаңқобыз неден жасалады?(темірден)

3)Өткен сабақта шаңқобыз аспабымен орындалған қандай күй тыңдадық?(Сары Алтай)

4) Шаңқобыз туралы  өлең  оқып бер?(оқып береді)

5)Шаңқобыз қандай қандай аспап?(муз-лық аспапап)

6)Шаңқобыз аспабында ойнап бер?(балалар тақтаға шығып ойнап береді) Сұрақтарға жауап беріп болған соң,тақтадағы  ноталар дұрыс қалпына келеді.Ал әрбір нотада әріптер  және айналасында «8», «14», «22» деген сандар тұрады.

Мұғалім:Ал балалар мына ноталар дұрыс қалпына келді,енді мына әріптерден сөз құрап көрейік «Наурыз» деп табады. Ал  бұл сөзге мына сандардың «8», «14», «22»  қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар.

Оқушылар: 8 Наурыз халықаралық әйелдер мейрамы.14Наурыз Көрісу айт мейрамы.( Бүл мейрам туралы мұғалім оқушыларға қосымша түсүнік береді).22 Наурыз  Жыл басы, Жаңа жыл  мейрамы. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қош келдің Наурыз!» Мейрам болған соң барлығымыздың көңіліміз көтерінкі,қуанышты сезімде болады.Ол үшін Құрманғазы атамыздың «Сарыарқа» күйін тыңдап  жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.Оқушылар күй ұнадыма? Күй қандай жылдамдықта орындалды?  Деген сұрақтар қойылып Күй атасы Құрманғазы туралы әңгіме жүргізіледі.

Ассоциация:    Наурыз мейрамы дегенде ойымызға не келеді?

ұлттық тағам                 киіз үй

ойындар        Наурыз       ою-өрнек

домбыра               алтыбақан

Мұғалім: 22 Наурыз мейрамы туралы түсүнік береді.Наурыз Шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы.Қазақ халқы осы күнді «Ұлысты  ұлы күні» деп атап,жаңа жылдың басы деп санаған.Наурыздың 21-нен 22-іне қарағанда күн  мен түн теңеледі деп.Балаларды қызықтырып тақтадан Қызыр бабаның суретін  көрсетіп ол туралы шағын аңыз айтылды.Бұл күні ренжігендерін, бір-біріне өкпелері болса  ұмытып кешіріп бір-бірімен төс қағысып амандасады.Ал кәне біздерде     «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын,

Жасың құтты болсын,Өмір жасың ұзақ болсын.деп тілек айтып төс қағыстырайық.

Мұғалім:Наурыз мейрамында  ұлттық тағамдар жасалады.(слайдта ұлттық тағамдардың түрлері шығады)ал жеті түрлі тағамнан қандай тағам пісіріледі.Оқушылар: Наурыз көже.

Мұғалім: Жеті түрлі тағамдарын атаңдар.(бидай,тары,күріш,жүгері,арпа,сүт,тұз және етті қосып пісіреді.

Ойын: Наурызкөжені ішіп ауылдың жастары ойын ойнайды.Қандай ойын түрлерін білесіңдер?слайдтан ойын түрлері көрсетіледі.(Алтыбақан,Көкпкр,Теңге ату,Арқан тартыс,Асық ойнаут.б)әр қатардан оқушылар шығып «Кім күшті» ойынын ойнайды.

Дауыс жаттығуы: «Жоғарға міндім,төменге түстім.» 1-3 рет қайталайды.

Ән үйрету: «Қош келдің ,Наурыз!» мұғалім бір екі рет орындап әнмен таныстырып орындалу ерекшеліктерін талдап көрсетіп ,әнді үйретеді.

Қортынды:Ал балалар мына дорбада асықтар бар әрбір асықта сұрақтар жазылған сол сұрақтарға жауап беріп нота ие болайық. 1)Наурыз көжеге салынатын жеті тағамды ата?

2)Қазақ халқының  ұлттық ойындарын ата?

3)Ұлттық тағамдарын ата?

4) «Наурыз» сөзі не деген мағынаны білдіреді?

5)Қазақ халқының жаңа жылын ата?т.б сұрақтар.Сабақты қорытып болған соң балалардың жинаған ноталар санына қарап оларды бағалау.Тақтада үш түрлі түсті скрипка  кілттері тұр кім өте көп  нота жинады оларға қызыл скрипка кілті «Өте жақсы» одан аздау жинаған оқушыларға көк скрипка кілті «Жақсы»,ал одан аз жинаған оқушыларға сары скрипка кілті «Орташа» деп барлығыңызды бағалайды.

Үйге тапсырма:1) «Қош келдің, Наурыз!» әнін жаттау.

2) «Наурыз» тақырыбына сурет салып келу.

Сабақ соңында оқушылар орындарынан тұрып «Сәлем тәжім» би қимылымен  «Сау болыңыз!»деп қоштасады.