Бір-біріне допты лақтыру және қағып алу (ара қашықтық 1,5 м)

91

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:  Дене тәрбиесі

Тақырыбы: Бір-біріне допты лақтыру және қағып алу (ара қашықтық 1,5 м)

Мақсаты: Допты бір-біріне бағытын сақтай отырып лақтыру және екі қолмен қағып алуға үйре-

ту.Бір-біріне допты беру және доптың ұшу бағытын қадағалау, допты күтіп алу әдісте-

рін меңгерту. Балалардың дене бұлшықеттерін дамыту.

Әрекет кезеңдері    

 

         Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

 

                  

 

                 Балалардың іс-әрекеті

                                                                     Дәлелдеу-ояту

 

  1. Шаттық шеңбері:

 

— Балалар, қараңдаршы, бізге күн сәу-лесі шуағын шашып тұр. Қане, күнмен амандасайықшы.

 

 

 

Балалар, қараңдаршы, біз бүгін қандай әдемі боп тұрмыз. Біз қандай баламыз?

 

2. Тосын сәт: Қоян келеді, қолында үлкен гимнастикалық доптар бар.

— Балалар, мен сендерді алыстан іздеп келе жатырмын. «Айгөлек» тобының балалары жаттығуды жақсы жасайды, сымбатты деп естідім. Мен де сендер-мен бірге жаттығу жасап үйренейінші. Өзіммен бірге көп доптар алып келдім.

3. Түрлі жүріс түрлерін жүргізу

а)  Біз көңілді баламыз

Жаттығуды жасаймыз,

Денені тік ұстаймыз

ә) Түзу болсын арқамыз,

Өкшемізбен жүреміз.

б) Аяқтың ұшымен де

Жүруді біз білеміз.

в) Жүгіреміз ирек жолмен

Адаспай бір-бірімізден

4. Тыныс алу жаттығуы.

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Қыс мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?

— Боранның дыбысын салайықшы.

 

  1. Балалар жай әуенмен дөңгеленіп кеп тұрады, күнмен амандасады.

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.

Қуанышты бүгін күн,

Қайырлы таң айтатын.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Ақылды біз баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Жаттығу жасап шынығып,

Өсіп үлкен боламыз.

  1. Балалар қоянмен амандасып, оны өз қатарларына қосады.

 

 

 

 

 

 

3. Балалар түрлі жүріс түрлерін жасайды.

 

Жай жүріс

 

Өкшемен жүру.

 

Аяқ ұшымен жүру.

 

Жылан жүрісін салу.

 

 

—          Қыс мезгілі

—          Күн суытады, қар жауады, аяз болады, боран соғады.

—         Балалар, мұрындарымен ауаны жұтып, аузымен «Уууу» деп боранның дыбысын салу арқылы ауаны сыртқа шығарады.

                  Ұйымдастыру, іздену

 

 

 

 

1. Жалпы жетілдіруші жаттығулар

 

а) қолға арналған жаттығу

б) белге арналған жаттығу

в) буынға арналған жаттығу

г) аяққа арналған жаттығу

 

2. Үлкен гимнастикалық доппен жаттығу.  Қоян үйретеді.

а) «Кішкентай қояндар»

б) «Допты тербелтеміз»

 

3. Негізгі жаттығу 

«Допты қағып алу»

 

4. Қимылды ойын: «Күшік»

 

Екі аяққа басын сұғып,

Жалбыр күшік жатыр сұлық.

Оятайық жақындап барайық та,

Қайтер екен, содан соң қарайық та.

Балалар үш қатарға тұрады. Доппен  дене мүшелеріне арналған жаттығулар орындайды.

Жалқаулықты тастаймыз

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің

Жаттығуды бстаймыз.

 

Балалар үлкен гимнастикалық доптарға отырып, Қоянның нұсқауы бойынша жаттығулар жасайды.

 

 

Балалар арақашықтығы 1,5 метрден тұрып, бір-біріне допты лақтырып, қағып алады.

 

 

Балалар қоянмен бірге ойнайды.

Бірінші қоян «күшік» болып, допты қуады. Балалар допты қоянға бермей бір-біріне лақтырады. Балалар бірінен-кейін бірі күшік болып ойнайды.

 

      Рефлексивті   

            түзету

 

 

 

 

1. Тыныс алу жаттығуы

 

 

2.  Қоянмен қоштасу.

 

3.  «Қоштасу шеңбері»

 

Балалар қолдарын жоғары көтеріп, қайта түсіру арқылы тыныс алу жаттығуын орындайды.

Қоянмен қоштасады.

 

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.

 

Күтілетін нәтижелер:

Біледі:  Доппен жаттығу орындауды

 

Игереді:  Гимнастикалық допта отырып, жаттығу жасауды

 

Меңгереді:  Допты бір-біріне лақтырып, қағып алуды