Сергей Васильевич Рахманиновтың өмірі мен шығармашылығы.

60

Сабақтың тақырыбы: Сергей Васильевич Рахманиновтың өмірі мен шығармашылығы.

Білімдік мақсаты:Оқушыларды С.В. Рахманиновтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Cабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі:Портрет,күйтабақ,плакат

 Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын сұрау:

1.П.И.Чайковскийдің шығармаларын ата

  1. П.И.Ча йковскийдің «Евгений Онегин»операсының негізгі кейіпкерлері
  2. П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин»операсының либреттосын жазған кім?

 

 

Жаңа сабақ барысы:

Сергей Васильевич Рахманинов 1873 ж 20 наурызда Новгород губерниясында дворяндар семьясында дүниеге келді. Рахманинов  семьясы музыканы сүйетін өте жақсы семья еді.Болашақ композитор алғашқы музыкалық білімді 5 жасынан бастап анасынан алады. 1880 жылдың басында Рахманинов   семьясы Петербургке көшіп келеді.1885 ж   Рахманинов  Москва  консерваториясының төменгі класына оқуға түседі. Рахманинов  Зверевтен  фортепиано класында оқиды. Зверев жас музыкантты тек фортеп ианода ғана емес,сонымен бірге  жалпы музыка өнер мәдениетін көтеруге тырысты. Осы кезден бастап жас музыканттың композиторлық қабілеті көріне бастайды,ал фортепиано класымен қатар  Рахманинов Танеевтен контрапункт және фуга,Аренскийден музыкалық шығарма жазу жөнінде білім алады.Бұл кезде Рахманиновтың музыкалық білімі ,орындаушылық қабілеті шыңдалған кез еді. 1891 ж Рахманинов консерваторияның фортепиано класын бітіреді. Рахманинов консерваторияды оқып жүрген кезінде әр түрлі жанрға пьесалар,фортепианолық шығармалар жазады.Күрделі шығармасы 1891 ж Фа-диез-moII-бірінші фортепианолық концерті ерекше орын алды. 1892 ж Рахманинов консерваторияның композиция  бөлімін бітіреді.Мұнда Рахманинов дипломдық жұмысына бір актілі «Алеко»операсын жазады,бұл шығармасы Пушкиннің «Цыгандар»деген поэмасының сюжеті бойынша жазылған.1893 ж Москвадағы үлкен театр сахнасында орындалады.Бұл опера қойылғанда П.И.Чайковский композитордың талантты екеніне баға береді. Бұл опера лирико-психологиялық характерде жазылған және драмалық оқиғаға толы шығарма,негізгі батырлары табиғаттың көрінісімен цыган халқының тұрмыс бейнесін бір-бірімен астасып жатады.1893 ж  «Утес» деген симфониялық фантазия жазады. Рахманинов есімі Москва,Петербург жұртшылығына кең тарай бастайды.Бұл жылдары орындаушылық шеберлігімен көзге түседі.Ол өзінің фортепианолық шығармаларын Москвада,Россияның басқа қалаларында орындайды.1895 ж алғашқы концерттік гастролін бастады.,ол Киевте «Алеко» операсымен  дирижер болып шығады.1897ж дирижерлік қызметі басталады.1899 ж Рахманинов Лондонға гастрольдік сапармен пианист,дирижер және өз шығармаларын орындаушы ретінде барып қайтады.Оның1895ж1-симфониясы,1907ж2-симфониясы,2-,3-фортепианолық концерті және фортепианолық прелюдия мен картиналары,этюдтері композитордың таланттылығының айғағы болады.1904 ж Пушкиннің сюжеті бойынша жазылған  «Франческо де приминий»деген операсын жазады.1907 ж композитор концерттік сапармен шет елдерде болып, Америкада қалып қояды.Отаннан тыс жерде 1926 ж  4 концертін қояды.1934 ж Погодиннің темасы бойынша фортепиано мен оркестр үшін концерттік рапсодия жазады.1936 ж ІІІ –симфониясын,1940 ж симфониялық биін жазады.  Рахманинов искуство тарихында фортепианолық шығармаларының негізін салушы.Оның фортепианолық шығармаларының стиль ерекшеліктері,ұлттық колориті өмірге деген философиясы және фортепиано үндерін жазған көптеген жанрлардың түрлері оның ұлы пианист,жан-жақты дарын екенін білдіреді. Шетелде дирижер, пианист ретінде шетел және совет композиторларының шығармаларын насихаттаушы ретінде танылады.1943 ж Лос Анжелесте қайтыс болады.  Романстары:  «Весенние воды», «Как сине волна», «Здесь хорошо у моего окна».

 

 

Қортындылау:

С. Рахманинов искуство тарихында фортепианолық шығармаларының негізін салушы.Оның фортепианолық шығармаларының стиль ерекшеліктері,ұлттық колориті өмірге деген философиясы және фортепиано үндерін жазған көптеген жанрлардың түрлері оның ұлы пианист,жан-жақты дарын екенін білдіреді.

Бекіту:

1.С.Рахманинов «Алеко»операсын кімнің сюжеті бойынша жазды?

  1. С. Рахманиновтің туған жері?
  2. С. Рахманинов қандай шығармалардың негізін салушы?

4.С. Рахманинов консерваторияның қай бөлімін бітірген?

Білім бағалау.

Үйге тапсырма беру:С.Рахманиновтың өмірі мен шығармашылығы