«достық» сөзі

Мақсаты: Б.Балаларға  «достық» сөзінің  мәнін  түсіндіру.

Д. Зейінін, есте   сақтау, ойлау, сөйлеу  қабілеттерін   дамыту.
Эмоцианальдық   көңілдерін  көтеру.

Т.Көп  ұлтты  Қазақстанды құрметтеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Барысы:  Қайырымды  жандар  айнала,

Шеңберге   келсін  айнала.

Жалықпастан  қайта  біз,

Достық   сөзін  айтамыз.

Бақыттымыз  осы  біз,

қасымызда   досымыз!

«Достық»  туралы  әңгімені  сахналау.

Қатысушылар: құмырсқа, көбелек, ара, торғай, қарға.

Ән:   Дос  болайық бәріміз.

Жүргізуші:  Бәріміздің  кеудемізде  бір үміт,

Біз  сол  үшін  айқасамыз  бірігіп,

Жүрегіміз  бір  соғады қашанда,

Жүрсекте  біз  неше  түрлі  киініп.

Би:  Қара жорға

Тақпақ:  Монғол, дүнген, ұйғыр,

Армян, тәжік, грузин.

Орыс  пенен  украин

Терезесі  тең  жатыр.

Жүргізуші: Сәбилердің  зәресін  бұлт  алмасын,

Гүл-бәйшешек   еш  уақытта  солмасын,

Ақ  көгершін  аспанымда  қалықтап,

Барлық  халық  бейбіт  күнді  қолдасын.

Ән:  Ақкөгершін

Жүргізуші:  Ал  балалар   достық  туралы  мақал-мәтелдер  айтайық.

Досыңды  бір  алдасаң,

Өзіңді  мың алдағаның.

Жүз  сомың  болғанша,  жүз  досың  болсын.

Жаман  достан, қисық  таяқ артық.

Дұшпан  күлдіріп  айтады,

Дос  жылатып  айтады.

Тақпақ: Достар  болса  достық  атын  ақтаған,

Алыс   жолда- жақын  жол.

Қара  бала,   сары бала, ақ бала

Туыстардай  тату  бол!

Ойын:  «Досыңды  тап»

Тақпақ: Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәрімізде   баламыз,

Бір  Отанда  тұрамыз,

Бір  мектепке   барамыз.

Би:  Паппурий (  өзбек,  грузин, қазақ, орыс)

Жүргізуші: Сәбилердің   зәресін  бұлт  алмасын,

Айнала  көңіл  жүректі  кір  шалмасын.

Қыран  құстар  даласына  еркелеп,

Аспанымда  қалықтаудан  талмасын.

Тақпақ: Отанды  әркім анасында

Қастерлейді,  бағалап,

Өйткені,  Отан  баласындай

Бізді  өсірер  бағалап.

Отан  деген-атамекен,

Отан  деген-туған  жер.

Отан-ана, Отан- үлкен

Қазақстан –туған ел!

Хор: «Отан»

Би:  Достық  биі

Достарға  жақсы  тілек  айтайық.   Ұлттар  достығы  жасай  берсін!