«Ойыншықтарды қимаймыз- бөбектерге сыйлаймыз» Мектепалды даярлық тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

65

 

«Ойыншықтарды қимаймыз-бөбектерге сыйлаймыз»

Мектепалды даярлық тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

Зал әсем шарлармен, ойыншықтарман және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.

Гимн: «Әнұран» орындалады.

Тәрбиеші: Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.

Мектепалды даярлык тобының

«Ойыншықтарды қимаймыз-

   бөбектерге сыйлаймыз» (хормен) атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Тәрбиеші:

Өтті қызық, көп күндер,                           Өсті ақыл ойларың,

Алты жасқа жеттіңдер,                             Өсті міне бойларың

Барасыңдар мектепке                                Қуанышқа ортақпын,

Бір белестен өттіңдер.                               Құтты болсын тойларың.

Ақерке:                                                            Нұрдәурен:

Құрметті қонақтар, армысыздар               Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Бәріңіз де есен-сау бармысыздар,                  Қоштасатын кешімізді бастайық

Таусылмастай ағытып ой-арманның,         Жүздеріңнен көрем шаттық арайың

Ал достарым, қысылмастан сөйлегін.       Болсын солай әр бір күнің, айың.

 

Хор: «Біздің балабақшамыз»

Би: Үнді биі «Зуби-зуби»

 

Мая:                                                                  Дәурен:

Бұл қуаныш себебін,                                       Балабақша бесігім

Бізге қарап ұғыңдар,                                       Тағы бір той жасайық!

Ер жетті деп бөбегім                                       Ашып мектеп есігін

Туған Отан қуансын,                                    Өзіңмен қоштасайық!

Туған дала қуансын.

Ұлан:

Қуанамыз, сыйлаймыз.                                     Ботақандай бөбек деп,

Қуаныштың мың гүлін.                                 Еркелеткен ұл-қызын

Бақшамызбен қимай біз                                Анамызды ерекше

Қоштасатын күн бүгін,                                 Қуантамыз біз бүгін.

Ажар:                                                                     Ернұр:

Талай қызық той өткіздік,                                    Үлкендердей тап- таза

Бірақ орны ерекше,                                              Жазамыз бормен тақтаға,

Балабақшамызбен қоштасатын.                       Үлгілі бала боламыз.

Бүгінгі той ерекше.                                              Жүретіндей мақтана.

Хор: «Біз мектепке барамыз»

Ойын: «Қармақ салу»

Айдос:                                                                     Иманмәди:

Бақша біздің панамыз,                                          Тәрбие берген ұямыз,

Мектеп біздің анамыз,                                          Тәртіпті бала боламыз.

Ұлағатты ұстаздан,                                                Қоштасып балабақшамен

Оқып білім аламыз.                                               Біріншіге барамыз.

Нұрбол:

Ана тілін ардақтап,                                                Сүйген өз қыз, өз ұлын

Ата салтын біз көрдік.                                           Бөбегім деп аянбай

Сурет салып ән жазып                                           Балабақшам өз үйім

Оқып жазып үйрендік.                                           Апай болды анамдай.

Хор: «Біріншіге  барамыз»

Күлкілі би: «Жалқаубек»

Тәрбиеші:

Айналайын балалар

Алда мектеп ана бар

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар даналар.

Жеке ән: «Бүлдіршіндер әні» (Нұрбол, Ақерке, Нұрдәурен)

(Бүлдірген кіреді)

Тәрбиеші: -Сенің есімің кім?

Бүлдірген:

Менің атым Бүлдірген,

Айналамды бүлдіргем

Атам менен Әжемді,

Қыран топан күлдірем.

Тәрбиеші:-А,а Бүлдірген, сен қайдан тап болдың бізге. Ту шырқымызды бұздың-ау. Мына балаларға сен жаман әдеттеріңді көрсетуге келдіңбе? Бұл балалар өте тәртіпті, өйкені бұлар балабақшада өте жақсы тәрбиеленген. Сондықтан сен ешнәрсе бүлдірмей тұрғанда бұл жерден кеткенің дұрыс шығар.

Бүлдірген: Жоқ, жоқ кетпеймін, мен мына жерде көп жақсы нәрселер бар екен, бүлдіремін бәрін.

(Білім ханшайымы келеді. Балалармен амандасады)

Білім ханшайымы:- мен жер шарын аралап келе жатқан білім ханшайымымын. Балалар, сендер осы балабақшадан жақсы тәрбие алдыңдар. Сондықтан мен сендердің білімдеріңді тексеруге келдім. Мен сендерге достарыңмен таныстырамын. Күнделік, математика,әліппе. (үшеуі кіреді).

Залға сандар таласып, бірін-бірі итерісіп: -Мен бірінші. – Жоқ, мен біріншімін. Өйкені мені күнделік жақсы көреді- деп кіреді.

Тәрбиеші:-Сендерге не болған? Бір –бірлеріңді итеріп.

  • саны: (күнделікке барып)

-Достарым мені «Бір» дейді,

Қарайды да «бү» дейді.

Мұқтажбын қол аяққа,

Ұқсап тұрмын таяққа.

Күнделік маған есігіңді айқара ашшы, мен сенімен дос болғым келеді.

Күнделік: Мынау «бір» ме! Жоқ, жоқ менде саған мүлде орын жоқ.

Бірлік баға алмаңдар,

Ұятты болып қалмаңдар.

2-саны:- Мен екімін балалар

Екі қанат қазда бар

Қағады шапшаң ұшқанда

Құс сияқты адамдар. – Қазір көресіңдер, күнделік маған ғана есігін ашады. Мені жақсы көреді.

Күнделік:-Жоқ, жоқ атай көрме екілік есігімді қақпа. Мен саған ашпаймын.

Жаңғалақтың, жалқаудың,

Алаңғасар аңқаудың

Алатыны екілік,

Басын шайқап, өкініп.

3-саны:- Мен ғой үштің таңбасы,

Зейін қойып тыңдашы.

Екі қисық қосылған,

Үш жазылған осыдан.     (күнделіктің есігін қағады)

Күнделік: -Мынау үш пе? Жоқ сенімен де дос болғым келмейді.

Білімі артық екіден

Аздығына өкінем

Шідерлі аттай тұсалып

Біреулер жүр үш алып.

3-саны:- Өй, менімен де дос болғысы келмейді. (басы салбырап ренжеп қалады)

4-саны:- Достар мені «төрт» дейді.

Беске бірім жетпейді.

Бірақ үшке ағамын.

Жақсысымын бағаның.    –Күнделік маған есігіңді ашшы, мен төрттік бағамын. Мені балалар жақсы көреді.

Күнделік: -Охо! Сені күттім.  Кел төрге шық, төрлет.

Оқуға дос барғанда

Риза сені алғанға.

Қуанады анасы,

Төрт алғанда баласы.

5-саны:- Әр колда бес-бестен,

Шықпас тегін ол еппен.

Біліп соның шамасын

Мысал ойлап табасың.

Бір мен екі алмаңдар!

Үшке алданып қалмаңдар!

Кілең төрттік алғандар

Мені  ғана армандар.

Күнделік:— Бәрекелді, бәрекелді «бес» келді! Төрлет, төр сенікі. Сенімен айрылмастай доспын.

1,2,3, сандары:- енді біз қайда барамыз, керексізболып қалдық па?

Математика:- мен математикамын, менің ішім толған сандар мен есептер, сендер ешқайда кетпеңдер! Сендер менің достарымсыңдар. Келіңдер, бөгелмеңдер.

-Мен енді мына балаларға түрлі есептер берейін:  1. Атам, әжем, аға мен әкем, інім және мен, анам және енесі, енесінің бөлесі, отыр едік шай ішіп, жеңешем келді майысып. Неше адам болдық? (10 адам)

  1. 2. Дүкеннен анам төртбұрышты екі доп алып келді. Біреуін ініме берді, нешеуі қалды? (төртбұрышты доп болмайды)
  2. Енді кім санамақ біледі? (Санамақтар айту)

Математика:— Жарайсыңдар балалар! Өте тамаша! Мен сендерге ризамын.

(Осыдан кейін әріптер таласып кіреді)

Әліппе: -Даурығып, шуласып жатқан менің достарым ба? Бос даурықпаңдар! Саламатсыздар ма? Мен сендерге нағыз дос болуға келдім.

Жарым ырыс- жақсы сөз,

Жаман ырым- жаман сөз, -дейді халық нақылы.

Ал сөздерді құрайтын

Өздеріңсіз әріптер.

Міне осындай әйбат сөз

Қайсы әріпте көп екен?

Кел соларды жинап тез

Танысалық әріппен.

(Әріптер бірінен соң бірі шығып сөйлейді.)

Әліппе:-Енді мен сендерге тапсырма берейін.

1.Әріп тастамақ. «О», «М», «С» әрпінен, «сөз ойла, тез ойла» сөйлем шығарыңдар?

(Ата –аналармен де ойналады)

2.Кім есімін тез жазады?

Әліппе:-Жақсы, сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.

Білім ханшайымы:- бәрекелді, балалар жарайсыңдар! Сендер мектепке баруға  әзірсіңдер. Жолдарың болсын!

Ойын: «Кім мектепке тез жиналады?»

Би: «Түрік биі»

Тәрбиеші:- Енді осы әп-әдемі бүлдіршіндердің осындай дәрежеге жетуіне барлық балабақша қызметкерлері көп еңбек етті. Енді сол еңбекті елейтін, ескеретін, алғыс айтатын күн жетті. Балалардың өздері лебіздерін білдіреді.

Хор : «Ойыншықтар»

(Ойыншықпен қошщтасу)

Хор: «Қош бол балабақшамыз»

Қорытынды:

Балабақша меңгерушісіне құттықтау сөз беру.

Ата-аналарға сөз беру.