«Жас бүлдіршіндер-ел болашағының ертеңгі кілті»

30

«Жас бүлдіршіндер-ел болашағының ертеңгі кілті»

Жас ұрпақты өз халқының тегін білу, ата-бабамыздың салт-дәстүрін бойына ендіру, оны жалғастырушы болып өсуіне бала бақшамен ата-ананың арасындағы байланыстың маңызы зор. Осындай игілікті істердің бірі-№28 «Алпамыс»  санаториялық бала-бақшасында ата-аналар мен бала-бақша арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Балдырған» тобында «Бүгін бізде туған күн» атты ертеңгілік өтіп, оның барысында әдеп, би, ертегі, кейіпкерлері сайыстары ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, аспазшы Э.Абдукаримованың дайындаған, қазақтың ұлттық тағамдары, И.Мұстиярованың сомдаған «Қаңбақ шал» ертегісі С.Абутрапова  мен А.Алиханованың «Қарақшылыр» биі, Б.Оспанованың «Қара жорға» биі адам бойындағы мейрімділік пен ұлттық ерекшеліктерді таныта білсе, жас тәрбиешілер Б.Омарова мен Г.Төлегеновалар сиқыршылық өнерімен өз жүректерінен шыққан өлеңдерімен тындармандарды таң қалдырды. Ата –аналар Л. Абдрахманова, Б.Кембилова балалармен бірге ертеңгіліктің көркемде қызықты өтуіне ат салыса білді. Ертеңгілікті бала-бақша меңгерушісі С.Доспаева қортындылай келе «Тәрбиешілердің бұл жетістігі-үздіксіз іздену мен тынымсыз еңбектің арқасы» деген пікірін жеткізді.