Баланың логикалық ойлауын дамыту.

66

 

Ұйымдастырылған іс-әрекет түрі: қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру,қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту.

Сабақтың тақырыбы: Баланың логикалық ойлауын дамыту.

Сабақтың мақсаты: Балаларды кеңістік қатынастарымен (оң-сол, астында-үстінде, арасында) таныстыру,балаларды заттың көлеміне қарай салыстыруға үйрету(жоғары-төмен, ұзын-қысқа).

Логикалық ойлауларын жетілдіру, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекілік құралдары: өзен, биік қарағай мен аласа шыршаның суреттері, қоян, тиін, кірпі, екі шымшық.

Үлестірмелі материалдары: түрлі-түсті карандаштар, жұмыс дәптері.

Алдын- ала бала санына қарай үлестірмелі материал (жұмыс дәптері) жасалады, онда  үш қыздың бейнесі бейнеленген аласа, ұзын, ең аласа  және үйлер осы өлшемде.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету,сұрақ-жауап, түсіндіру.

Мотивациялық қозғаушы.

Шаттық шеңбері.

Ал балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ шытқан не керек,

Көңілді болып жүрейік.

Жарайсыңдар, балалар, бүгін сендер өте мейірімді, жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұрғандай әсемсіңдер.

Орнымызға жайғасып отырайық.

Балалар шаттық шеңберде сергіту жаттығуын жасайды.

Ұйымдастырушы-ізденімпаздық кезеңі.

Тәрбиеші: балалар, ертеде байдың үш қызы болыпты. Үлкені Айнұр-ең ұзыны ортада, ортаңшысы Айгүл- аласа бойлы оң жақта, кішкентайы Айжан- ең тапалы сол жақта.

  • Ең ұзын қыздың аты кім ? ( Айнұр)
  • Айгүлден қысқа қыздың аты кім? (Айжан)

Дәптермен жұмыс.

  • Әр қыздың қай үйде тұратындығын ойлап тауып, олардың үйлеріне жол салыңдар.
  • Биік үй қай жақта ?(оң жақта)
  • Одан аласа үй қай жақта?( ортада)
  • Ең тапал үй қай жақта? (сол жақта)

Бір күні қыздар орманға жидек тере барыпты. Орманға барар жолда өзенге тап болады қыздар.Өзен жағасында екі ағаш өсіп тұр екен, оның аласасы шырша екен де, биігі қарағай екен.

Суреті тақтаға ілінеді.

  • шыршы қай жерде жерде өсіп тұр? (өзен жағасында)
  • Қарағай ше? (шыршаның қасында)

Орманда қыздар нені кезіктіргенін жұмбақ шешу арқылы табыңдар.

Үсті толы инелер,

Бірақ та іс тігіп,

Қадамайды түймені.(Кірпі)

Бұтақтарға секіріп,

Әр жерден қылт етеді.

Кейде жаңғақ кеміріп,

Жоғары өрлеп кетеді.( Ақтиін)

Қорыққанда жел аяқ,

Отырғанда томардай-ақ. (Қоян)

Тәрбиеші аңның немесе құстың тұрған жерін айтады, ал балалар тақтаға оны іледі.

  • Қоян шырша жанында отыр.
  • Ақтиін қарағайдың басында отыр.
  • Шымшық шырша үстінде ұшып жүр.
  • Кірпі қарағай түбіне қарай келе жатыр.
  • Ақтиін төмен түсті.
  • Шымшық шыршаға қонды.

Сергіту сәті «Алыптар мен ергежейлілер»

Бұл орманда алыптар (балалар қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарының ұшымен жүреді) мен ергежейлілер( балалар жүрелеп отырады) өмір сүріпті.Содан соң қимылдарды тәрбиешінің айтуымен жылдам -жай жасайды.

Дәптермен жұмыс.

Қыздар орманда ұзақ серуендеп, себеттерін жидектерге толтырып қайтты.

Жолда демалып Айгүл себетін биік түбірге, Айнұр бір саты төмен түбірге, ал Айжан одан да аласа түбірге қойды.Қыздар бір сәт сергу үшін ойын ойнады,ойнап жүріп себеттерін қойған түбірлерден адасып қалды.

Балалар, қыздарға өз себеттеріне апарар жолды көрсетейік.

Қыздарды өз себетімен сызық арқылы қос.

Рефлекциялық, коррекциялаушы.

Балалар, біз байдың үш қызымен орманға саяхат жасадық.

Орманда шырша, қарағай ағаштарын, құстар мен аңдарды көрдік және қыздарға үйлеріне апарар жолды және жидек толы себеттерін тауып бердік.

Көп жақсы істер жасадық, енді осы жақсы істерімізді ғажайып сөздермен толықтырайық.

Сүйейік, табиғатты аялайық!

Біз де онан жақсылықты аямайық!

Анадай табиғаттың аясында.

Жадырап дем алайық!

Күтілетін нәтиже:

Біледі:қарапайым математикалық ұғымдарды.

Меңгерді: жоғары- төмен, биік-аласа, оң-сол жақ.

Игерді: кеңістікті бағдарлауды.

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Тауық пен балапан

Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағұлмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, дидактикалық ойын.